Құмкөл мұнайы


Slide 1

Мұнай

Slide 2 Slide 3

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Slide 4

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0, 65-0, 95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады.

Slide 5 Slide 6

Каспий теңізінің солтүстік аймағындағы мұнай қоры 3-3, 5 млрд тонна, газ қоры 2-2, 5 трлн. м3. қазіргі кезде Теңіз, Қаламқас, Қарашығанақ, өзен, жаңажол, кеңқияқ кен орындары іске қосылған. Ең ірі мұнай газ кенорындары Оңтүстік Маңғыстау-Үстірт ойпаңы. Сұйық көміртек қоры -56пайыз, Атырау өңірінде 75, 6пайыз. Ақтөбеде -9 пайыз.

Slide 7

Мұнайдың дүние жүзі барланған қоры-306 млрд тонна. Оның 95 пайызы өндірістік өндірілетіні. Мұнай мен газдлың жер шарында орналасуы бірдей емес оның барланғаны 10 мың мұнай газ кен орындары бар. Оның ішінде 1500 мұнай және 400 астам газ кенорындары біздің елде.

Қазір біздің ел жылына 50 млн тонна мұнай өндіреді. Ішкі тұтыну 20-25 млн тонна.

Slide 8

Барлау жұмыстары 1892 жылы Жайық-Жем бойында басталған. 1899 жылы алғашқы мұнай кенорны Атырау облысы, Жылыой ауданы қарасты Қарашұңғыл алаңында № 7 скважинадан 40 м тереңдіктен тәулігіне 25 тоннаға дейін өнім беретін мұнай бұрқағы атқылаған. 1911 жылы Доссор кеніші ашылып, Ембі мұнайы игеріле бастаған. Екінші мұнай фонтаны 1911 жылы 29 сәуірде Доссорда бұрғыланған № 3 скважина 226 метр тереңдіктен 16, 7 мың тонна мұнай берді.

Slide 9

Мұнай әртүрлі көмірсутек кластарынан және көптеген гетероатом қосылыстарынан (күкірт, азот, оттек) тұратын күрделі табиғи қоспаға жатады. Демек, мұнайды қарастырғанда ерітінді тұрғысынан қарау қажет. Айталық мұнайдың орташа фракцияларын бөліп алсақ, алғашқы фракциялары мен ауыр фракциялары бір-бірінде ерімеуі мүмкін, осының салдарынан тұнба пайда болып, ерітіндінің еру тепе-теңдігі жойылады.

Slide 10

Мұнай жер қыртысының, жалпы тау жыныстарының кеуекті бөлігінде орналасатын минералды сұйық, сыртқы түріне байланысты қою, майлы жанғыш, қара қоңыр түсті сұйық.

Жыныстағы - коллекторлардағы мұнайдың сумен араласа өз бетімен ең көп шоғырланған бөлігі мұнайдың кеніш көздері деп аталады. Олар мұнайлық, газдық және мұнайлы-газдық кеніштер болып бөлінеді.

Slide 11

Мұнай - газ кендерін іздеу және барлау жұмыстары оларды анықтау, ашу қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларын жасау мақсатында жүргізіледі. Кешенді іздестіру-бағдарлау алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады, одан әрі кен орындарын кемерлеу үшін скважиналар қазу әдістері белгіленеді. Қабатты ашу тәсілі көбінесе екі жолмен жүзеге асады: терең скважиналар көмігімен және шахтылы әдіс бойынша.

Slide 12

Скважина дегеніміз жер қыртысын арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны. Скважинаның басталатын жері - сағасы, цилиндрлік беті қабырғасы, ең төменгі шегі түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі ара қашықтық скважина ұзындығы, ал скважина осі проекциясына тіке аралық тереңдігі болып есептеленеді. Мұнай және газ скважиналарының бастапқы диаметрі 90 см аспаса, ал соңғының диаметрі 16, 5 см кем болмайды.

Slide 13

Шахтылы әдіс қою газсыздалған мұнайлы кеніштерді игергенде және су қысымы болмаған жағдайда қолданылады. Жалпы бұл әдіс онша көп қолданыла бермейді, көп жағдайда мұнайлы қабаттарды терең скважиналардың көмегімен ашып, сол арқылы мұнай жоғары жаққа, яғни жер бетіне шығарылады.

1978 жылы мұнайдың әлемдегі қоры 250-280 млрд. тонна болса, бағдарланған қоры 90-95 млрд. тоннаға жетті. Әр елдер әр аймақтар үшін олар әртүрлі. Мұнайдың ең бай қоры Орта және Таяу Шығыста орналасқан, сол сияқты Оңтүстік Америкада да мұнай қоры ежептәуір шамада. Әлемде шамамен 30 мыңға жақын мұнай кеніштері табылған, олардың 15 пайызы ірі кеніштерге жатады.

Slide 14

Әлемдегі өте ірі мұнай кен көздері (жақшаның ішінде алғашқы қорлары берілген) : Гавар (10, 1 млрд. т. ) және Сафания (2, 9 млрд. т. ) Сауд Аравиясында, Бурган (2, 2 млрд. т. ) Кувуйте, Киркук (2, 1 млрд. т. ) және Эр-Румайла (1, 8 млрд. т. ) Иракта, Марун (1, 4 млрд. т. ) , Агаджари (1, 3 млрд. т. ) Иранда, Серир (1, 1 млрд. т. ) Ливияда және Прадхо-Бей (1, 4 млрд. т. ) АҚШ (Аляска) . Ал Қазақстандағы мұнай өндірумен өңдеудің қысқаша тарихы төменде баяндалған.

Slide 15

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің даму тарихы

Атырау өңірінде мұнай кені бар екендігі ертеден белгілі болған. Сол жерді қоныстаған көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан мұнайды сүзіп алып, малдың немесе адамның жарасын емдеуге қолданған. Бірақ олар бұл заттың қазақ халқының маңдайына біткен шексіз қазынаның бірі екендігін түсінбеді.

Slide 16

19 ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И. Лепехин (1768), П. Рычков (1772), П. Паллас (1773), Г. Гемерсен (1836) т. б. Атыраудың географиялық және топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына сипаттама берді.

Slide 17

1889 жылы Атырау облысы Жылой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңында 7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгінде әлемге әйгілі болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл Мұнайы туралы хабар Алтайдан Оралға дейін тарап, Ембі-Каспий аймағындағы мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбір етті. Сол мезетте Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылау жұмыстары қолға алынды. Ең сәтті қазылған Доссордағы №3 скважина болды. 1911 жылы 225 м тереңдіктен мұнай фонтаны атқылап, шамамен 16, 7 млн тонна өндірілді.

Slide 18

Мақат Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды, бірақ алғашқы екі кеніш тағылық жағдайында пайдалынды.

1934 жылы Ескене, 1935 жылы Байшонас, 1935 жылы Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз, 1939 жылы Құлсары сияқты жаңа кен орындары іске қосылды.

60-70 жылдар аралығында Терістік Каспий ойпаттарында оншақты мұнай-газ орындары (Прорва, Ақтөбе, Шығыс Құлсары, Танатар т. б. ) ашылды.

Slide 19

Жаңа кеніштердің қатарға қосылуы мұнай өнімін еселей арттырды. Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін 1936 жылы Каспий-Орск мұнай құбыры іске қосылды. Осы өңірдегі мұнайды барлау, өндіру жұмыстары ұлы отан соғыс жылдарында да толастамады. Қиын-қыстау аласапран заманда осы салада талай -талай рекордтар жасалып, небір озық технологиялар өндіріске енгізілді. Одақта тұңғыш рет мұнай өндірудің жаңа әдісі (қабат қысымын су айдау арқылы көбейту) 1943 жылы Доссорда жүзеге асырылды.

1966 ж. Прорва кен орны өндірістік пайдалануға беріліп, Кенкияқты игеру басталды. Сол сияқты 1967 ж. Жетібай кен орны пайдалануға берілді. Сөйтіп Маңғыстау мұнай өнімі 1965 жылғы 300 мың тоннадан 1970 жылы10, 4 млн тоннаға жетті.

Slide 20

1979 жылы 5396 м тереңдіктен Теңіз кен орны ашылды. Зерттеу нәтижесінде бұл жер қойнауының байлығы Ресейдегі Түмен жеріндегі кен орындарынан кем емес екендігі анықталды. 1980 жылы Мангыстау мұнайын өндіру шамамен 150 млн тоннаға жетті. Теңіз кенінің барлау сенімділігі мен эконмикалық маңыздыдығы оған шетел компанияларының туғызды. Олардың қатырында қазіргі кездегі мұнай алпауыттарының бірі Шеврон компаниясы да бар. Қырық жылға жасалған келісім-шарт бойынша Теңізден жылына алынатын мұнай көлемі 36 млн тоннаға жетпек. Жалпы 775 млн тонна мұнай өндіру көзделіп отыр.

Slide 21

1993 жылдың сәуірінде Қазақстан «Шеврон» фирмасымен (АҚШ) «Теңіз-Шеврон» біріккен өнеркәсібін құру шартына қол қойылды. Шарт бойынша іздеу, барлау, өндіру істері бірге жүргізіліп, Теңіз-Шеврон бірлестігі 30 млрд доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсап, 97 млн доллар пайда табу керек. Кірістің 21, 6 % Теіңіз-мұнай-газ бірлестігіне, 58, 8 -60, 0 % Қазақстан республикасына, 19, 6 % Шеврон компаниясына тимек. Теңіз кенінің халық шаруашылығындағы маңызы тек оның ірі ауқымдылығы және көмірсутекті шикізаттың бағалығымен ғана шектелмейді, оған қоса жаңа өнеркәсіпті аймақты құру, әлеуметті-мәдениетті тұрмысты жақсарту, Атырау облысының, қала берді бүкіл республиканың экономикалық мүмкіншілігін көтеру көзделінуде.

Slide 22

Қаршығанақтың мұнай-газ конденсатты кен орны Каспий ойысының солтүстік ернеуінің ішкі жағында, Еділ-Орал антиклинал қаусырмасында орналасқан (Орал қаласынан 120 км) . Қарашығанақ кенін де шетел фирмаларымен бірігіп игеру көздестіріліп отыр. Ағылшынның «Бритиш газ» және «Аджип» компанияларымен экономикалық, техникалық, коммерциялық тағы да басқа мәселелерді қамтып, аяқтауға арналған маңызды шартқа қол қойылды

Slide 23

Соңғы жылдары Жамбыл облысынан Амангелды газ орны ашылып іске косылды. Ол еліміздің оңтүстік аудандарын арзан газбен қамтамасыз етуге үлкен көмегін тигізді.

Бозашы- Маңғыстау түбегінің Ақтаудан шамамен 300 км жерінде орын тепкен мүйіс. Мұнайы тұзды судың астында 300-1000 км тереңдікте орналасқан. Оның құрамы да тым өзгеше: қою, өте тұтқыр, күкіртті, асыл болат жасауға тым тиімді ваннадий қосылысының мөлшері көп.

Қаламқас-Қаражанбас -Ақтау құбыры арқылы Бозашы мұнайы бірден танкерлерге құйылып мұнай өңдеу зауыттарына тасылады.

Slide 24

80 жылдардың басында Қазақстанның оңтүстігінде жаңа мұнай кен орындары ашылды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы-Құмкөл. Торғай ойысының оңтүстік шегінде, Жезқазған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 230 км орналасқан. Оны игеру Қызылорда облысының халық шаруашылығының жаңа саласы - мұнай өндіруді дамытуды көздейді. Құмкөл мұнайы тұтқыр, күкірт қосындысы шамалы, қара майлы, зиянды газдары жоқ, жер бетіне жақын орналасқан.

Бүгінде аталмыш кен орынын тиімді пайдалану мақсатында «Харрикейн ҚұмкөлМұнай» мемлекеттік акционерлік қоғамы (АҚ) және «Құмкөл-Лукойл» (Ресей) қоғамы құрылды. Құмкөл мұнайы «ПетроҚазақстан» АҚ (Шымкент) өңдеуден өтуде, болашағы зор.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Ақаба сулардағы мұнайды тазалауға озонды пайдалану
Мұнай және газ өнкәсібі
Мұнай өнеркәсібі
Қазақстанның мұнай саласы - Қазақстан экономикасының негізгі
Мұнай мен газ
Қарағанды көмір бассейні жалпы қоры
Лукойл
Қазіргі Атырау мұнай өңдеу зауыты
Мұнай ЖЭС құбырлары және газ құбырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz