ЖАҒАР МАЙ


Slide 1

Оңтүстік қазақстан медицина академиясы «Фармацевттік өндірістің технологиясы» кафедрасы Тақырыбы: Майлар мен гельдердің технологиясын жетілдіру жолдары. Майларды орамдау және бөлшектеу құрылғылары.

Дайындаған: Кенжебаева А. Б

Группа: в-02-17-фөтқа

Қабылдаған: Бақытжанова а:б

2020 жыл

Notes: 2020 жыл

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Жағар майлардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Олардың классификациясы және жалпы сипаттамасы.

Негізгі бөлім

Жағар майлар өндірісінің жалпы технологиялық және аппаратуралық схемасы. Негізгі кезеңдері мен сатылары

Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Олардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.

Жағар майларды гомогенизациялау. Қолданылатын аппаратуралар.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жағар майлар - сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны жоғалтып, қою сұйықтыққа айналады. Жағар майлар официналдық дәрілік түрлер МФ 11 басылымана арнайы жалпы жағар майлар мақаласы енгізілген. Фармакопея анықтамасы бойынша жағар майлар - теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түрлер. Физико-химиялық, агрегаттық күйіне байланысты жағар майлар сұйық және қатты дәрілік түрлер аралығында жатады. Дисперсологиялық жіктелу бойынша жағар майлар еркін, тұтқыр пластикалық дисперсті ортасы бар жүйеге жатады. Жағар майлар әр түрлі белгілеріне байланысты жіктеледі: белгіленуі бойынша, қолданылатын жері бойынша, дәрілік заттар дисперсттік дәрежесі және оның негізде таралуы бойынша.

Slide 4

Кіріспе

Белгіленуі бойынша жағар майлардың жіктелуі: қорғаны жағар майлары, косметикалық жағар майлар, емдік жағар майлар. Технологиялық жіктелуі бойынша: жағар майлардығы дәрілік заттың дисперсттік дәрежесі заттардың негізінде таралуын көрсетеді. Осыған байланысты жағар майлар гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді жағар майлар алынуы бойынша: ерітінді жағар майлар, балқыма жағар майлар, экстракциялық жағар майлар болып бөлінеді. Гетерогенді жағар майлар: суспензиялық, эмульсиялық, аралас.

Slide 5

Жағар майлар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы.

Өндірісте жағар майларды дайындау келесі сатылар бойынша жүргізіледі:

І саты: негізді және ДЗ-тарды дайындау;

ІІ саты: ДЗ-тарды негізге енгізу;

ІІІ саты: жағар майды гомогенизациялау, яғни біркелкі жағдайға келтіру;

ІV саты: стандартизациялау;

V саты: бөлшектеу, орамдау, безендіру.

Slide 6

Жағар майлар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы.

І саты. Негізді және ДЗ-тарды дайындау.

Бұл саты екі (2) кіші сатылардан тұрады:

І саты. ДЗ-тарды дайындау: оларды ұнтақтау (әсіресе суспензиялық жағар майлар мен пасталардың өндірісінде бұл операция жауапты болып саналады), елеу, керекті жағдайда оларды судың немесе негіздің аз мөлшерінде еріту;

ІІ саты. Негізді дайындау: осы кезде негіздің компоненттерін бір-бірінде еріту немесе оларды бөлек балқытыт араластыру және механикалық бөлшектерден босату үшін балқыған негізді жылы түрде фильтрлеу. Негіздің компоненттерін (вазелин, ланолин, парафин, эмульгатор Т-2 және т. б. ) балқытуын ЭК-40, ЭК-60, ЭК-125, ЭК-250 маркасының электроқазандарда немесе ПК-125 және ПК-250 маркасының «бу көйлектермен» қамтамасыз етілген қазандарда жүргізеді.

Таллинн қаласындағы ХФЗ-та негізді балқыту үшін арнайы қондырғы жасалынған: негіз салынған құтыға (1) воронканы (2) кіргізеді. Воронка электроқыздырғыш элементпен (мысалы, спираль) (3) қамтамасыз етілген қабықшамен қапталған болады, ал оның ауызында фильтр орнатылған. Воронканың өзі қызып, негізді балқытады, содан соң балқыма фильтрден вакуум әсерінен араластырғышқа шланг (4) арқылы барады.

Slide 7

Жағар майлар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы.

ІІІ саты. Гомогенизациялау. Оны орындау үшін әртүрлі машиналар қолданылады: соның ішінде: а) дискілі жағар май ысқылағыш. Ол горизонтальды орналасқан 2 (екі) дискіден тұрады. Олардың ішкі бетінде майда арықшалар түрде кедір-бұдыр болады. Тек төменгі диск айналып тұрады, ал жоғарғы диск жағар май жіберуге арналған воронкамен бекітілген болады. Воронканың ішінде қырғыштары бар. Жағар май воронка арқылы екі дискінің арасындағы кеңістіктің ортасына (центріне) түседі. Дискілердің арасында жағар май ысқыланып бірмезетте олардың шеттеріне қарай жылжиды. Ал дискілердің арасындағы кеңістік шеттеріне қарай тартылу болады. Дискілердің шеттерінен жағар май арнайы қырғыштар көмегімен қабылдағышқа түсіріледі.

б) Үш білікті жағар май ысқылағыш параллельді және горизонтальды орналасқан үш айналмалы біліктерден тұрады. Олардың айналу жылдамдығы әртүрлі болады. Бункерден жағар май өздігінен І-ші және ІІ-ші біліктердің арасындағы жұмыс 0, 1-0, 2 мм-ге тең болған кеңістікке барады. Ортанғы біліктің беткейіне жабысып жағар май оның және ІІІ-ші біліктің арасындағы 0, 08-0, 15 мм-ге тең болған кеңістікке өтеді. ІІІ-ші біліктің бетінен жағар май қырғыш көмегімен бөлшектейтін машинаның бункеріне түседі.

Slide 8

Жағар майлар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы.

IV саты. Жағар майларды стандартизациялау. Ол келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: өзі екендігін анықтау, яғни дайын жағар майдағы ДЗ-тың сапалық және сандық талдауын ССРО МФ-дағы, сәйкес статьяларда, ГОСТ-тарда және т. б. НТҚ-тарда берілген әдістемелер бойынша жүргізеді;

біркелкілігін анықтау. Оны бір бұйым шынының бетіне 4 (төрт) сынама салып екінші шынымен жабады. Сынамаларда көзге корінетін бөлшектер болмау керек; жағар майлардан алынған сірінділердің РН мәнін анықтауы тек кейбір жағар майлар үшін орындалады. Әдістемені Грецкий В. М. (1966 ж. ) ұсынған. Бұл талдау жағар майдың құрамындағы ДЗ-тың сақтау кезіндегі тұрақтылығын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл талдау жағар майдың құрамындағы гидролизге ұшырайтын ДЗ-тар үшін орындалады. Жағар майдың нақты өлшеміне 50 мл дистиляциялаған су қосып 50-600С температурада 30 мин бойы вибротор көмегімен сілкиді. Содан соң қоспаны фильтрлеу арқылы бөліп фильтраттың потенциометр көмегімен РН мәнін (ал сақтау кезінде РН мәнінің өзгеруін) анықтайды.

Дисперстік дәрежесін анықтауы міндет түрде гетерогенді жағар майлар үшін жүргізеді. Оны окулярлы микроскоптың микрометр көмегімен орындайды. Суспензиялық жағар майлардың сынамасында 50 мкм-ден үлкен бөлшектердің мөлшері 5 %-тен аспау керек. Сынама (3 мг) микрошпатель көмегімен матрицаға салынады. Қарау (көру) жалпы ауданы 20 мм2-қа тең болады. Осы ауданда 50 мкм-ден үлкен бөлшектердің саны 40-тан аспау керек. Пастаны талдау үшін оны өзіне сай келетін негізбен қатты фазаның мөлшері 10%-тен жоғары емес жағдайға келтіреді.

Slide 9

Қазіргі заманғы жағармай өндіретін зауыттың технологиялық сызбасы ұсынылған. Схемада сабын негізін дайындау үшін автоклавтарды пайдалану арқылы кезеңді өндіріс процесі қарастырылған. Майды дайындаудың өзі атмосфералық қысыммен жұмыс істейтін аппараттарда жүзеге асырылады. Бұл комбинация жанар-жағар май материалдарын өндіру процесінің ұзақтығын азайтады. Аппараттағы араластырғыш планетарлық араластырғыш пен қырғыштармен рамка түрінде жасалады. Тоңазытқыш барабандарындағы май салқындатылады. Оларды тиімдірек жабық типтегі тоңазытқыштармен ауыстыру арқылы цехтағы санитарлық жағдайды жақсартуға болады.

Slide 10

Жағар майлар өндірісінің аппаратуралық схемасы

Slide 11

Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Олардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.

Жағар майлардың өндірісінде негіздер ретінде қолданылатын заттар алу көзі, химиялық құрамы, физико-химиялық қасиеттер және т. б. бойынша өзгешеленеді. Ғылымдардың көбісі соңғы жылдарда жағар майлар негіздерін олардың сумен әрекеттесу қабілетіне байланысты көзқарасынан оларды гидрофобты және гидрофильді заттарға бөлу тиіс деп санайды. Содан соң оларды (әр топты) кіші топтарға бөлуге болады деп санайды.

1Гидрофобты негіздер: Майлы негіздер бөлек қатты майлар түрде (шошқа майы, бұқа майы, итбалық, яғни тюлень майы) немесе қатты және сұйық (өсімдік) майлардың құрастырылған композициялар түрінде болады. Олар азық-түлік ресурстары азаятын өнімдерге жататынын және сақтау кезінде тұрақсыз болатынын ескерту керек. Соңғы кезде жиірек өсімдік майлардан (арахис-жер жаңғақ майы), сұйық жануар майлары (кит майы, кашалот майы және т. б. ) гидрогенизациялау, фракциялау немесе қайта этерификациялау арқылы модификацияланған майлар қолданылады.

Майсана немесе зәйтүн майына 3-7% мөлшерде аэросил қосып қойылту жолымен дайындаған жағар май негіздері қосымша қабынуға қарсы және бактерицидті әсерге ие болады.

Slide 12

Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Олардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.

2. Көмірсутек негіздері. Оларға ақ және сары вазелин, нафталан мұнайы, вазелин майы жатады. Вазелинге оның тұтқырлығын арттыру үшін қатты парафин немесе церезин қосады. Осы негіздер эпидермистің гипертрофиясын, тітіркендіру, кейбір жағдайда алергияны да туғызу мүмкіндігін ескерту керек. Көмірсутек негіздердің қасиеттерін жақсарту, олардың жанама әсерлерін төмендету ұмтылу (стремление) оларды абсорбциялық немесе эмульсиялық негіздердің құрамына енгізу әрекеттерге келтірді. 3. Абсорбциялық гидрофобты негіздер. Оларға қатты майлардың, көмірсутектердің, силиконды сұйықтардың және т. б. гидрофобты компоненттері сусыз ланолинмен, глицерин және жоғары майлы қышқылдардың эфирлермен, спендермен, твиндермен және т. б. заттармен құрастырылған композициялар (қоспалар) жатады. Құрамына БАЗ-тарды енгізу нәтижесінде абсорбциялық негіздер сумен, ДЗ-дың ерітінділерімен жақсы араласып В/М (С/М) типті эмульсияны түзеді. Мысалы, көзге арналған жағар май негіз ретінде сорт көзге арналған жағар майлар үшін тазартылған вазелин мен сусыз ланолиннің 9:1 қатынаста дайындалған балқыманы қолданады.

Slide 13

Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Олардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.

4. В/М (С/М) типті эмульсиялық негіздер. Олардың құрамына минимум үш (3) компонент кіреді: эмульгатор, гидрофобты зат және су. Мысалы, эмульгатор Т-2 тұрақтандырғыш ретінде 10% мөлшерде вазелинге қосылған судың 30%-тік эмульсиясы, «Эсилин-1» деген негізі (яғни 7, 5% мөлшердегі гидролин және 42, 5% мөлшердегі эсилон-аэросилді композицияның балқымасымен дайындалған 50%-тік судың эмульсиясы) «Эсилин-1»- ге ПЭГ-інің сулы ерітіндісін қосқанда «Эсилин-2» деген негіз түзіледі. 5. Силиконды сусыз негіздер. Оларға, Мысалы, Эсилон-аэросилді негіз жатады. Оны дайындау үшін «Эсилон-5» деген полидиэтилсилоксанды сұйықтықты қолданады. Оның тұтқырлығын жоғарлату үшін 16% мөлшерде аэросил немесе кремний диоксидін қосады. Жоғары және төмен температурада ұзақ сақтағанда бұл негіз қатпарламайды. Осы негізді неомицин жағар майын, неомицин-преднизолон жағар майын дайындағанда пайдаланады. 6. Полиэтиленді негіздер. Оларды бізде осы күнге дейін қолданбайды, тек шет елдерде пайдаланады. Олар тығыздығы жоғары немесе төмен полиэтиленнің және вазелин майының қоспалар түрде болады, мысалы Plastibase: оның құрамында полиэтилен 5%-ге дейін мөлшерде және вазелин майы 95% -ке дейін мөлшерде болады.

Slide 14

Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Олардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.

ІІ гидрофильді негіздерОсы топқа төмен және жоғары молекулалық қосылыстардың (ПЭО, полисахаридтер, ақуыздар және т. б. ) сулы ерітінділер құрамына БАЗ-тар кіретін осы заттардың сусыз композициялары, сонымен бірге М/В (М/С) типті эмульсиялар біріктірілген.

Полисахаридтердің ерітінділері және гельдері. Едәуір кең қолдануды суда жақсы ісінетін және тұтқыр-пластикалық гельдерді түзетін целлюлозаның эфирлері (МЦ, Na-КМЦ және т. б. ) тапты. Олардың кемшілігі келесіде: олар суды тез жоғалтып терінің беткейінде тартылатын пленка түзеді. Полиэтиленгликольды негіздер. Оларды молекулалық массасы әртүрлі ПЭГ-дардан дайындайды. Олар әлсіз бактерицидті әсерге ие болады.

Slide 15

Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Олардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.

М/В (М/С) типті эмульсиялық негіздер. Оларға, мысалы пилокарпиннің 2%-тік жағар майын дайындау үшін қолданылатын эмульсиялық негіз жатады. Оның құрамы келесі: 15%-эмулгатор N1, глицерин 5%, коричный спирт 0, 15% және 77, 78% су.

Гидрофилді негіздерге олигоэфирлердің ерітінділері жатады. Оларды жоғары молекулалық қышқылдар мен полисахаридтерден этерификация арқылы алады.

Фитостеринді гелдер. Негізінде, жарықтың әсеріне төзімсіз препараттар үшін жағар май негіз ретінде қолданылады.

Балшықты минералдардың гельдерін құрамына активті заттар (тотықтырғыштар) кіретін (КМПОч, хлорамин, иод және т. б. ) жағар майларды дайындау үшін қолданады.

Slide 16

Өндірісте қолданылатын жағар май негіздері. Олардың классификациясы, жалпы сипаттамасы.

Жағар майлардың сипаттамасы.

Жоғарыда айтылғаннан басқа жағар майлар әсер ету түріне байланысты екі топқа бөлінеді: а) жергілікті әсер ететін жағар майлар;

б) резорбтивті әсер ететін жағар майлар, мысалы, құрамына нитроглицеринді 2%-тік майлы ерітіндісі кіретін «Нитронг» деп аталған жағар май. Дисперстік жүйесінің түріне байланысты жағар майлар: а) гомогенді және

б) гетерогенді топтарға бөлінеді.

Slide 17

Жағар майларды гомогенизациялау. Қолданылатын аппаратуралар.


Ұқсас жұмыстар
Жағар майлар
Қазақстан экологиясы
Тың игерудің экологиялық салдары
Мұнай қандай зат
Өндірісті жобалау негіздері және жабдықтау ДӘРІСТЕР
Өндіріс шығындары
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылымы және бөлшектерінің конструкциясын жобалау
Дәрілік түрлер технологиясында қолданылатын дәрілік және қосымша заттар
Автотранспортпен ауаның ластануын бағалау
Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz