Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар


Slide 1

Экология

Өткен тақырыптарды қайталау!

Орындаған: Онгарбекова Б

Slide 2

Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я - 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағыортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылымсаласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум. -психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады.

Slide 3

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

Қоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар.

Қоршаған ортаның радиоактивтік және таксикологиялық улануы жағынан жер бетінің ешбір халқы да, табиғи жүйесі де дәл Қазақстан халқындай және табиғатындай зардап шеге қоймаған шығар, сірә? Бұлай деуіміздің себебі - атомдық және химиялық өндірістердің, ядролық сынақтар мен басқа қарулардың ісерінен елімізде көптеген аймақтар күрделі экологиялық дағдарысқа ұшырады. Республикамыздың Арал өңірі, Шығыс Қазақстан, Семей полигоны және Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Ресеймен шекаралас «Капустин Яр» басы ашық айқын аймақ апаттар болып табылады. Елімізде осылай экологиялық жағдайдың пайда болуы біріншіден, халық дұрыс ұйымдастырылмауының нәтижесі, яғни, көне технологияларды пайдалану, саясат пен экономикада «біжден кейін кұл болмасаң, бұл бол» тоқмойын милитаристік көзқарастың үстем болуы, республиканың тек қана шикізат өндіруге бағытталуы себепші. Бұл қатынас адамның сана-сезімінің деформацияға ұшырауына және еңбекте экологиялық мәденеттің, экологиялық көзқарастың бұзылуына, сайып келгенде өз көрін өзі қазған қарабайырлыққа әкелді. Сондықтан экологиялық жағдайдың зиянды жағына қарай өзгеріп жатқанын ашық айтуға мүмкіндік болмады. 1949-1989 жылдарда Семей сынақ полигонында 470 ядролық жарылыс болды, оның 26 - жер үстінде, 90 - ауада, 354 - жер астында жасалды. Осылардың салдарынан тұрғындардың денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің табиғи тепе-теңдігі бұзылды. Зымырандарды космосқа шығаруға пайдаланған гептил деген жанармай қалдықтарының табиғи ортаға, адамға, жан-жануарларға әсері дәйекті зерттелмеген. Ал іс жүзінде қоршаған ортаның радиоактивтік, химиялық заттармен ластануының әсерінен адам тәнінде тектік және хромосомдық өзгерістердің пайда болуы, сонымен бірге өсімдіктер мен жануарлардың құри бастауы адамзатқа төнген қауіптің қаншалықты зор екендігінің айқын айғағы. Осындай генетикалық өзгергіштіктердің салдарынан мысалы, ұрықтанған жұмыртқа жасушаларының 50%-і өледі, немесе олардан пайда болған организмдер артына ұрпақ қалдыра алмайды. Гентикалық зардаптар дене мүшелеріндегі іртүрлі өзгерістер және психологиялық кеселдер түрінде пайда болады. Осындай зардапқа душар болған балалардың балалардың - 10 пайызы, яғни әрбір 1 млн баланың - 100 мыңы кеміс болып туылады екен.

Slide 17

Медициналық экология ( Медицинская экология) - адам экологиясының бір бөлімі және қоғамдық денсаулық байланыстары мен төуелділіктеріне және оның қоршаған табиғат, әлеуметтік және технологиялық орта факторларынан бұзылуына талдау жасайтын бүгінгі профилактикалық медицина бағыты.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері
Экология және тұрақты даму туралы
Республикасының экологиялық жағдайы
Гомеостаздың физиологиялық механизмдері
Микроорганизмдерге температураның әсері
Қоршаған орта
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АДАМ
Мемлекет басшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz