КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚТЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы АҚ

Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:Бұлшықет тіндері. Қаңқалық бұлшық ет тінінің регенерациясы. Бұлшықеттің жасқа және өмір сүру салтына байланысты өзгеруі.

Орындаған:Абдинабиева А. А

Қабылдаған:Атенова Н. А

Группа:ЖМ-104Б

2018-2019

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Бұлшықет тіндері туралы жалпы түсінік

Көлденең жолақты бұлшықет тіні

Бірыңғай салалы бұлшықет тіні

III. ҚорытындЫ

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Гистология пәні барлық тіннің құрылысын жеке үйренеді. Соның ішінде маңыздыларының бірі-бұлшықет тіні.

Бұлшық ет тіні(textus muscularis) -құрылымы және пайда болуына байланысты әр түрлі, бірақ жиырылу қабілеті бойынша біршама ұқсас. Ол ағзаның қимыл қозғалысында, жеке ағза бөліктерінің іс-әрекетінде үлкен рөл атқарады.

Slide 4

Ағза бұлшықет тіндері

Slide 5

Бұлшық ет ұлпасы туралы жалпы түсінік

Бұлшық ет тінінің басты морфологиялық элементі-ұзартылған пішін, анық орналасқан миофибриллдер мен миофиламенттер-арнаулы ағза бөліктеріне, жиырылу қабілеті бар, жиырылтқыш элементтерінің жанында митохондриялар орналасқан, құрамында гликоген, липидтер мен миоглобилин шоғырланған.

Slide 6

Арнайы жиырылтқыш органеллалары миофиламенттер немесе миофибрильдері бар.

Бұлшық ет қозғыш тіндерінің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер-қозғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшықеттің ерекше қасиеті-жиырылу. Бұлшық еттің жиырылып қысқаруы мен қайта босаңсуы екі фибриллді белок қызметіне байланысты. Яғни актин және миозин белоктарының кальций ионының қатысуымен болатын құбылыс арқылы реттеледі. Митохондрия осы құбылыстарды энергиямен қамтамасыз етеді.

Slide 7

Бұлшық ет классификациясы

Морфофункционалдық және гистологиялық принциптерге негізделе отырып бұлшық ет тінін екі үлкен топқа жіктейді.

Бірыңғай салалы бұлшық ет тіні.

Көлденең жолақты бұлшық ет тіні

Slide 8 Slide 9

Көлденең жолақты бұлшық ет тінінің екі негізгі топқа жіктейді:

Жүрек бұлшық ет ұлпасы

Қаңқалық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы

Slide 10

Қаңқалық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы

Қаңқалық бұлшық ет ұлпаларының элементтері миотом жасушаларынан дамиды. Кейбірі сол орнында жетіледі, ал басқалары миотомнан көшіп мезенхимада жетіледі. Бұлардың сыртқы пішіндерінде мезенхиманың басқа жасушаларынан айырмашылығы болмағанымен, көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының даму барысында бағытталған. Бұлардың жетілуі болашақтағы бұлшықеттер орындарында жалғасады. Жартылай бағаналы жасушалардың жетілу сатылары, миотом аймағы мезенхимада сәйкес түрде жүреді. Осыған орай жетілу сатысы екі бағытта өтеді. Бірінші бағытта-жасушалар қосылып симпласт құрылысын түзеді, мұны бұлшықеттік түтікшелер (миотубалар) деп атайды.

Slide 11

Бұлардан арнайы органеллалар жетіледі:миофибрильдер, алғашқы кезде бұлар плазмолемманың астында орналасады, кешіректе миотубаның көптеген мөлшерін толтырып жатады. Ядролары орталықтан шетке қарай ығысып, жетілген қалыпта екенін дәлелдейді, миосимпласт деп аталынады.

Екінші бағыттағы жасушалар өз еріктері бойынша жетіліп-миосателлитоциттерге айналады. Олар миосимпласттың үстінде орналасады.

Slide 12 Slide 13

Қаңқалық бұлшық ет ұлпаларының құрамындағы элементтері Ең басты элементі болып ет талшығы саналады, ол миосимпласт және миосателитоциттерден құрылған. Талшықтар сарколеммамен қоршалған. Бұл дәнекер ұлпасына жалғас ретикулярлы және жіңішке коллаген талшықтары құрамына кірген базальды мембрана мен симпласт плазмоллеммасынан пайда болған. Қалыңдығы -50-100мкм.

Slide 14

Миосимпласттар плазмолеммамен қапталған. Бұл арқылы мембраналық әсер беруші потенциал тарқалып, Т-түтікшелер мембранасында өтіледі, плазмолемманың астында ядролар орналасады, миосимпластта ядролардың сандары бірнеше он мыңдарға жетеді. Пішіндері созылыңқы болып келеді. Симпласт жасуша болып саналмайды, сондықтан “цитоплазма”термині қолданылмай “саркоплазма ” деп аталынады. Ядролардан төберекте Гольджи комплексі, түйіршіксіз эндоплазмалық тор және митохондриялар орналасқан. Түйіршікті эндоплазмалық тор нашар дамыған, себебі жетілген миосимпластта белок синтезі пластикалық қажетті қамтамасыз етеді. Арнайы органеллаларға миофибрильдер жатады. Миофибрильдер мен телофрагмалардың маңында эластикалық қасиетке ие титин және небулин белоктары анықталған. Бұларменен жиырылып, босаңқыраған кездегі салынған күштің қалдығын байланыстырады.

Slide 15

Миофибрильдер бір -бірінен ажыратылған түрде орналасқан, сондықтан бұлардың әрбірі ұзына бойы созылған және бір- бірімен арнайы түйіршіксіз эндоплазмалық торы ілмектерімен байланысқан түрде қоршалынған. Миофибрильдердің араларында көптеген созылыңқыраған ірі митохондриялар орналасқан. Телофрагма тұсындағы екі шетінде миосимпласттың ішіне қарай Т- түтікшелері сіңіледі. Миосателлитоциттер-қаңқалық бұлшықет ұлпасының камбиальдық элементтері.

Slide 16 Slide 17

Бұлшық ет талшықтарының түрлері

Түрлі бұлшық ет талшықтарының арнайы функционалдық жағдайларға байланысты, қызметтерді түрлі күшпен орындалуына, жылдамдыққа, ұзақ уақыт жиырылуына және әлсіреуіне байланысты құрылыстарында айырмашылық болды.

Светооптикалық деңгейде ажыратылынады: қызыл бұлшық етті талшықтар (I тип), ақ бұлшық етті талшықтар (II тип), ауыспалы талшықтар.

Осы типтердегі әрбірі ультраструктуралық және метаболизм еерекшеліктерімен сипатталынады. Ультраструктуралық ерекшеліктеріне саркоплазмалық тордың жетіліп дамығаны, Т-түтікшесінің осы тормен ұзақ байланысты болуы, телофрагма құрылыстарына миофирбрильдердегі актин және миозин жіпшелерінің топталуына, митохондриялардың мөлшеріне және т. б жатады. Әртүрлі бұлшық етті талшықтарда миоглобин, гликоген және липид қосындыларының құрамдары түрлі.

Slide 18

Бұлшық ет орган ретінде

Бұлшық ет талшықтарының арасында жұқа болбыр талшықты дәнекер ұлпасы орналасқан, оны- эндомин деп атайды. Оның ретикулярлы және коллаген талшықтары сарколемманың талшықтарымен аралысып өрілім құрайды. Бұл байланыс талшықтарды біріктіріп, жиырылуды күшейтеді. Әрбір бұлшық ет талшығының соңғы ұшына коллаген және ретикулярлы талшықтар еніп тұруына плазмолеммасы жіңішке шұңқырлау келген ойыстар құрады. Ретикулярлы талшықтар базальды мембранаға еніп ілмек құрайды, сосын саркомердің актин жіпшелері плазмолемманың ішкі бетіне жабысқан жерінің тұсына молекула аралық байланыстар арқылы бекітіледі. Базальды мембранадан шығып ретикулярлы талшықтар коллаген талшықтарымен өріліп арласады, ал коллаген талшықтары сіңірге жалғасып кетеді. Түрлі бұлшық ет талшықтары арнайы шоғырларға топталады, бұлардың араларында қалыңдау келген болбыр талшықты дәнекер ұлпалы қабық орналасқан, бұны-перимизий деп атайды. Бұның құрамында эластин талшықтары да болады. Бұлшық етті сыртынан толық қаптан тұратын дәнекер ұлпасын- эпимизий деп атайды.

Slide 19

ВАСКУЛЯРИЗАЦИЯ. Бұлшық етіне кіруші артериялар перимизийде тармақталады. Бұлардың қасында өте көп мөлшерде орналасқан ұлпалық базофильдер, қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін реттейді. Капиллярлар эндомизийде орналасады. Олар көбінше бір бірімен анастомоз құрып бұлшық ет талшықтарының қасынан өтеді, перимизийде венулалар мен веналар, артериолалар мен артериялардың қасында жатады. Бұл жерден лимфа тамырлары да өтеді.

ИННЕРВАЦИЯ. Бұлшық еттің нервтері эфференттік (қозғаушы) және аференттік (сезуші) талшықтардан тұрады.

Slide 20

Жүрек бұлшық еті

ЖИЫРЫЛУДЫҢ ГИСТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

Кардиомиоциттер жиырылмаған кезінде түйіршіксіз эндоплазмалық тор каналшаларында кальций иондары жинақталады.

Қозғаушы потенциалдың әсері, цитолемма мен Т- түтікшелерге тарқалып калций иондары шығартады және миофибрильдерге келіп жиылдыртады, олар реттеуші белоктар тропонин және тропомиозин мен әрекеттеседі, сосын актин және миозин миофиламенттері бір-бірімен арнайы тізбектері арқылы байланысып қарама -қарсы жылжиды. Нәтижеде жіпшелерінің ұштары М-сызығына жақындап, Н-жолағы жіңішкереді, сондай түрде J-жолағы да жіңішкереді, бұл миозин жіплелерінің соңғы ұштарының телофрагмаға жақындауына байланысты.

Slide 21

ӨТКІЗУШІ КАРДИОМИОЦИТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ұқсас жұмыстар
Шеміршек тіні
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Жүрек бұлшықет тіні
Жасушалық регенерация
Қан ұлпасы
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің регенерациялық қабілеті. Эпидермальды және нейралды ет ткані
Бұлшықет тіндері
Бұлшықет тінінің биохимиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz