Ауырсыну сезімталдығының өтуі



Оңтүстік қазақстан медицина академиясы
SOUTH KAZAKHSTAN MEDICAL ACADEMY
СӨЖ
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
Тақырыбы:Ағзаның ноцицепциялық және антиноцицепциялық жүйелері.
Орындаған:Абдинабиева А. А
Группа:ЖМҚБ-04-18
Қабылдаған:Таласбай С. Б
Шымкент қаласы 2018-2019

Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Ауырсынудың түрлері, көрінісі, биологиялық маңызы.
Ноцицепциялық рецепция.
Ауырсыну сезімталдығының өтуі.
Ағзаның антиноцицепциялық жүйесі.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер немесе анализаторлар деп аталады. Анализаторлар туралы ілімді жасаушы И. П. Павлов болып есептеледі.
Анализатор өзара морфологиялық және функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын тұтас, бірыңғай жүйе:
Рецептордың әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдаушы орган (шеткі бөлім)
Өткізгіш жолдар-афферентті (рецептордан тітіргендіргіштерді. ОЖЖ жеткізеді), эфферентті (ОЖЖ Р), аралық жолдар.
Ми қыртысындағы орталық бөлім.

Барлық анализаторлар үшін ұқсас құрылыстық және функционалды ерекшеліктері бар. Жалпы құрылыстың принциптері.
Көп қабаттылық яғни бірнеше қабаттан құралады. Рецепторлық элементтермен ми сыңырлары қыртысындағы ассоциативті бөлімдер нейрондарымен байланысады. Қабаттар өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Сондықтан ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге жағдай жасалады. Яғни организм қарапайым сигналдарды аралық бөлімдердің өзінде анализден, дер кезінде жауап бере алады.
Көп каналдық-анализатордың әр қабатында мыңдаған, млн-ған элементтері болады. Бұл анализаторлар жұмысының жоғары сенімділігі мен нәзік анализ жүргізуіне жағдай. Рецепторлық деңгейдің өзінде-ақ әртүрлі маманданған жеке элементтер түрлі белгілерді сигналдайды. Бір сенсорлық жүйе шеңберінде каналдар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның әрқайсысының ауысуының саны көп болады. Сонымен қатар нейронға келетін сигналдар формасы әр-түрлі болғанымен олардың туғызатын түйсігі сол клеткаға тән қызметін көрсетеді.

Анализаторлардың вертикаль және горизонталь бойымен дифференциациялануы (жіктелуі) . Вертикаль бойынша жіктелуді өткізгіш жолдар бойындағы түзілетін әр түрлі бөлімдерден көруге болады. Нерв элементтері бірнеше қабаттардан тұрады. Сондықтан ол қабатқа қарағанда әлде қайда ірі морфо-функционалды құрылым және ол нақты функция атқарады.



Ауырсыну сезімі-бұл сырттан зақымдаушы факторлардың организмге әсер етуінен пайда болатын сезім. Бұл сезім организм үшін маңызды, себебі, ол белгілі бір зақымдаушы әсердің бар болуын анықтайды.
Зақымдаушы агенттерді қабылдайтын арнайы рецепторлар болады, оларға жауап ретінде ауыру сезімі туындайды. Оларды ауыру рецепторлары деп атайды. Ауырсыну сезімі ол жануарларға емес, адамдарға тән түсінік болып табылады. Сондықтан осы рецепторларды ноцицепторлар деп атау ұсынылған (лат. Ноцио-зақымдаймын, кесемін) . Бұл рецепторлар теріде, бұлшықеттерде, буындарда, сүйек үстінде, теріасты клечаткасында және ішкі органдарда орналасады. Олар жұлынға импульстер жіберетін афферентті нейрон дентритінің бұтақтануы жүретін бос жүйке ұштары болып табылады.

Ноцицепторлардың екі түрі бар, -механоцицепторлар және хемоноцицепторлар. Біріншісі механикалық әсерлерге қозады, нәтижесінде натрии иондарына клетка мембранасының өткізгіштігі артады, ал бұл өз кезегінде афферентті талшықта ӘП-ын туғызатын деполяризацияға әкеледі/ рецепторлық потенциал/. Хемоноцицепторлар химиялық заттарға жауап береді, атап айтқанда, сутегі иондарының, калии иондарының артық мөлшеріне, сондай-ақ брадикинин, гистамин, соматостанин сияқты заттардың әсеріне жауап береді. Модуляторлардың әсерінен осы аталған ноцигендік факторларға хемоноцицепторлардың сезімталдығы артады, мысалы, ПГЕ1, ПГЕ2, ПГФ2-альфа типті простагландиндерге. Міне, сондықтан, наркотикалық емес анальгетиктер, аспирин, амидопирин анальгин сияқтылар өз әсерін білдіреді, олар простогландиндердің синтезін бөгейге қабылетті, сол себепті хемоноцицепторлардың жоғарғы қозғыштығын жояды.

Ноцицепторлардан серпілістер арнайы өткізгіш жолдар арқылы өтеді, олар А- дельта және С типті жүйке талшықтарынан басталады. А-дельта типті талшықтар қозуды секундына 4-30 метр жылдамдықпен өткізеді, ал С типті талшықтар секундына 0, 4-2 метр жылдамдықпен өткізеді. Сондықтан, адамдар ауыртатын тітіркендіргіштерге жауап ретінде бастапқы кезінде нақты, жедел, қатты ауырсынуды сезеді, ал әрі қарай нақты орынсыз, топаз ауырсынуды сезеді. Яғни, алғашқы сезім жылдам талшықтардан келетін серпілістерге жауап ретінде, /А-дельта/, екіншісі баяу талшықтар бойымен таралады.


Ауырсыну - күшті немесе шектен тыс тітіркендіргіш әсерінен организмдегі органикалық және функциялық өзгерістерден туындайтын ерекше психофизиологиялық жағдай. Ауырсыну - организмнің интегративті қызметі. Ол көптеген функционалдық жүйелер қызметтерін белсендіріп, жарақаттандыру факторларына төзімділігін күшейтеді.

Ауырсыну тітіркендіргіші әсерінен организмде сана сезімі, сезім түйсігі, зерде, мотивация, вегетативтік, сомалық және іс әрекет реакциялары қалыптасады. Ауырсыну, яғни ноцицепция жүйесі: - сезімді қабылдайтын рецепторлар; - өзіндік өткізгіш бөлім; - орталық жүйке құрылымдармен сипатталады.

Ауырсыну қабылдағыштары туралы екі түрлі пікір бар:
1) Ауырсыну қабылдағыштары (ноцицепторлар) - бұл бос жалаңаштанған жүйке ұштары. 2) Басқа рецепторлардан: - Механорецепторлар - өте күшті механикалық әсерлерден; - Терморецепторлар - өте күшті жылулық әсерлерден; - Хеморецепторлар - биологиялық белсенді заттар (кининдер), белгілі концентрация мөлшердегі калий иондары, Са 2+, Н+ иондары мен гистамин, серотонин.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz