Экологиялық проблемалар
Презентация қосу
Экологиялық проблемалар.
Экологиялық апатты
Экологиялық апатты
аймақтар
аймақтар
Дайындаған: Темірханова Салтанат
Ухайыл Аружан
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше
фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен
қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның
кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық
ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес,
техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке
алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен
топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер
мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты
зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер
салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға,
топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп
соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту
үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация.
Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға
бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың
өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің
азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы
(деградация) жатады. Ұлттық экологиялық
проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий
теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен
байланысты проблемалар; тарихи ластану;
трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және
тәжірибелік кешендер полигондарының
әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық
проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті,
тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және
техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады.
Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет
ететін проблемалар бар.
Семей ядролық полигоны
Семей полигоны Қазақстан картасында
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі
- Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі
Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың
29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны
ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық
сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға,
гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде
радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей
ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан
орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды,
Шығыс Қазақстан, Жезқазғаноблыстары және Ресей
Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға
ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі
ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей
зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер
астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық
ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында
тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан
1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы
әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы
1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық,
жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті.
Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар
балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор
қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі
таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен
салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан
орасан зор ядролық арсенал болды.
Ядролық сынақтар
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық
және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни
жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде
және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты
1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе
көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз
ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер
денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң,
сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір
сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер
лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел
әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын
адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға
таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп
қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында
жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі
табылған.
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл
зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор.
Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде
де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы,
мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты.
Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық
ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ
табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл
аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай
проблемалар туындауда:
Экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші
Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне
байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
Мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,
балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке
балықтарының кеміп кетуі;
Осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл
қырылуы;
Аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Аралдың экологиялық проблемасы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ
жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен
Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік
егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді.
Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында
орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына
әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су
айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі
суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді.
Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға
жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз
суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай,
жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде
тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды.
Байқоңыр ғарыш айлағы
• Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында
орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. Қаланған.
• Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің
елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы,
ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер
үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.
Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары
кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және
теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне:
техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының
бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және
арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш
алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және
қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық
оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін
жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета
тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық
тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық
кешендер салынған.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz