Дәрілік заттардың фармакокинетикасы



Дәрілік заттардың фармакокинетикасы
Ерланқызы А.

Жалпы фармакология




Парентералды енгізу жолдары
а) инъекциялық
тері астына
тері ішіне
Бұлшық етке
көктамырға
артерияға
Іш пердесіне
сүйек ішіне
жұлын-ми сұйықтыққа: субарахноидалды, субдуралды, эпидуралды
шырышты қабық астына
б) ингаляциялық
в) дене қуыстарына
г) электрофорез тәсілі арқылы (зақымдалмаған тері және шырышты қабық арқылы)
д) теріге және шырышты қабыққа қолдану арқылы

Пероралды енгізу жолы
Артықшылығы:
ыңғайлы, мед. қызметкердің көмегі қажет емес
қарапайым
қауіпсіз
препараттың стерилдігін
қажет етпейді
препараттар жергілікті және жүйелік әсер етеді
Кемшіліктері:
Емдік әсері баяу дамиды (60-90 минут)
Жедел жағдайда қолдануға тиімсіз
Д. з. сіңірілуіне тағам,
ортаның рН әсер етеді
Барлығы бауырлық тосқауылдан өтеді, аш ішек арқылы барлық заттар бауырдың қақпа венасына түседі, бұл жерде аздап бұзылысқа ұшырайды, содан соң - жүйелік қанға түседі
АІЖ бұзылысқа ұшырайтын және айқын тітіркендіргіш әсер шақыратын д. з. қолданылмайды
Құсуда, диареяда және науқас ес-түссіз жатқанда қолдануға болмайды

Сублингвалды және буккалды
Артықшылығы:
қолдануға оңай және қарапайым
сіңірілуі тез басталады және әсері жылдам дамиды
Д. з. асқазан сөлінің әсеріне ұшырамайды және жүйелік қанға бауырға бармай түседі, биотрансформацияға ұшырамайды
Биожеткіліктігі жоғары
Енгізуді бірден тоқтатуға болады
Кемшіліктері:
сіңірілу алаңы кішкентай, сондықтан белсенділігі жоғары, мөлшері аз заттар енгізіледі
жиі қолданғанда ауыздың шырышты қабатының тітіркенуі байқалуы мүмкін

Ректалды
Артықшылығы
Д. з. жүйелік қанға төменгі геморроидалды веналар арқылы түседі, 50% бауырға бармай
Ауыз арқылы енгізгенге қарағанда мөлшерлеу нақтырақ
АІЖ ферменттерінің әсерінен және қышқыл ортада бұзылысқа ұшырамайды
Д. з. ауыз арқылы енгізу мүмкін болмағанда немесе қиындағанда
Кемшіліктері:
сіңірілу алаңы аз
сіңірілу жылдамдығы науқастың ішегінің жағдайына (моторикасына, нәжістің болуы) байланысты әртүрлі болады
Қолдануға қолайсыз, ыңғайсыз (жұмыста, саяхатта)
Тоқ ішекте сіңірілмейтін жоғары молекулалы белокты, майлы және полисахаридті құрылысты заттарды қолдануға болмайды

Көктамырға енгізу
Артықшылығы:
Әсер жылдам дамиды және нақты мөлшерлеу
Биожеткіліктігі 100%
Үлкен көлемде енгізуге болады
Жанама әсерлер дамығанда препаратты көктамырға енгізуді бірден тоқтатуға болады
АІЖ сіңірілмейтін және шырышты қабатты тітіркендіретін дәрілік заттарды енгізу мүмкін
Кемшілігі:
Енгізуге болмайды:
Ерімейтін заттарды;
Майлы ерітінділерді (эмболия шақыруы мүмкін) ;
Айқын тітіткендіргіш әсері бар заттарды (тромбоз, тромбофлебит дамуы мүмкін) ;
Қанның ұюын немесе гемолиз шақыратын препараттар

Бұлшық етке енгізу
Көктамырға енгізгенге қарағанда әсері баяу дамиды (10-30 минут)
Әлсіз тітіркендіргіш әсер көрсететін дәрілік заттарды, сонымен қатар депо- препараттарды енгізуге болады
Енгізілетін заттың көлемі 10 мл-ден аспауы керек
Айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін заттарды, сонымен қатар жүйке бағанасына жақын енгізуге болмайды, себебі қатты ауыру сезімі, қабыну үрдістері, инфильтраттар, бұлшық еттің салдануы байқалуы мүмкін

Тері астына
Сіңірілуі, сәйкес емдік әсерлерінің көріністері бұлшық етке және көктамырға енгізгенге қарағанда баяу дамиды, бірақ ұзағырақ әсер етеді
Үлкен көлемде, тітіркендіргіш әсері бар препараттарды енгізуге болмайды

Инъекциялық енгізу жолдарының кемшіліктері
Салыстырмалы түрде күрделі
Ауыру сезімін дамытады
Препаратттар, құралдар стерильді болуы керек
Аурудың жұғу қаупі жоғары
Медициналық персоналдың қатысуы қажет
Салыстырмалы түрде қымбат

Ингаляциялық жол
Артықшылығы:
Заттар тез сіңіріледі, жергілікті және жүйелік әсер көрсетеді;
Газ тәрізді заттарды енгізгенде дәрілік затты енгізуді бірден тоқтатуға болады;
Аэрозолды енгізгенде бронхта жоғары концентрациясы дамиды, жүйелік әсері минималды болады.
Кемшіліктері:
Аэрозолдарды, газдарды, ұнтақтарды енгізеді;
Тітіркендіргіш заттарды қолдануға болмайды;
Ингаляцияланған препараттар қасындағы адамдарға да әсер етеді
Заттар бірден сол жақ қарыншаға түсіп кардиотоксикалық әсер көрсетуі мүмкін



Биологиялық тосқауылдар
Қан тамырлары қабырғасы
Жасуша мембранасы
Гематоэнцефалдық тосқауыл (ГЭТ)
Плаценталық тосқауыл
тосқауыл
Гематотестикулярлық тосқауыл


Метаболиттік трансформация
Тотығу
Тотықсыздану
Гидролиз
КОНЪЮГАЦИЯ - дәрілік затқа немесе оның метаболитіне химиялық топтамалар немесе эндогенді қосылыстардың молекуласының қосылуымен жүретін биосинтездік процесс

Негізгі шығу жолдары (экскреция)
Бүйрек
АІЖ
Өкпе
Бездермен: сілекей, тер, асқазан, ішек, көз жасы
сүтпен

Элиминация
Ағзадан дәрілік заттың алынуы (биотрасформация + экскреция)
жүйелік
Элиминация
жүйеге дейінгі

Фармакокинетиканың параметрлері
Жалпы клиренс - белгілі бір уақыт ішінде дәрілік заттан тазаратын қан сарысуының және қанның шартты көлемі
Жартылай өмір сүру кезеңі (жартылай шығарылу кезеңі, T ½) - дәрілік зат концентрациясының қан сарысуында 50% төмендейтін уақыты

Фармакокинетиканың параметрлері
Биожеткіліктік - дәрілік заттың бастапқы дозамен салыстырғанда қан сарысуына өзгермей түскен мөлшері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz