Өлшем тізбегін есептеу практикасы теориясының негізгі қалпы




Презентация қосу
СӨЖ 15
Өлшем тізбегін есептеу практикасы
теориясының негізгі қалпы. Терминдер
мен анықтаулар
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Өлшем тізбектері теориясының негіздері және оларды есептеу
Терминдер мен анықтамалар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Негізгі анықтамалар мен түсініктер
Механизмдерді, машиналарды, аспаптарды және басқа
бұйымдарды құрылымдау, технологиялық процесстерді
жобалау, өлшеу құралдарын және әдістерін тандау кезінде,
өлшем талдауын жүргізу қажетті болады. Өлшемдер
талдауын жүргізуі арқасында, бір-біріне қатысты
орналасқан өлшемдердің дұрыс қатынаста орналасуы және
мүмкіндік қателіктер (дәлдік шектері), анықталады.
Өлшем тізбегі деп, қойылған мақсатты нақты шешуге
негізделген және тұйықталған қарамды құрайтын,
өлшемдер жиынтығын атайды (ГОСТ 16319-80).
Өлшем тізбектері алдында қойылатын мақсаттарды шешуіне
байланысты, өлшем тізбектері келесі түрлеріне
бөлінеді: құрылымдық, технологиялық және өлшегіш.
Құрылымдық өлшем тізбектері, жобалау кезінде орнатылған
дәлдікті және оны жинақтауда қамтамасыз ету мақсатын,
шешуге негізделеді.
Технологиялық өлшем тізбектері, машиналарды өндеу кезінде
дәлдікті өнделуді қамтамасыз ету мақсатын, шешуге негізделеді.
Олар, өндеу технологиялық процессінің әртүрлі кезеніңде,
бөлшектер өлшемдері арасындағы байланысты орнатады.
Өлшегіш өлшем тізбектері, өлшеу жұмыстары жүргізілген
кездегі дәлдікті қамтамасыз ету мақсатын, шешуге
негізделеді.
Өлшем тізбегін құрайтын әрбір өлшем буын деп аталады.
Әрбір өлшем тізбегі құрамында бір бастапқы
(тұйықтаушы) және бірнеше құраушы буындар болады.
Дәлдіктің басты талабын қамтитын және бұйым сапасын
анықтайтын буын, тұйықтаушы буын (А∆,Б∆,В∆,С∆...) деп
аталады. Тұйықтаушы буын өндеу немесе жинақтау
кезінде ең соныңда анықталады, яғни өлшем тізбегін
тұйықтайды. Сонымен, тұйықтаушы буын өндеу
негізінде пайда болмайды, ол қалған құраушы буындарды
өндеу негізінде пайда болады.
Өлшем тізбегінің құраушы
буындарды кішірейтуші және ұлғайтушы болып бөлінеді.
Өлшем тізбектерін тұрғызу кезінде, олардың негізгі
қасиеттерін ескеру қажет:
Ø тізбек тұйықталған болу қажет;
Ø жинақтау тізбегіндегі буын өлшемі тек қана бір бөлшекке
қатысты болу қажет; бұл ерекшелік тұйықтаушы буынға
қатысты емес;
Ø тізбек ең қысқаша жолмен көрсетілуі тиісті, яғни бөлшек
өзінің элементтерімен тізбек құрамына тек қана бір рет
көрсетіледі.
Өлшем тізбектерін есептеу
Өлшем тізбектерін есептеу және оларды талдау
машиналарды жобалау кезіндегі міндетті түрде
орындалатын жұмыстардың бөлігі болып табылады.
Бұл есептеулер, өнім сапасын жоғарылатуға, өзара
ауыстырымдылықты қамтамасыз етуге және өндеу енбек
сиымдылығын төмендетуге, негізделеді.
Өлшем тізбектерін есептеулерінің мағынасы, құрылымға
қойылған талаптарына және технология талаптарына сай,
оның құрамындағы барлық буындарға дәлдік шектерін
және шекті ауытқуларын орнатуда. Есептеулер жүргізу
нәтижесінде келесі екі мақсат жетіледі:
Ø тұйықтаушы буынның берілген номиналды өлшемі және
дәлдік шегі (шекті ауытқулары) бойынша, өлшем тізбегінің
қалған құраушы буындарының номиналды өлшемдерін,
дәлдік шектерін және шекті ауытқуларын анықтау. Бұл
есептеулер, өлшем тізбектерін жобалық есептеулері
қатарына жатады және тікелей есептеу деп аталады;
Ø құраушы буындардың берілген номиналды өлшемдері,
дәлдік шектері және шекті ауытқулары бойынша,
тұйықтаушы буынның номиналды өлшемін, дәлдік шегін
және шекті ауытқуларын анықтау. Бұл есептеулер, өлшем
тізбектерін тексеру есептеулері қатарына жатады
және керісінше есептеу деп аталады;
Керісінше есептеулер негізінде тікелей есптеулер нәтижесі
тексеріледі.
Терминдер мен анықтауалар
Өлшемдік талдау өлшемділік тізбектерді есептеу мен
құруына негізделген және МЕСТ-16139 “Өлшемдік
тізбекбер. Негізгі қалыптар, Терминдер, белгіленулер
анықтамалар” және МЕСТ 16320-80 «Өлшемдік
тізбектер.Жазықтықтағы өлшемдік тізбектерді есептеу».
Өлшемділік тізбек деп өстердің бір-біріне қатысты және
бетіне қатысты бөлшек, механизм немесе машинаны
толықтай және тұйық контур құрайтын есептерді шешуге
тікелей қатысатын өлшемдер жиынтығын айтамыз.
Үзбелер - өлшемділік тізбекті құрайтын өлшемдер.Есеп
құралғанда жауап ретінде қабылданатын немесе есептің
табылуға тиісті өлшемін және бөлшек жиналғанда немесе
жасалғанда белгілі болатын өлшемді тұйықтаушы үзбе
дейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
http://sheriazdanov.ucoz.kz/publ/standarttau/lshem_tizbekteri_te
orijasyny_negizderi_zh_ne_olardy_esepteu_toly_auystyrymdyl
y_ty_amtamasyz_etu_esepteuini_disi_teoretiko_y_timaldy_e/2-
1-0-325

Ұқсас жұмыстар
Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері
Шешілмейтін алгоритмдер туралы тү сінік. Алгоритм кү рделілігі. Алгоритм тү сінігінің функция тү сінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл жә не оны орындаушылардың сипаттамалары
Пост машинасы
Электрлік тізбек және оның элементтері
Қателер теориясы
Менеджменттің теориясы мен практикасы
Алгоритм туралы мәлімет
Динамикалық шама түрлері
Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ
Пәндер