Әлемдік қаржы орталықтары
Презентация қосу
Әлемдік
қаржы
орталықтары
Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі
халықаралық капитал шоғырланған және түрлі
халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда
жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса
маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту;
дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар
санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір
операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы.
Орталық инфрақұрылымының негізін әдетте қор
құндылықтарымен операциялар жасайтын аса ірі
биржалармен тығыз байланысқан ұлттық және
ұлтаралық банкілер құрайды. Ірі брокерлік кеңселер мен
түрлі инвестициялық қорлар да айтарлықтай рөл
атқарады. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы
ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік
қаржы орталықтарының негізгі операторлары – көп
ұлттық ірі банкілер – Лондонда, Токиода, Нью Йоркте,
Парижде, Цюрихте, Майндағы Франкфуртта,
Люксембургте, Сингапурда, Сянганда шоғырланған.
Сингапур – қала—мемлекет, арал—мемлекет. Сонымен қатар ол
Азиядағы ғана емес, әлемдегі аса ірі қаржылық орталыгы
Бізді қаржы саласы
қызықтырғандықтан әрі
Сингапурдың мықты қаржы
орталығы екенін ескерсек,
Сингапур ғажайыбын қаржы
саласының тұрғысынан
қарастырайық.
Бүгінде Сингапурдағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 12
пайыздық үлесін қаржы саласы қамтамасыз етеді.
Елде 200 мыңнан астам қаржы саласының
мамандары жұмыс істейді, оның басым бөлігі
шетелдіктер, демек, қаржы саласындағы мықты
мамандарды өзіне тарта білген. Құны 1 трлн АҚШ
долларынан асатын активтерді басқаратын 500
басқарушы компания мен аса ірі 190 сақтандырушы
компаниясына ел өз есігін ашқан.
Сингапур қаржы саласының
майталмандарынан «Сингапурдың қаржы
хабына айналғанына не түрткі болды,
қандай да бір қозғаушы күш болуы тиіс
қой?» деп сұраймыз. Мәселен, «Астана»
Халықаралық қаржы орталығын құруға
елдің экономикасын әртараптандыруға
деген ұмтылыс себеп болды. Әрі
аймақтағы ағылшын құқығы негізінде
жұмыс істейтін бірегей орталық екендігі
де болашақ хаб болуының алғышарты:
Еуразия аймағында әлі ондай орталық
құрылған жоқ.
Сингапурлықтардың жауабы сыпайы. «Бұл –
табиғи факторлардың әсері, орналасқан аумағы
ұтымды, қаржылық хабқа айналмай тұрып-ақ,
сауда орталығы болған жер», – дейді Дональд Лоу,
Ли Куан Ю мектебінің профессоры, Сингапурдың
қаржы билігінде біраз жыл қызмет атқарған
азамат. «Сонымен қатар, әрине, мемлекет өзінің
бәсекеге қабілетті артықшылықтарын пайдалана
білді», – деп қосып қояды. Мәселен, Сингапур Қор
биржасы – әлемдегі ең мықты қор биржаларының
бірі. Елдің уақыт белдеуі оның сәтті қаржы
орталығы болуына ықпал еткен. АҚШ қор
биржалары жабылып жатқан сәтте, ал Еуропа
қаржы нарықтары әлі ашылмай отырған сәтті
Сингапур өзінің орнын белгілейді.
Сингапурдың қаржылық орталық болуына әсер
еткен табиғи, өзіндік себептер. Географиялық
жағдайы да табиғи сауда орталығы атануына
қолайлы. Қаржы орталығын құруға ұтымды
алғышарттары болған. Бірақ бұл арада назар
аударатын жайт: егер мәселе тек географиялық
жағдайымен шектелсе, онда көршілерінің де осы
мүмкіндікті пайдалануына әбден болар еді ғой.
Бірақ, Азияның негізгі қаржы орталығы – Сингапур.
Дәл сол аймақтағы дамушы елдердің арасындағы
(аймақтағы Австралияны есепке алмаймыз)
дамыған ел тек ғана – Сингапур. ЖІӨ адам басына
шаққанда 50 мың АҚШ долларынан асады. Тіпті
АҚШ, Еуропа елдерінен бір адым алда тұр. Ал
көршілеріндегі бұл көрсеткіш 10-12 мың АҚШ
доллары аралығында.
Тәуелсіздік алған 60-жылдардан кезінен бері ЖІӨ тек ғана
өсімді көрсетіп келеді, ал көршілес, ресурстары да
мүмкіндіктері де, аумағы да мол мемлекеттер ондай өсімге
ие болмаған. Сингапур экономикалық қауымдастығының
вице-президенті, профессор Йео Лам Кионг сыпайы ғана
«Сингапур – сәтті ел» деп айтады. Алайда бұл қарапайым
сөздің сыртында елдің экономикалық билігінің орасан
еңбегі тұр. Мемлекет құрушылар ел тәуелсіздігін алған
бетте арал артықшылықтарының қандай екендігін біліп
қана қоймай, соған басты назар аударып, әрі қарай
дамытуға ықылас қойған. Демек, мемлекеттің пайда
болуынан бастап-ақ, негізін құраушылар оны таза бизнес-
план жүйесі бойынша қалыптастырған. Яғни қаржы
саласын негізгі артықшылықтарының бірі екенін түйсінген
бетте осы бағыттағы маңызды қадамдарын жасап
бастаған. Сингапурдың Ұлттық банкінің, қадағалаушы
реттеушінің және қаржы орталығының функциялары бір
орган – ақша-несие басқармасының қарамағында.
Сингапур жылдар бойы қаржы саласын өте қатаң тәртіп
аясында ұстап келген. Тәуекел мен қатердің алдын алу
жүйесін өте мықты қалыптастырған. Сингапур қаржы
саласының мүшесі атануға ниет танытқан қаржы
институттары сүзгіден өтікізілетін болған. Шетелдің кей
алпауыт банктері қаншама қаржылық орталықтарында
сәтті жұміс істегенімен, Сингапур қаржы билігінен лицензия
ала алмаған мысалдары баршылық. Демек, бұл арада
қаржылық тәртіп алдыңғы орынға қойылған. Соңғы 50
жылда әлем қанша қаржы дағдарыстарын бастан өткерсе
де, Сингапурға олардың ешқайсысы анау айтқандай әсер
етпеген. Тіпті «Азия жолбарыстарының» қарқынын тежеген
1998 жылғы дағдарыс, 2008 жылғы әлемдік дағдарыс,
қазіргі созылыңқы дағдарыс – бұлардың Сингапурға әсері
титімдей. Сингапурлықтар, бірақ әлемдік
технологиялардың барынша тез дамитынын, әлемдік қаржы
институттарының да бір орында тұрып қалмайтынын
ескеріп, соңғы жылдары қаржы саласына либерализация
жасау жолында.
Халықаралық қаржы мәселелеріне маманданған экономика
профессоры Рамкишен Раджан – қаржының ағыны, несиенің
дүмпуі және қаржылық реттеушінің барынша жұмсақ
позициясын дағдарыстың негізгі хабаршылары деп атайды.
2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде осы үш хабаршының
да ақпараттандыру бойынша біздің аймақтағы өз рөлдерін
өте жақсы атқарғаны белгілі. Ли Куан мектебі деканы
Кишор Махбубани Сингапурдың қарқынды дамуының
құпиясын үш сөзге біріктіріпті: Меритократия, прагматизм
және адалдық. Сингапур экономикалық даму агенттігі
(Сингапурдың жоспарлау мен стратегияларын іске асыру
жөніндегі Үкіметтің органы, жаһандық бизнес-орталық
ретінде елдің позициясын нығайтуға арналған
ведомствосы) төрағасы Бе Суан Джин ел тәжірибесінің сәтті
болуын «биліктің Сингапурды өмір сүруге қолайлы мемлекет
етуге» деген талпынысымен байланыстырады. Жақсы
жұмыс орындарын құру, оның Сингапур экономикасының
артуына серпін беретіндей болуын қамтамасыз ету де сол
рецептінің ішінде.
Сингапурдың жетістігі сол – әлемдегі ең
мықты деген жетістіктерді өз
экономикасына бейімдейді. Әр идеяның,
техниканың, әдістің Сингапурға
шаққандағы әсерінің қандай болатынын
зерттеп, оны енгізумен айналысады,
демек, енгізілген шешімдері –
эксперимент емес, әбден сүзгіден
өткізілген, ақылды шешімдер. Болуы
мүмкін қателіктерді алдын ала зерттеп,
содан басын аулақ салуы да сингапурлық
ноу-хау.
Қысқаша қорытындылағанда, Сингапурдың
сәттілігіне – оның табиғи, географиялық
жағдайы ғана емес, сонымен қатар билігінің
ел мүмкіндіктерін барынша пайдалануы,
жоқтан бар жасауға деген ұмтылысы, адами
капиталға мол көңіл бөлуі, кез келген
идеяны мемлекеттің дамуына сай
пайдалануы, ең маңыздысы, мемлекеттің
мықты болуына деген жанашырлығы мен
жанқияр еңбегі әсер еткен. Бұл жаңадан
құрылған мемлекеттер үшін ғана емес,
қандай да бір істі бастайтын сала үшін аса
қажет-ақ рецепттер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz