Судың адам ағзасына пайдасы
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан
Медицина Академиясы
АҚ
Қалыпты және патологиялық физиологиялық кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Су мен тұздардың ағзадағы
маңызы.
Орындаған:Абдинабиева А.А
Группа:ЖМ-104Б
Қабылдаған:Таласбай С.Б
Шымкент 2018ж.
ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Судың адам ағзасына пайдасы
• Минералды тұздардың адам ағзасына маңызы
• Натрий
• Хлор
• Магний
• Темір
• Фосфор
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Ағзада тiршiлiк етуi үшiн су мен минералды тұздар
да қажет. Адам сусыз бір күнде тіршілігін жасай
алмайды. Сол сияқты ағзаға қажет су мен
минералды тұздардың қажеттілігі айтпаса да
түсінікті. Судың алмасуы минералды тұздардың
алмасуымен тығыз байланыста және керісінше
минералды тұздардың алмасуы да судың
алмасуымен тығыз байланыста. Судың алмасуымен
минералды тұздардың алмасуы адамға күнделікті
қажеттіліктерін яғни энергияны, сергектікті және
тағы басқа да қуаттарды бөледі.
СУДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА
ПАЙДАСЫ
Токсиндерді шығару
Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің
зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының
бәрі біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі.
Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік
заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп
соқтырады. Қуанышқа қарай, судың көптігінен біздің
бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несіппен бірге ағзадағы
қажетсіз заттарды шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды
мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды. Ендеше, ағзаңызды
қажетсіз заттардан тазартқыңыз келсе, су ішіңіз.
Жүрек пен буынның
саулығы
Су атеросклероз бен басқа да
оның асқынған түрлерінің ең
негізгі емі болып табылады.
Біз қажетті мөлшерде су
ішкенде қан жақсы таралады
да, атеросклероздық
түйіндердің пайда болуына
жол бермейді. Сол себепті,
жүрек талмасы және инсульт
сынды аурулардың алдын
алады.
Буындардың қозғалуы әрі
ептілігі
Әрбір буында буын
сұйықтығы бар. Сол
сұйықтықтың арқасында
буын жылжып тұрады. Ал
ағзадағы судың аздығы буын
сұйықтығының өзгеруіне,
құрғауына әкеледі. Буын
қиындықпен қозғалып, біздің
белсенді әрекет етуімізге
кедергі келтіреді.
Денедегі ткандердің қоректенуі
Қан – ағзадағы ткандерге оттегі мен қоректік
заттарды әкелетін басты тасымалдаушы. Егер біз
сұйықтықты аз ішетін болсақ, қан қоюланып қалады
да, ең ұсақ буындар - артериол мен капиллярларға
қиындық туады. Ал бұл буындар ағзадағы ткандерді
қоректендіреді. Одан бөлек, оттегі мен қоректік заттар
ағзаға сіңуі үшін де су аса қажет.
Ас қорыту
Су ас қорыту жүйесіне аса
қажетті элементтердің бірі.
Судың көмегімен ас
қорытылады. Ол тағамды
қорытады, ад соңында керек
емес заттарды шығаруға үшін
де ішекте жеткілікті көлемде
су болуы тиіс. Егер сіздің ішіңіз
ауыратын болса, су ішу
режиміңізге мән беріңіз.
Өйткені, дәрігі жүгіргеннен
бұрын, су ішуді арттыру да
жеткілікті болуы мүмкін.
Иммунитет және су
Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады.
Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы
таралады. Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың
арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық.
Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы
суды қажет етеді. Үшіншіден, несіптің дұрыс
айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық
кетпеуі иммунитетті түсіреді. Егер аз ауырғыңыз келсе
суды көп ішіңіз.
Су – дене температурасын реттейді
Сіз спортпен шұғылданған кезде немесе ауа ыстық
болса, ағза ыстықтан тер шығару арқылы қорғанады.
Тер тері сыртына шығады да, сол әрекетімен ағзаны
салқындатады. Айтпақшы, тері токсиндерді
шығарудың тағы бір жолы екенін ұмытпаңыздар. Өз
ағзаңызға терлеу мүмкіндігін беріңіз. Бұл өте қажет. Ал
ол үшін су ішу керек.
Су арықтауға көмектеседі
Егер сіз арықтауды мақсат етіп, диетаға
отырып, спортпен шұғылдансаңыз, суды
ұмытпаңыз. Су майды жоюға көмектеседі.
Әрине, арықтау үшін сізге жүгіріп, спортпен
айналысып, терлеу қажет. Алайда, сіз қажетті
мөлшерде су ішсеңіз, жаттығудан да жақсы
қорытынды шығады.
Ми да суды қажет етеді
Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі
– бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін
қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын
өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға
оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді.
МИНЕРАЛДЫ ТҰЗДАРДЫҢ
АДАМ АҒЗАСЫНА МАҢЫЗЫ
Минералды заттар, тамақтанудың алмастырылмайтын
құрам бөліктеріне жатады. Адам ағзасының тіндері
мен сұйықтарында алпысқа жуық минералды
элементтер табылған. Тіндердің құрамындағы
мөлшеріне байланысты, олар макроэлементтерге -
(құрамында 1 мг% артық Са, Mg, P, S, R, Na, Cl т.б.)
және микроэлементтерге - (құрамында 1 мг% кем І, Cu,
Zn, F, Mn, Co, Fe т.б.) бөлінеді.
Минералды заттар ағзада жүретін барлық
биохимиялық үрдістерге қатысады, әр түрлі
тіндердің құрылысына, әсіресе, сүйектің құрылысына
қатысып, пластикалық қызмет атқарады,
протоплазманың коллойдтық жағдайын қамтамасыз
етеді, осмостық қысымды және сутегі иондарының
концентрациясын қажетті деңгейде сақтайды,
сонымен қатар аралық алмасу реакцияларының
катализаторы болып табылады. Көптеген минералды
заттар ферменттердің, гормондардың,
дәрумендердің тағы да басқа биологиялық белсенді
қосылыстардың құрамына кіреді, жасуша
мембраналары арқылы химиялық заттарды
тасымалдау үрдісіне, ет пен жүйке тіндерінің қозу
үрдістеріне, қанның ұюына, т.б. қатысады.
Натрий және хлор.Қанда және тін сұйықтарында
осмостық қысымды сақтауға, қышқылдық-сілтілік тепе
теңдікті қамтамасыз етуге, жүйке-ет қозуына, жасуша
ішілік және тін аралық алмасу үрдістеріне қатысады.
Натрий хлориді, сондай-ақ, тағамның дәмін
жақсартады және тамаққа тәбетті қоздырады.
Тағамда натрий хлориді жетіспеуі кезінде немесе
термен, құсу, іш өту, күйік кездерінде, натрий хлориді
көп жоғалған жағдайда, тіндердің сусыздануы жүреді,
белоктардың ыдырауы күшейеді, асқазан сөлінің
қышқылдығы төмендейді. Натрий мен хлор
тұздарының көп болуы, ағзада судың ұсталуына ықпал
етеді, сөйтіп, жүрек пен бүйрекке ауырлық түсуіне
әкеп соғады.
Натрий хлоридінің тәуліктік қажеттілігі - 10-15 г,
бұл қажеттілігі тағамдық азықтардың (3-5),
нанның (3-5 г) құрамындағы тұздардың және
тамақ дайындау үшін қолданатын, сондай-ақ,
тамақ ішу кезінде дәміне байланысты қосылатын
ас тұзының есебінен қамтамасыз етіледі.
Бүйрек ауруы, гипертония ауруы, ісіктер, қабыну
үрдістері, семіру, стеройд гормондарымен емдеу
кездерінде тұз қабылдауды шектеген жөн. Ыстық
климат жағдайында, ыстық цехтарда жұмыс
істегенде, термен натрий хлоридінің жоғалуының
көбеюіне әкеп соғатын интенсивті дене жұмысы
кезінде, ағзаға тұз енгізуді көбейту ұсынылады.
Кальций - сүйек жүйесіндегі басты құрылымдық
элемент, қанның ұю үрдісіне қатысады, бірқатар
ферменттердің активтілігін арттырады, қабынуға
қарсы әсері бар. Сондай-ақ, кальцийдің жүрек
еттерінің қалыпты қызметі мен жүйке жүйесінің
қалыпты қозғыштық қызметі үшін маңызы үлкен.
Тағамда кальцийдің жеткіліксіздігі, бәрінен бұрын
балаларда рахит, үлкен адамдарда остеомаляция
түрінде білінетін сүйектену үрдісінің бұзылуына әкеп
соғады. Халық арасында тіс жегі ауруы жиілейді.
Үлкен адамдар тәулігіне 800 мг-нан (11,4-13,3 мг/кг
массасына) кем қабылдамауы қажет. Жүкті және бала
емізетін әйелдер, қосымша тағы 300-400 мг алуы
қажет.
Балалар үшін кальцийдің қажеттілігі жоғары. Дене
массасының бірлігіне есептеген кезде, үлкен
адамдарға қажеттілігімен салыстырғанда, 0-3 айлық
жасында 10 есе, 4-6 айлық жасында 5 есе, 1-3 жаста 4
есе, 4-6 жаста 3-3,5 есе, 7-0 және 11-13 жаста 2-2,5
есе, 14-17 жаста 1,4-1,5 есе артық.
Тағамның құрамында фосфор, магний, калий, қымыздық
және инозитфосфор қышқылдары көп кезде кальцийдің
сіңуі нашарлайды, олар кальциймен ерімейтін
қосылыстар түзеді, ішектен нашар сіңеді. Сондықтан,
тағамдағы кальцийдің, фосфордың, магнийдің сандық
ара қатынастарының маңызы үлкен. Кальций мен
фосфордың ара қатынастары 1:1,5 және кальций мен
магнийдің - 1:0,5 болса қолайлы деп есептеледі. Балалар
үшін кальций мен фосфордың оптимальды ара
қатынастары ретінде 1-6 айлық жасында 1,5:1, 6-12
айлық жасында 1,3:1, 1 жаста және одан кейінгі
жастарында 1:1 қатынасы ұсынылады.
Фосфор - ағзада көптеген алмасу үрдістеріне
қатысатын әр түрлі қосылыстардың (АТФ, АДФ, АМФ
т.б.), биологиялық тотығу үрдісінде пайда болатын,
энергияның аккумуляторы. Фосфор сүйек, ет, жүйке
тіндерінің құрамында көп, ол кальциймен бірге сүйек
тінінің негізін құрайды. Фосфор жүйке және ет
тіндерінде жүретін алмасу үрдістерінде айрықша роль
атқарады.
Құрамында фосфоры ең көп тағамдық азықтар: сыр,
сүзбе, жұмыртқа, уылдырық, қарақұмық және сұлы
жармалары, бұршақ тұқымдастар, балық. Фосфордың
сіңімділігі, тағамның құрамындағы кальций мен
ақуызға байланысты. Астық тұқымдастардың
құрамындағы фосфордың сіңімділігі нашар, себебі, ол
олардың құрамында нашар сіңетін фитин қышқылы
түрінде болады.
Магний - жүйке қозуының берілуіне және жүйке
жүйесінің қозғыштығын реттеуге қатысады,
кальцийдің антогонисі, ағзаға көп түскен кезде
кальцийді қосылыстарынан ығыстырып шығарады, ал
магнийдің тағамда жеткіліксіздігі, кальцийдің артерия
қабырғасына, жүрекке, еттерге көбірек жиналуына
ықпал етеді.
Магнийдің тәуліктік қажеттілігі 400 мг, бұл
жағдайдағы кальций мен магнийдің ең қолайлы
арақатынастары 1:0,5. Магнийдің негізгі көзі -нан,
бұршақ, үрме бұршақ, әр түрлі жармалар.
Темір - ең маңызды минералдық элемент. Ол
гемоглобиннің және құрамында гемі бар ақуыздар мен
ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада темірдің
жеткіліксіздігі, темір тапшылық анемия пайда болуына
және оттегін тасымалдаумен және пайдаланумен
байланысты ферменттік үрдістердің бұзылуына әкеп
соғады. Темірдің тәуліктік қажеттілігі, ер адамдар
үшін - 10 мг, әйел адамдар үшін - 15 мг. Темірдің әйел
адамдарға қажеттілігінің жоғарырақ болуы, жүктілік,
босануы, бала емізуі және етеккір кездерінде темірдің
едәуір мөлшерін жоғалтуына байланысты.
Темір, әр түрлі тағамдық азықтарда кездеседі: етте,
бауырда, бүйректе, жұмыртқада, нанда, бұршақ
тұқымдастарда, сұлы жармасында, шабдалыда,
алмада, қара өрікте, укропта, салатта, петрушкада,
т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Минералды заттар адамның тіршілік ету үрдістерінде
пластикалық қызмет атқарады, іс жүзінде адамның кез
келген тініндегі зат алмасуға қатысады, бірақ олардың
фосфор мен кальций сияқты элементтері басым
болатын сүйек тінінің құрылымында атқаратын ролі
ерекше зор. Минералды заттар ағзаның су-тұз,
қышқыл-сілті алмасуы секілді аса маңызды алмасу
үрдістеріне қатысады. Белгілі бір минералды заттар
қатыспайынша ағзадав көптеген ферменттік
үрдістердің болуы мүмкін емес.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Адам физиологиясы / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж.
Б. Нілдібаева. - 2-е бас., толык. және тұзет. - Алматы : Дәуір,
2005.
2. С.О. Тапбергенов «Медициналық биохимия». Алматы,
«Эверо», 2009 жыл.
3. Қасымбаева Т.,"Тіршіліктану",10-11,2003.
4. Т. С. Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сейтембетова
«Биологиялық химия». Алматы, 2010 жыл.
5. Р.Ұ.Бейсенбаева, Б.Т. Төлегенова «Биологиялық химия».
Алматы, 2008 жыл.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz