Жай акция Артықшылығы бар акция


Slide 1

Артықшылығы бар акциялар

Альмира Абишева

Slide 2

Акция

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.

Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады. Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.

Slide 3

АҚ пайдасының бөліну реті

АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі - акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді. Әдетте АҚ, резервтер немесе «заемдық резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақтал-ған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивидент-терді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмеңдеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады.

Slide 4

Рендиттің есептелуі

Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акциясы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияньщ номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негіңде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады.

Табыстың нақты деңгейі (рендит) мына формула бойынша есептеледі: Дивидент Рендит = 100. Сатып алу бағасы

Slide 5

Жай акция

Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырлған акционерлік құқық негізінде акционерлік коғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді. Жай акция иелері олар бойынша табыстарды шаруашылық қызмет нәтижесіне және берілген есептік жыл нәтижесі бойынша дивидендтерді төлеуге жіберілген таза пайда сомасы туралы акционерлер жиналысының шешіміне байланысты алады.

Артықшылығы бар акция

Тек белгіленген жарғылық капиталдың 10%-дан астам емес мөлшерде шығаруға болады. Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы, олар бойынша дивидендтер олардың номиналды құнына пайыздармен белгіленген мөлшердер төмен емес мөлшерде төленеді. Иелері акционерлер жиналысында дауыс құқығына ие емес.

Slide 6

Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ олар дивиденттің өсуіне жол бермейді. Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы бағам бойынша акцияларды сату арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды. Артықшылғы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға 10% дегейінен асқан жай акциялардың дивидентінің әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар бойынша 0, 5%-дан дивиденттің ең жоғары деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылғы, ол акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін Акша, несие, банктер бөлісуде артықшылық құқтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады. Жай акцияны өтеуден бұрын артықшылығы бар акциялар иелеріне, олардың номиналдық құнынан жоғары шамадағы сома төленеді немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша өтеледі. Сонымен қатар, артықшылғы бар акцияны иеленушілер үшін АҚ жойылуы барысында орын алатын жағымсыз жақтары да бар. Акционерлік қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті заңды түрде құрылған жасырын резевтері болады, соның нәтижесінде жай акциялардың бағамы олардың номиналдық құнынан біршама жоғары мөлшерде өтеледі.

Slide 7

Kase

Стандарт категориялы 78 акция, оның 12 артықшылығы бар акциялар. Премиум категориялы бір артықшылығы бар акция

Slide 8

Премиум категориялы артықшылығы бар жалғыз акция ұсынушысы

Slide 9 Slide 10

Артықшылығы бар акция

Жай акция

Slide 11

Артықшылығы бар акция бойынша дивидендттер

Жай акция бойынша дивидендттер

Slide 12

Артықшылығы бар акция бойынша дивидендттер

Жай акция бойынша дивидендттер

Slide 13 Slide 14 Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар портфелі
ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ АКЦИЯЛАРДАН
Бағалы қағаздың атауы
АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар
Кәсіпкерлік және оның түрлері
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы туралы
Акционерлік қоғам
Бағалы қағаздардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz