Халық тарих толқынында бағдарламасы



Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің қазақ ұлтының тарихи сахнасының қалыптасуындағы орны.
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы

Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді.
Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес екенін аңғарту.

Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді.
Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н. Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тарихи зерттеулерге арналған «Тарих толқынындағы халық» атты мемлекеттік бағдарламасы жасалды.
Бұл бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдістеме мен әдіснама арқасында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау, қазақ ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Сондай-ақ Қазақстанның жаңа тарихының отыз жылының мәнін пайымдау.

Бір жарым мың жылдық тарихты түгендеу жұмысы басталды. Ғылыми-теориялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, қазақ халқының, қазақ мемлекетінің қалыптасу этногенезінің нақты бейнесі жасалуы тиіс болды.
Қазіргі таңда ұлт тарихын зерделеу бағытында атқарылатын жұмыстар санатында ең әуелі ұлттық тарихтың қоғамдық ғылымдар ішінде негізгі байланыстырушы ролін арттыру керек. Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамын жасау, ұлттық тарихтың бүгінгі әлемдегі орнын көрсету де өзекті.

Тарихымызда қайшылық көп. Бір-бірін терістейтін, жоққа шығаратын деректер бар.
Шындығында, тарихты бұрмалауға деген талпыныс кешегі күнге дейін жалғасып келеді.
Бірақ тарих ғылымы қанша бұрмаланса да, қазақ ұлтының тарихи жадысы өшкен жоқ.
Мемлекеттік хатшының: «Тарихқа арқа сүйемесек, болашақ - бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу, жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы» деуінің жаны бар.

Тарихтағы ақтаңдақтарды жою үшін, ұлттық тарихты зерделеу үшін әлі талай шаруа атқарылуы тиіс.
Ұлттық этногенез туралы түсінік әлі бұлдыр. Бұған дейін тек бес ғасырды қамтитын тарихымызды енді біздің заманымыздағы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бері сақбақтастыра желі тартып, байыта түсу үшін бұлтартпас тарихи деректер мен ғылыми-әдістемелік жүйе қажет. Қазақ ұлтын құраған тайпалардың қалыптасу кезеңі он бесінші ғасырдан ертерек екені бүгінде дау туғызбайды. Бірақ ұлт этногенезі мыңдаған жылдар бойы қалыптасқанымен, түбегейлі зертелген жоқ. Бұл орайда Дешті Қыпшақ даласында өмір сүрген мемлекеттердің тарихын сараптаудың ықпалы зор болмақ. Бұған дейін осы тақырыпқа жазылған еңбектерге, жасалған зерттеулерге жаңа әдістемелік тұрғысынан қарау арқылы ұлттық тарихи таным көкжиегі кеңейе түседі.

Зерделейтін сана болса, ұлттық тарихқа оң қарайтын мемлекеттік көзқарас болса, ұлттық тарихи сананы мемлекетшілдік пен отансүйгіштік болмысқа ұштастырудың еш қиындығы жоқ.
Қазақ халқы тәуелсіз ел болғанын осыдан 29 жыл бұрын жариялаған болса да, ұлттық тарих ғылымы бодандық қамытын енді сыпырғалы жатқандай. Тарихқа деген тәуелсіз көзқарас болмай, оның шынайы болуы неғайбыл.
«Тарих толқынындағы халық» мемлекеттік бағдарламасының қолға алынуы тарихшы ғалымдарды, шығармашылық ортаны бір серпілтіп тастады.
Тәуелсіз тарихи сана арқылы жас ұрпақты отаншылдыққа баулимыз.
Ұлттық тарих мемлекеттілікті баянды етуге қызмет етпек. Ал мемлекеттік саясат ұлттық тарихты қорғауға, барынша қолдауға дайын екенін көрсетті.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz