Балалар мен жасөспірімдердің жағымсыз мінез-құлықтары: себептері, алдын алу және түзету


Slide 1

Жағымсыз мінез-құлық формалары, оларды алдын алу және жеңу.

Slide 2

Баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы,

бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды,

сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:

Биологиялық ерекшеліктер

Әлеуметтік орда.

Осы факторлар бойынша, А. Бек жүргізген зерттеулер эмоционалды үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар қиындықтар жүйге келтірілген және олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы тұрақсыздыққа алып келеді деп көрсеткен.

Жасөспірімдердің балалық шақтан ересек өмірге өту кезеңіндегі заңдылықтарды орыс ғалымы А. Петровский төмендегідей қағидалар арқылы көрсеткен:

жасөспірімнің өзіндік ерекшелігі бейімделу кезеңінде жеткізген нәтижелерімен және және оны жүзеге асыруда айқындалады;

жасөспірім өзінің қабілеттерін, мүмкіншіліктерін өз қатарының ортасында көрсетуге тырысады

Жасөспірімдер өмірінде өзгермелі кезеңдері болады. Соның бірі, бастысы ең ауыр болып келетіні - жасөспірімдік кезеңі. Бұл уақытта адам 15-18 жас аралығында жасөспірім бала емес, бірақ әлі ересек адам да болмайды. Бұл жас - жасөспірімдердің есеюіне, төмендегі факторлардың қоршаған ортаға қарай бейімделіп, қылмыстық жолға түсуіне әсері көп болады.

Slide 3

Балалар агрессиясының себептерінің үш негізгі көзі:

Біріншіден, бала өсіп келе жатқан отбасының өзі агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы және осындай көріністі бала санасында берік орнықтыруы мүмкін. Кейбір ата-аналар екіжүзділікке бейім болады, сөз жүзінде олар балаларында агрессияның байқалуына қарсы, оларды қайырымды әрі жуас етіп тәрбиелегісі келеді, сонымен бірге олар төбелеске қорықпай кірісіп кету немесе басқа да жымысқы жолдармен мәжбүрлеу арқылы құрдастарымен арасындағы проблемасын өзі шешуге тырысқан балаларына сүйсініс танытады.

Екіншіден, балалар агрессияшыл мінез-құлыққа құрдастарымен қарым-қатынасы барысында үйренуі мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі үшін күш басымдығына табыну үлкен орын алады, әсіресе ұлдар балалар қоғамдастығынгда демократиялық деп атауға келмейтін қасиетке ие болуды армандайды. Демек, кім күшті болса, ол бәрін де жасай алады - балабақша сәбилерін бақылағанда көруге болатын принцип осындай.

Үшіншіден, агрессиялылыққа үйрететін үлгі шынайы адамдар емес, шығармашылық туындылары да болуы мүмкін. Теледидар, монитор экрандары мен кітап беттеріндегі агрессия мен зорлық - зомбылық кішкентай көрермендерді кез келген уақытта құрылымсыз, қатал, бірақ жанжалды шешудің өте тиімді тәсіліне бой ұруға жетелейтіні күмәнсіз нәрсе. Сондықтан да балаңыздың не көріп, не оқып, қалай ойнайтынына назар аударған артық болмайды.

Slide 4

Тұлғаның дамуына әсер ететін 3 негізгі фактор:

тұғымқуалаушылық

қоршаған орта

тәрбие

Slide 5

1 Жаттығу.

“Менің бойымдағы қасиеттерім”

Бойымдағы жағымды қасиеттерім

Бойымдағы жағымсыз қасиеттерім

Slide 6

2. «Менің жетістіктерім” әдістемесі

Slide 7

3. Жаттығу.

“Менің арманым”

Slide 8

4. Жаттығу.

“Комплимент хаты”


Ұқсас жұмыстар
Қиын балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын педагогикалық-психологиялық түзету және алдын-алу
Балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық: себептері, даму кезеңдері және алдын-алу
Мектеп жасына дейінгі балалардағы девиантты мінез-құлық: себептері, ерекшеліктері және түзету мен алдын-алу шаралары
Әлеуметтік девиация және девиантты мінез-құлық: теориялар, себептері және түзету-алдын алу шаралары
Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың алдын алу және педагогикалық түзету
Мектептегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықты түзету: жүйелі педагогикалық іс-шаралар
Сынып жетекшілерінің әдістемелік отырысы: жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлықтарды алдын алу
Жеткіншек кезеңіндегі тәрбие мен оқыту: қиын балалар мен девиантты мінез-құлықты түзету
Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқы: түрлері, қауіп факторлары, бағалау және мектептегі алдын алу мен араласу әдістері
Гиперактивті балалар: мінез-құлық ерекшеліктері және педагогикалық түзету әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz