Пеницилин тобының антибиотиктері



Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Химиялық пәндер кафедрасы
Пиразолон-5 негізіндегі дәрілік заттар: антипирин, анальгин, бутадион. Пеницилин тобының
антибиотиктері
Орындаған: Әбу А. Б.
Тобы: В-ФҚ А-05-17
Қабылдаған: Бухарбаева А. Е.
2018-2019 оқу жылы

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1) Пиразолон-5 туындылары
2) Антипирин
3) Анальгин
4) Бутадион
5) Пенициллин тобының антибиотиктері
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер

Пиразолон-5
Mr=84, 08 г/моль; түссіз кристаллдар.
Балқу температурасы: 165⁰C; су мен этанолда жақсы ериді, диэтил эфирде, толуолда, хлороформ мен бензолда нашар ериді.
Теориялық түрде 8 таутомериялық формада болады, бірақ практикалық тұрғыда тек төрт түрі ғана белгілі.
III таутомер II-ге қарағанда тұрақтылығы жоғары. Таутомерлер қасиеті еріткішке байланысты өзгеріп отырады.
Төртінші таутомер күйінде пиразолон нитрленеді, сульфирленеді және галогенденеді. Сонымен қатар кетондар мен альдегидтермен конденсирленеді.

Антипирин
Антипирин- Antipyrinum. -1-фенил-2, 3- диметилпиразолон-5 алкалоидтарға тән реакцияларды беретін бір қышқылды күшті негіз. Иіссіз, аздап ащы демі бар, ақ түсті немесе түссіз кристалды үнтақ. Судың 1 бөлігінде немесе спирттің 1, 5 бөлігінде ериді. Антипирин қызуды реттейтін және қан тамырларын қозғайтын орталықты әлсіретеді. Бұл температураның төмендеуіне әкеліп соғады. Антипириннің әсері қабылданғаннан соң 15-20 минуттан кейін басталып, 3-12 сағатқа дейін созылады. Ұсақ малда ол ұзақ және күшті әсер етеді. Оны иттерде болатын бұлшық ет жөне буын ревматизімінде өртүрлі ауырсынуларда, күйісті малдың ішектері жүрмей қалғанда, жануарлардың невралгиялары кезінде қолдану жақсы нәтижелер береді. Антипирин үнтақ және концентрациялық ерітінді күйіңде бактериялардың өсіп-өнуін тоқгатады. Препараттың осы қасиетін және ауырсыну сезімділігін әлсірететін әсерін ескере отырып, оны ауырсыну сезімділігімен қатар жүретін жануарлардың әртүрлі ауруларын емдеу үшін қолданады.

Метаболизм. Антипирин қанға тез сіңіп кетеді. Сондықтан, ауруды басуға тез әсер етсе де, әсері ұзаққа созылмайды. Плазмадағы максималды деңгейі ағзаға енгеннен кейін 1-2 сағаттан кейін байқалады. Антипириннің 5% ғана ағзадан алуға болады, оның 50% метаболизмге ұшырап кетеді.
Анықталуы. Антипирин азот қышқылымен әрекеттесіп жасыл түсті нитрозоантипиринді құрайды.
Темір хлоридімен әрекеттесіп қызыл түсті ферропиринді түзеді.

Бутадион
Брутто-формула (система Хилла) : C19H20N2O2
Молекулярная масса (в а. е. м. ) : 308, 37
Түссіз кристаллдар.
Балқу теемпературасы: 104-107⁰С
Суда ерімейді; этанолда, хлороформда,
диэтилэфирінде, ацетонда жақсы ериді.
Күкірт қышқылында натрий нитритімен
әрекеттесіп қызғылт сары түске боялады.

Бутадион қабынуға қарсы 5% дық жақпа май болып табылады. Өзіне тән әлсіз иісі бар ақ түсті бір текті жақпа май. Фенилбутазон - қабынуға қарсы анельгетиалық, стероидты емес дәрі, ыстықты түсіретін және ауыруды басатын қасиетке ие, тіндердегі қабыну реакцияларын төмендете отырып простагландиндер синтезін тежейді.
Қолданылуы
- механикалық немесе химиялық тектегі дерматитте
- I және II дәрежедегі шектеулі көлемдегі күйіктерде
- күн сәулесінен болған күйікте
- көктамыр және бұлшықетішілік жұқпаларда енгізілген жердегі тері қабынуы
- жәндіктердің шағуында
- жедел геморройда (көтеуде)

Анальгин
Анальгин - Analginum. Ақ немесе аздап сарғыштау түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы (1:1, 5), этил спиртінде нашар ериді, ал эфирде мүлдем ерімейді. Судағы ерітіндісі түссіз, реакциясы бейтарап. Ұзақ сақталғанда сарғаяды, бірақ өзінің активтілігін төмендетпейді. Анальгиннің ауырсыну сезімділігін өлсірететін, ревматизмге қарсы және қызуды басатын әсері бар. Жергілікті жерге оның тітіркендіргіш әсері болмайтындықган, оны парентеральды түрде жиі қолданады, әсіресе буын ревматизмін емдеу кезінде ол ауырсыну сезімділігін әлсіретіп, температураны төмендетіп, ісіктердегі экссудаттың таралып кетуіне септігін тигізеді.


Пеницилин антибиотиктері
Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин- түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.
Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) - бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=4бр.
Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин) . Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді.

Тарихы
1928 жылы өзінің «салақтығынан», Флеминг пенициллин преператының негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады. Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940 - 1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.
Ал пенициллинді жаппай өндіру
ісі Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде жолға қойылды. 1945 жылы
Александр Флеминг пен жоғарыда
аттары аталған екі ғалымға физиология
және медицина саласы бойынша Нобель
сыйлығы табыс етілді.

Қатері және сақтық шаралары
Көптеген адамдар үшін пенициллин аса пайдалы да сенімді дәрілердің бірі болып табылады. Пенициллинді шектен тыс қолдану оларға зиян келтірмейді, тек қаржысын ғана шығын етеді. Пенициллинді аз мөлшерде қолданған жағдайда ол инфекцияны толық жоя алмайды және бактериялар пенициллинге үйреніп, оған берілмейтін болып алады (оларды жою қиындайды) .
Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады.
Пенициллинге берілмеу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz