Сулы ерітінділердегі химиялық реакциялар
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан
Медицина Академиясы
Химиялық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Су.Сулы ерітінділердегі химиялық реакциялар.Тірі ағзадағы судың
биологиялық рөлі.
Орындаған:Абдинабиева А.А
Қабылдаған:Өмірқұлов А.Ш
Группа:ЖМҚБ-04-18
Жоспары
I Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Су,молекула құрылысы.
Судың қасиеттері.Дистилденген,апирогенді су.
Ағзаның тіршілігі үшін судың маңызы.
Биожүйелердегі s-элементтердің биологиялық
маңызы.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын
қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4
бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.
Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік
иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін
физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу
сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы,
мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа
қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар
жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су
әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты
өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық
заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан
тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген
түрінде сіңіреді.
Судың молекулалық қасиеттері:
Су — сутек оксиді, Н2О — қалыпты жағдайда сутек
пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты
қарапайым химия қосылыс.
Судың қасиеттері:
Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір
түсті болып көрінеді.
Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92
г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі
9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбенқапталып жатуы ондағы
тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.
Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см3 (судың ерекшелігі). Судың
жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың
аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып
тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.
Дистилденген су(Aqua destillata)-бір немесе бірнеше конденсация және
буланудың циклдарының нәтижесінде алынады.
Дистилденген су-айдау арқылы тазартылған су,ол құрамы бойынша жаңбыр
суына жақын болады.Бұл су арнайы зерттеу жұмыстарында,дәрі-дәрмек
өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер
дайындауда қолданылады.Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны
ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керектігін ойластыра бастайды.Бұдан
шығу жолын судың өзі көрсетеді.Судың жоғары температура кезінде буға
айналу қасиеті бар.Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге
бөлшектерден бөлу жолы қарастырылды.Мұндай суды тазалау үрдісі
дистиляция,ал құралдың өзі дистилятор деп аталады.
Әр жердің әр түрлі ғалымдарымен көптеген
тұжырымдар жасады,мысалы, бір жердің суы
қаншалықты жұмсақ болса,яғни оның құрамында
минералды тұздар мен микроэлементтер аз болса
соншалықты жүрек –қан тамыр ауруларына сезімтал
келеді,ал керісінше қаншалықты су қатты болып
келсе соншалықты жүрек-қан тамыр системалары
жақсы жүмыс жасайды:артериялық давление және
қандағы холестерин мөлшері аз болады.
Ғалымдар тағы бір тұжырымдамаға келіп отыр,,яғни
кариес ауруын осы судың құрамындағы минералды
тұздар мен микроэлементтердің аз болуы
тудырады,әсіресе кальций,фтор,магний,калий және
литий.Сондықтан дистильді сумен көп мөлшерде
қолданған пайдалы емес,керісінше зиян ,себебі
денсаулыққа кері әсері мол.
Дистильді суды айдау тәсілімен алу:
Суды алатын арнайы әр түрлі мөлшердегі айдау
кубтары болады.Кейбір дәрілік заттардың
ерітінділерін дайындау үшін дистилденген суды
залалсыздандырады.Ондай суды кәдімгі ішетін судан
арнайы аппараттар-аквадистиллятор арқылы
алады.Алдымен суды ашық қазанда 15-30 мин.
Қайнату арқылы немесе арнайы химиялық заттарды
қолдану арқылы ондағы ұшқыш заттарды ұшпайтын
түріне айналдырады.
Дистилденген суды шыны бөтелкелерге құяды және
ауыздығына жақсылап мақта тығып қояды. Бұл судың
шаңға түсуіне жол бермейді
Дистильді суды аз мөлшерде қолданатын
зертханалар үшін арнай өте ыңғайлы автоматты
жұмыс жасайтын ПК-2 айдау кубы жақсы.Бұл схема
суретте көрсетіліп тұр.
Апирогенді деп аталатын су инъекцияға арналған ерітінділерді
дайындауға қатысады.Ол ағзаға түскен кезде жағымсыз салдарға немесе
дене температурасының жоғарылауына әкеп соқтырмайды.
Инъекцияға арналған ерітіндінің жай-күйі, онда пирогенный деп аталатын
микроорганизмдердің зат алмасу өнімдері немесе пирогенді заттар
болмаған кезде апирогенді деп аталады. Олар пирогендер деп аталады
(лат. дене қызуына байланысты, олар дене температурасын көтере алады.
Олар өте жақсы ериді және 50 нм астам тесіктері бар сүзгілер арқылы
еркін өтеді. Пирогендердің өздері-1-ден 50 нм-ге дейін.
Апирогенді суды алуға арналған аппарат.
S-элементтердің периодтық системадағы орны, жалпы құрылыстары,
қасиеттері.
S-элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІА, ІІА топтардың
негізгі топшаларында орналасқан. ІА – топтың негізгі топшасындағы –
литий, натрий, калий, рубидий, цезий және франций сілтілік металдар
деп аталады, электрондық конфигурациясы – nS1.
ІІА топтың негізгі топшасындағы кальций, стронций, барий және радий
сілтілік жерметалдар деп аталады, электрондық конфигурациясы – nS2.
ІА топтың s-элементтері.
ІА топ s-элементтерінің жалпы сипаттамасы. ЭПЖ-дегі сутектің ерекше жағдайы.
Химиялық және физикалық қасиеттері, зертханада және өндірісте алу
әдістері.Изотоптар. Сутектің маңызды қосылыстары: су, сутек асқын тотығы,
гидридтер.Сутек асқын тотығының химиялық қасиеттері, тотығу-
тотықсыздануының екі жақтылығы.Организм тіршілігіндегі сутек асқын
тотығының метаболизмдегі қосымша шикізат ретіндегі рөлі. Сутек асқын
тотығының бактерицидтік қасиеті. Бірінші топ s-элементтерінің маңызды
қосылыстары: оксидтер, пероксидтер, асқын пероксидтер. Сілтілік металдардың
және олардың оттекті қосылыстарының сумен өзара әсерлесуі.Литий, натрий және
калий қосылыстарын медицинада және фармацияда қолдану, олардың биологиялық
рөлі.
IIА топтың s-элементтері.
IIА тобы элементтері гидроксиді қасиетінің өзгеруі, ІІА тобы
элементтері қосылысының қасиеттері. Судың кермектілігі, оның тірі
организмге тигізетін әсері. Су кермектілігін жою әдістері. Кальций
және барий қосылыстарын фармацияда және медицинада қолдану.
Тірі организмнің минералды балансындағы s-элементтердің
биологиялық маңызы. Фармацияда s -элементтер қосылыстарын
қолданудың химиялық негізі.
Глоссарий
1.Элемент-тұтас денеден бөлінетін бөлік.
2.Конденсация-заттың газ күйінен сұйық күйге айналуын
немесе қатаю кезеңін айтамыз.
3.Изотоптар-ядроларында протон саны бірдей,бірақ массалары
әртүрлі белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі.
4.Конфигурация-белгілі бір жүйені,аппараттық
жабдықтарды,оның нақты параметрлерін,бөліктерін өзара
байланыстыра отырып орналастыру.
5.Дистилляция (лат.distillation-тамшылармен шынылау)-
сұйықтықты айдау,булау,кейіннен буды салқындату және
конденсациялау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ә.К.Патсаев,С.А.Шитыбаев,Қ.Н.Дәуренбеков
«Бейорганикалық және физколлоидтық химия»
Ш.Ш.Нұрсейітов,Қ.Б.Баймағанбетов
«Бейорганикалық химия»
Л.М.Түгелбаева,Р.Г.Рысқалиева,Р.К.Ашкеева
«Жалпы химия»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz