Ақуыз құрамы



Орындаған:Абдинабиева А.
Тобы: 204 Б ЖМ
Қабылдаған:Кенжебеков П.
Шымкент-2019
Такырыбы: Жай және күрделі ақуыздар. Гликопротеиндердің, нуклеопротеиндердің құрылысы мен функциялары
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»АҚ
Биология және биохимия кафедрасы
СӨЖ

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Жай және күрделі ақуыздар
2. Гликопротеиндердің құрылысы мен функциялары
3. Нуклеопротеиндердің құрылысы мен функциялары
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Ақуыз - молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларға тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.
Кіріспе

Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя - протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды. Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ.
Фридрих Энгельс пікір бойынша: «Тіршілік - ақуыз заттарының өмір сүру формасы».
Я. Беккори

Ақуыз құрамы
Ақыздардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Ақуыз молекуласындағы а-аминқышқылдары қалдықтарының саны әр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр ақуызда а-аминқышқылдары тек осы ақуызға ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа ақуызының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет ақуызының молекулалық массасы - 15, адам гемоглобині 67000, ал көптеген ақуыздардікі > 3 шамасында. Олар, негізінен, көміртек (50-55%), оттек (20-24%), азот (15-19%), сутектен (6-7%) тұрады.

Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді
қарапайым ақуыздар - протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар) ;
күрделі ақуыздар - протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер) . Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады
Біріншісі - шар тәрізді домалақ - глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады
Екіншісі фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы - миозин, актин, сіңір ақуызы - коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады.

Түзілуі
Ақуыздың түзілуі - бұл өте күрделі жасушадағы ұсақ бөлшектер-рибосомаларда жүретін процесс. Қашан, қанша және қандай ақуыз түзілуі керектігі жайлы мәлімет жасуша ядросындағы ДНҚ, РНҚ арқылы жеткізіледі.

Ақуыз түзілетін a-аминқышқылдарының радикалды құрамында ашық тізбек те, тұйық тізбекті әртүрлі сақиналар мен функциональдық топтар да кездеседі. Ақуыздардың құрылысы өте күрделі. Ақуыз молекуласы құрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп бөліп қарастырады.

Бірінші реттік құрылымы
Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірініші реттік құрылым анықтайды. Ақуызды құрайтын жүздеген, мыңдаған, миллиондаған а-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік байланыс (- CO - NH -) арқылы жалғасады (49-сурет) .

Екінші реттік құрылымы
Ақуыздардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталады. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында орналасқан - CO. . . HN- арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады. Шиыршықтың бір орамында 3 және 5 аминқышқылдарының қалдықтары болады. Оралымдардың арақашықтықтары 0, 54 нм шамасында

Үшінші реттік құрылымы
Ақуыздық оралма тектес молекуласы биологиялық процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік байланыс, -S-S- дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара байланысады да, өте күрделі үшінші реттік құрылым түзіледі. Бұл кезде оралма құндақталып, шумаққа айналады (52-сурет) . Үшінші реттік құрылым ақуыздың өзіне тән қасиеттері мен белсенділігіне жауап береді.

Төртінші реттік құрылымы
Ақуыз молекуласы тек қана бір полипептидік тізбектен тұрса, оның құрылымдары бірінші, екінші және үшінші реттік болады. Ал ақуыз молекуласы екі және одан да көп полипепидік тізбектен құралса, онда төртінші реттік құрылым түзіледі. Төртінші реттік құрылым - кейбір ақуыздарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі. Мысалы, гемоглобин құрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін төрт полипетидтік тізбектен және құрамында темір атомы бар ақуызды емес бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек осы құрылымда ғана оттекті тасымалдай алады.

Гликопротеиндер - құрамында белоктық компоненттерден басқа көміртектік компоненттер болатын күрделі белоктар. Көміртектік компоненттерге: манноза, галактоза, фукоза, гексозоаминдер, глюкурон қышқылы, нейрамин және сиал қышқылдары жатады.

Гликопротеидтердің биологиялық қызметі :
1. Қорғаныштық тіректік, дәнекерлегіш қызметі буын сұйықтықтары, шеміршек, сіңір, сүйек, кілегей, эпидермис т. б.
2. Жасушалардың өткізгіштігін қамтамасыз ету, суды ұстау,
3. Иммундық қызметі қанның топтары, антиденелер, грипп вирустарын байланыстыру.
4. Қанның ұюына кедергі жасау (гепарин) .
5. Са - сіңіру және шеміршектің сүйекке айналуына қатысу.
6. Гормондар гипофиздің тропты гормондары.
7. Қан тамырларының серпімділігін қамтамасыз ету атеросклероздық өзгерістер.
8. Транспорттық және қорлық қызметі трасферрин = Fe, церуллоплазмин - Гликопротеидтердің белоктық бөлімі негізінен белок тәрізді заттардың қатарына жататын коллагеннен тұрады.

Нуклеопротеидтер - нуклеин қышқылы бар белоктар кешені, яғни оның құрамы жай белоктар мен нуклеин қышқылдарының қалдығынан тұрады. Простетикалық топтың (нуклеин қышқылының) ерекшелігіне байланысты, оларды және рибонуклеопротеидтер деп бөледі. Молекулалық массалары үлкен болып келеді. барлық клеткалардын, ядросында, митохондрияларында және сперматозоид шөмішінде кездеседі.
Нуклеопротеидтер

Сондықтан, олардан клеткадағы ядроның негізгі бөлігі құралады және олар ұлпадан айрықша бөлініп тұрады. Нуклеопротеидтердің биологиялық рөлі зор. Олар клетканың құрылымдық элементі ғана емес, сонымен бірге тірі ағзаларда негізгі қызмет атқарады. Бұл белоктардың құрамында гистондар мен протаминдер нуклеин қышқылымен байланысқан. Олар ядродағы ДНҚ құрылымын қалыпқа келтіріп, тұрақтандырады. Клетканың бөлінуі, белоктардың биосинтезі, тұқым қуалаушылық ақпараттар, көп түрлі коферменттік қызметтер нуклеопротеидтермен тығыз байланысты. Нуклеопротеидтерге вирусты белоктар да жатады, оларды осы жағынан қарастыру өте қызықты.

Нуклеопротеидтер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz