Психикалық құбылыстар


Slide 1

Психология ғылым ретінде

Slide 2

Жоспар

1. Психология туралы түсінік

2. Психикалық құбылыстар

3. Психология пәнінің салалары

Slide 3

Психология туралы түсінік Психология - психикалық құбылыстарды (жан құаттары), оның қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттейді. Психикалық құбылыс - сыртқы дүние заттар мен құбылыстардың мидағы бейнелері. (түйсік, елес, тілек, сезім, қабілет, мінез, қызығу, әдет, т. б. ) тұңғыш келген жері - Ежелгі Греция. Гректің “псюхе” - жан, “логос” - ғылым, ілім. Жан туралы ілім. Адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады. Мысалы: ұйқы кезінде ол денеден уақытша кетеді, оянған кезде қайтып келеді. Егер келмей қалса, адам өледі. - Анимистік пікір. Психология философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б. ғылымдармен аралас дамып келеді. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар психикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.

Slide 4

Көптеген ертедегі ойшылдардың көзқарастарына ортақ болған “психология” сөзінің орнына “жан” ұғымын қолданады және ерекше мәнді құбылыс ретінде қарастырады.

Жан

Идеалистік

Материалистік

Ежелгі грек ойшылы Демокрит «Жан мәңгі емес, ол өсіп, өшіп отыратындығын айтты”

Платон «Жан мәңгі өлмейді, өшпейді”

Slide 5 Slide 6

Ойшыл-ғалымдар

Еңбектері

И. Ф. Гербарт

Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған. Ғылымға ассоциация және апперцепция енгізген ұғымдары психологияда сақталған және өз мәнін жойған жоқ.

В. Вундт

Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалаған, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды.

И. М. Сеченов

Оның “Бас ми рефлекстері” атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады.

В. М. Бехтерев

Ол Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.

Зигмунд Фрейд

Ол психоанализ бағытының негізін салушы. Оның негізгі еңбегі “Түс көруді талқылау” 1900 жылы жарық көрді.

Джон Уотсон

Америка психологі психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырады. ”Психология, оны бихевиорист қалай көреді”, ”Бихевиоризм”деген еңбектері бар.

Роберт Вудворте

Көрнекті америка психологі функционалдық психологияның негізін салушылардын бірі. Ол бихевиористердің ұсынған “стимул -реакция” үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын - ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады.

Slide 7

Ойшыл-ғалымдар

Еңбектері

Аристотель

Жан туралы ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Ол адамда болатын негізгі 5сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс.

Р. Декарт

Ол сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады.

Б. Спиноза

Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынды.

Т. Гоббс

Ғылыми жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады.

Джон Локк

Ағылшын ойшылы психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі.

Д. Гартли

Ағылшын ғалымының еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Оның айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың, және сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.

Slide 8

Бірінші кезеңі - кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы- бұл кезең психология ғылымының бастауы(15-20ғ. )

Екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990)

Үшінші кезең - егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006)

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Slide 9

Ойшыл - ғалымдар:

Еңбектері:

Әбу -Насыр әл-Фараби

Ол психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне “Ақыл-ой туралы”, “Темперамент туралы”, “Түс көру туралы”, “Жанның мәні туралы”, “Ақыл-ой және ұғым”, “Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап”, “Ересектердің ақыл ойы туралы кітап” және т. б. еңбектерін арнады.

Жүсіп Баласағұни

“Тіл адамның даңқын асырады”, “ Адам ол арқылы бақыт табады”, “Тіл адамға жапа шектіреді”, “ Абайламаса, басынан да айырады”, “Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа” деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.

Төлеген Тәжібаев

Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында “К. Д. Ушинский - Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Мағжан Жұмабаев

Қазақ топырағында алғаш рет 1922жылы “Педагогика” атты оқулық жазған.

Жүсіпбек Аймауытов

Қазақ топырағында тұңғыш рет “Психология” оқулығын 1926 жылы жазды.

В. Я. Струминский

1923 жылы Орынбор қаласында “Педагогика” оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектиканың негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады.

Әбдірахман Асылбеков

Ол бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, әсіресе, оның “Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу”(1958), “Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру”(1959), “Бала тәрбиесінде семьяның рөлі”(1969) .

Slide 10

Психология ғылымының салалары:

Slide 11

Еңбек психологиясы адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми (ЕҒҰ) ұйымдастырудың психологиялық астарларын зерттейді. Еңбек психологиясының міндетіне адамның кәсіби ерекшеліктерін, еңбек дағдыларын дамытудың заңдылыұтарын, өндірістік жағдайдың ықпалын анықтау жатады. Еңбек психологиясы бірнеше бөлімдерден тұрады: олар сонымен қатар өз бетінше дербес, бір-бірімен байланысты психология ғылымдарының салалары. Олар: инженерлік психология; авиация; космос психологиясы.

Жас психологиясы әр жастағы адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, әртүрлі психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуын зерттейді. Жас психологиясы мынадай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересектер психологиясы.

Әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін, топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын зерттейді

Slide 12

Педагогикалық психологияның зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы; тәрбие психологиясы; ұстаз психологиясы мұғалім мен шәкірттердің арасындағы қарым-қатынасын, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Медициналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармокологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді.


Ұқсас жұмыстар
Психиканың перцептивті сатысы
ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Психика және сана
Психологияның даму кезеңдері
ПСИХОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІ
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Психология адам мінез - құлығын зерттеу
Психологиялық зерттеудегі тәжірбиеші мен зерттеуші ролі
Психологияның зерттеу әдістері
Психикалық құбылыстардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz