БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ


Slide 1

Балаларды тамақтандыру теориясы

Топ: В18ТПП-1, 3

Орындаған: Тұрсынхан. М

Қабылдайтын: Умирбекова. А. С

Slide 2

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. Негізгі бөлім

1. Балалар тамақтануының маңызы.

2. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының нормалары

3. Балалар тағамынын құрамдас бөліктері

3. 1 Майлар

3. 2 Көмірсулар

3. 3 Ақуыздар

3. 4 Минералды заттар

4. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану режимі.

5. Балалардың тамақтану рационы

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі терминдерден анықтамалық

Slide 3

КІРІСПЕ

Балалардың тамақтануы ересектердің тамақтануына қарағанда біршама ерекше. Балалық кезеңде, әсіресе кішкентай балаларда тағамдық заттар мен энергияға қажеттілік ересектерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Бұл баланың жылдам қарқынмен өсуіне және дамуына байланысты ассимиляцияның диссимиляциядан басым болуымен түсіндіріледі.

Түрлі жастағы балалар тобының тағамдық заттарға қажеттілік нормаларын ғылыми тұрғыдан негіздеу және осы қажеттіліктерді өтеу үшін қажет өнімдер жиынтығының негіздемесі бала ағзасының дамуы негізінде жүргізілді.

Slide 4

1. Балалар тамақтануының маңызы

Ас - баланың өзіне қажетті пластикалық материал мен энергия алуының жалғыз көзі. Ал бала ағзасының ересектерден айырмашылығы мұнда өсу және даму процестері жылдам қарқынмен тұрады. Балаларда негізгі алмасу ересек адамдарға қарағанда 1, 5. . . 2 есе жылдам өтеді.

Балалар мен жасөспірімдердің ағзасында өсу және дамуға байланысты ассимиляция процесі диссимиляциядан басым. Бұлшықет белсенділігі жоғары болғандықтан, оларда жалпы энергия шығындары да жоғары. Түрлі жастағы балалар мен ересек адамда бір тәулік ішінде 1 кг дене массасының орташа энергетикалық шығыны: 1 жасқа дейін - 100 ккал; 1. . . 3 жаста - 100. 90 ккал; 4. 6 жас - 90. . . 80 ккал; 7. . . 10 жас - 80. . . 70 ккал; 11 . . . 13 жас - 70. . . 65 ккал; 14. . . 17 жас - 65. . . 46 ккал; ересек адамдарда 45 ккал құрайды.

Slide 5

2. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының нормалары

Балалар мен жасөспірімдердің дене және ақыл-ойының қалыпты дамуы үшін олардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, ағзаның пластикалық процестерін, энергетикалық шығындарын қамтамасыз ететін толыққанды теңгерімделген тамақтану қажет. Балалар мен жасөспірімдердің тәуліктік тамақтану рационының энергетикалық құндылығы олардың энергетикалық шығындарынан 10 % жоғары болуы тиіс, себебі қоректік заттардың бір бөлігі ағзаның өсу және даму процестерін қамтамасыз ету үшін қажет. 1 жастан асқан балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың арақатынасы 1:1:4 болуы тиіс. Балаларда тағамдық заттарға қажеттілік өз жастарына кері пропорционалды (бала неғұрлым кіші болса, соғұрлым қажеттілік жоғары), себебі бала өмірінің алғашқы жылдары қарқынды өседі.

Slide 6

Балалармен жасөспірімдердің тамағында жаңа жасушалармен тіндерді қалыптастыратын негізгі пластикалық материал ретінде оның аминқышқылды құрамына ерекше көңіл бөлінеді. Ал құрамында ақуыз жеткіліксіз болса, балалардың өсуі, ақыл-ойы баяулайды, сүйек тінінің құрамы өзгереді, ауруға қарсы тұру және ішкі секреция бездерінің қызметі төмендейді.

Алмастырылмайтын аминқышқылдар теңгерімді болған кезде баланың ең жақсы тамағы сүт және сүт өнімдері болып саналады. 3 жасқа дейінгі балалардың тамақтану рационында күн сайын кемінде 600 мл, мектеп жасындағы балаларда кемінде 50 мл сүт болуы тиіс. Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационында ет, балық, жұмыртқа, жармалар - құрамы аминқышқылдарға бай толыққанды ақуыз бар өнімдер кіруі керек.

Slide 7 Slide 8

3. Балалар тағамынын құрамдас бөліктері 3. 1майлар

Майлар баланың дамуында маңызды рөл атқарады. Олар пластикалық, энергетикалық материалдар рөлін атқарады, өсіп келе жатқан ағза үшін қажет А, D, Е дәрумендері, фосфатидтер, полиқанықпаған май қышқылдары бар. Әсіресе, кілегей, сарымай, өсімдік майы (жалпы мөлшерден 5. . . 10%) ұсынылады. Майларға тәуліктік қажеттілік ақуыздарға ұқсас. Тәуліктік тамақтануда майлардың энергетикалық құндылығы кемінде 30 % болуы тиіс. Майларды жеткіліксіз тұтынған кезде балалардың ауруға қарсы тұруы, өсуі баяулайды. Балалар үшін анағұрлым биологиялық құнды май көздері - сарымай, кілегей, сүт және басқа жеңіл сіңірілетін сүт өнімдері, сондай-ақ жұмыртқа.

Slide 9

3. 2 Көмірсулар

Балалардың бұлшықет белсенділігі жоғары, сондықтан ересектерге қарағанда көмірсуларға қажеттіліктері жоғары және дене массасының 1 кг 10. 15 г құрауы тиіс. Балалардың тамағында жеңіл сіңірілетін көмірсулар маңызды рөл атқарады, олардың негізгі көзі жемістер, жидектер, шырындар, сүт, қант, печенье, конфеттер, тосап болып табылады.

Қант мөлшері көмірсулардың жалпы мөлшерінің 25 % құрауы тиіс. Алайда балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында көмірсулардың жасөспірімдердің тамақтануында өсу факторы ретінде А, D дәрумендерінің орны ерекше. Бұл дәрумендердің негізгі көзі - сүт, ет, жұмыртқа, балық майы. Сәбізде, қызанақта, өрікте продәрумен А - каротин бар. С дәрумені В тобының дәрумендерімен бірге өсу процесін ынталандырады, ағзаның инфекциялық ауруларға қарсы тұруын күшейтеді.

Slide 10

3. 3 Ақуыздар

Тәуліктік рациондағы ақуыздың жалпы мөлшері 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың рационында жануарлардан алынған ақуыздың (сүт, жұмыртқа, ет және балық) үлес салмағы 6. . 5. 70%, мектеп жасында - 60% болуы тиіс. Бала ағзасы үшін жануарлардан алынған ақуыздың барынша құнды кӛзі - сүт. Бөбек жасындағы балаға күн сайын 600. . . 700 мл, мектеп жасындағыларға 400. . . 500 мл беру ұсынылады.

Жануарлардан алынған ақуызды тиімді пайдалану үшін бала тағамында дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдас ӛнімдердің (бұршақ, үрме бұршақ, атбас бұршақ, соя және т. б. ), көкөністердің, жемістердің, жидектердің құрамында болатын өсімдік тектес ақуыздардың жеткілікті мөлшерін қарастыру қажет.

Slide 11

3. 4 Минералды заттар

Бала ағзасындағы минералды заттар өсу процесі мен тіндердің, сүйек және жүйке жүйелерінің, тістердің, бұлшықеттердің дамуын қамтамасыз етеді. Кальций мен фосфордың орны ерекше, оның тәуліктік қажеттілігі тиісінше 0, 5. . . 1, 2 және 0, 4. . . 1, 8 г құрайды. Бұл минералды заттар сүтте, етте, балықта, жұмыртқада, сұлы жармасында бар. Темір тұздары қан түзуге қатысады және бұл элемент жеткіліксіз болған кезде гематоген ұсынылады.

Балалар мен жасөспірімдердің суға қажеттілігі ересектерге қарағанда жоғары және 1 кг дене массасына: 1. . . 3 жас - 100 мл, 4. 6 жас - 60 мл, 7. . . 17 жас - 50 мл (ересектерде - 40 мл) .

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану режимі.

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін дұрыс тамақтану режимін үйлестіру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру қажет, себебі бұл балалардың мінез-құлқына, физикалық дамуына және ағзаның қоршаған ортаның қолайсыз факторларына қарсы тұру қабілетіне оң әсерін тигізеді.

1 жастан асқан балалар үшін төрт мезгіл тамақтану барынша оңтайлы болып табылады. Ас калориясын және негізгі қоректік заттарды күні бойына бірдей бөлу орынды. Кіші жастағы балалар үшін астың жалпы тәуліктік калориясында таңғы ас 25 %, түскі ас 30, бесін ас 20, кешкі ас 25 % болуы тиіс. Ересек жастағы балалар үшін тиісінше 25, 35, 15 және 25%. Бала бір мезгілде тұтынатын ас мөлшері жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс.

Slide 15

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану режимі.

Спортпен шұғылданатын балалар үшін жаттығулар уақытын ескере отырып, асты күні бойына бөлу қажет. Жаттығу алдында жеңіл сіңірілетін және калориясы жоғары тағамның шағын мөлшерін беру керек. Егер жаттығу күндіз өтсе, онда тамақтану рационының жалпы тәуліктік энергетикалық құндылығына шаққанда таңғы ас дене жаттығуларына дейін 2 с бұрын қабылдануы және 35 % құрауы тиіс, түскі ас жаттығудан соң 1 с кейін және 35 %, бесін ас 5 % және кешкі ас 25 % құрауы тиіс.

Slide 16

Балалардың тамақтану рационы

Жеміс-жидектер. Балалардың тамақтануы үшін көкөністер, жеміс, жидектер, балғын шырындар, сондай-ақ сүт, құрамында сүт қанты бар лактоза көмірсулардың жақсы кӛзі болып табылады. Балалардың тамақтану рационында физиологиялық қажеттілік шегінде печенье, қақ, конфеттер, тосап және басқа да кондитерлік өнімдерді жас ерекшелігіне байланысты күнделікті 19. . . 25 г асырмай реттеп отыру қажет. Балалар мен жасӛспірімдерге тәуліктік рационда көмірсулардың жалпы мөлшерінен 20% қарапайым қант (глюкоза, фруктоза, лактоза, сахароза), 75 % крахмал, 3 % пектин заттарын және 2 % жасұнық беру ұсынылады. 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балалар күн сайын 60 г аспайтын қант, 340 г нан-тоқаш және макарон-жарма өнімдерін, сондай-ақ 700. . . 800 г жаңа піскен жеміс, жидектер, көкөніс және шырын тұтынуы тиіс.

Slide 17

Балалардың тамақтану рационы


Ұқсас жұмыстар
Баланы тамақтандыру режимі
Ана сүтінің маңызы
Тіс жақ жүйесінің деформациясына әсер ететін факторлар
Балалар бақшасындағы табиғат бұрышы
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау
Азық - түлік қауіпсіздігі жүйесінің компоненттері
Инфрақызыл сәулелермен кептіру
НӘРЕСТЕГЕ ҮЙІНДЕ ПАТРОНАЖ ЖАСАУ
Нәрестелік кезеңнің шартты рефлексі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz