Анатомияның даму тарихы




Презентация қосу
*Анатомияның
даму тарихы
*Адам анатомиясы (латынша anatome
– кесу, бөлшектеу деген ұғымды
білдіреді) – адам денесінің
құрылысын, пішінін, қимылдарын,
мүшелердің өзара қарым-қатынасын
зерттейтін жаратылыстану
ғылымының бір саласы
*Анатомия ғылымының негізін
көне грек ғұламалары: Алкмеон
Кротонский, Гиппократ,
Аристотель, Герофил, Эразистрат,
ертедегі Рим ғалымдары: А.К.
Цельс, К.Гален, орта ғасыр шығыс
ғүламасы Әбу Әли ибн Сина,
қайта орлеу дәуірінің ғалымдары:
Леонардо да Винчи, А.Везалий
және т.б. ғалымдар қаладыАдам
анатомиясының негізін салушы –
ежелгі рим дәрігері Гален, одан
кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази,
ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам
анатомиясына елеулі жаңалықтар
қосты. Қазақ даласында адам
анатомиясы мәселелері
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
(15 ғасыр), Халел
Досмұхамбетұлы (20 ғасыр)
еңбектерінде баяндалды.
*Гиппократ (б. з. б. шамамен
460–377) – көне Грецияда
медицина саласын жан-жақты
зерттеген ғалым. Адам
денесінің құрылысына көптеген
бақылаулар жасап, оны
жинақтап, бір жүйеге келтірген.
Әсіресе адамның ми сауытын
және оның жалпақ сүйектерінің
бір-бірімен жіктер арқылы
байланысатындығын толық
сипаттаған. Омыртқалар мен
қабырғалардың,
бұлшықеттердің, ірі
қантамырларының құрылысын
зерттеген. Гиппократ –
анатомия ғылымының дамуына
кезінде үлкен үлес қосқан
ғалым.
*Клавдий Гален (шамамен 130-200)
*Клавдий Гален – Гиппократтан кейінгі
зерттеулер мен бақылаулар жүргізген
римдік анатом және физиолог ғалым.
Өзінің оқыған дәрістерінде маймылдың
мәйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол
кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат
етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп
жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген.
Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке
тамырлары, бауыр мен бүйрек
қантамырларын зерттеген. Ішкі мүшелер
мен сүйек қабығын, сіңірлерді де
сипаттаған. «Адам дене бөліктерінің
міндеттері туралы» атты еңбегінде
анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін
білдіріп, мүшелердің анатомиялық
құрылымының қызметімен тығыз
байланысты екендігін көрсеткен. К.
Галеннің аталмыш еңбегі медицинада 13
ғасыр бойы құндылығын жоймай оқытылып
келген.
*Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)
*Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі
ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта
ғасырда философиялық және медициналық білім
бір-бірімен тығыз байланысты болған. Әл-
Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық
мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен
белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда
жаратылыстану ғылымының дамыған саласының
бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу
шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның
міндеті – тек адам ауруларының себептерін
анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау
жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» – деп
көрсеткен. Әл-Фарабидің медицинаға ерекше көңіл
бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір
тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік:
«Қайырымды қала» еңбегінде жүрек туралы өте
құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек – табиғи
жылылықтың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ
осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек
– басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі
билемейді» және т. б.
*
*Әбу Әли ибн Сина (Авиценна)
(шамамен 970-1037)

*Тәжік дәрігері әрі философы Әбу
Әли ибн Синаның «Анатомия мен
физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік
ғылымның ережелері» («Канон
врачебной науки») еңбектері өте
құнды. Бұл еңбектерінде анатомия
мен физиологияны жүйелеп,
қосымша мәліметтермен
толықтырған. Кітап латын тіліне
аударылып, 30-дан астам рет
қайта басылып шыққан.
*Уильям Гарвей
*Ағылшын дәрігері,
анатом. Қан
айналымның тұйық
екендігін алғаш рет
дұрыс түсіндірген.
Үлкен қан айналым
шеңберінің болатынын
ашқан. Ол-физиология
ғылымының негізін
салушы ғалым.
* Иван Михаилович
Сеченовты
физиологияның
атасы деп
санайды.Қанда
еріген газды алғаш
рет зерттеген
ғалым.Орталық
жүйке жүйесіндегі
тежелу процесін
ашқан.1863
жылы ,,Ми
рефлекстері,,
еңбегін жарыққа
шығарады
*Иван Петрович
Павлов
физиологияның
дамуына үлес қосқан
ғалым.Адам мен
жануарлар жүйке
жүйесінің
қызметін,қанайналы
мының реттелуін
зерттеген
* Қазақстанда Кеңес үкіметі дәуірінде ғылым
мен мәдениет жаппай өркендеді, сонымен
бірге бұл дәуір медицинаның бір саласы
болған анатомия ілімінің даму кезеңі болды.
Аса көрнекті дәрігер ғалым, профессор,
Ресей ғылым академиясы өлке тану
бюросының корреспондент-мүшесі Халел
Досмұхамедұлы (1883-1939) бірінші рет
қазақтілінде медицина техникумына
арналған анатомия оқулығын жазды.
Оқулық “Адамның тән тірлігі" дегенатпен
1922, 1927 жылдары Қызылорда, Мәскеу
қалаларында баспадан шықты. Бұл кітапта
анатомияға “адамның денесінің қалай
түзілгенін тексеріп, анықтайтын” немесе
“тән жүйесін тану” ілімі деп анықтама
берілген. Денедегі мүшелердің жұмысын
тексеретін немесе тән тірлігін танытатын
ілім физиология делінген. Кітапта “Сүйек
жүйесі”, “Сүйектердің байланысуы”, “Ет
жүйесі”, “Қимыл заңдылықтары”, “Қан
жүйесі”, “Лимфа жүйесі”, “Тыныс, ас
қорытужүйесі”, “Шағылыс-тұқым жүйелері”,
“Жүйке жүйесі” және “Сезім жүйелері”
дегентараулары бар. Кітапта анатомиялық
аталымдардың 466-сының қазақ тіліндегі
баламасы берілген.
*Қазақстанда анатомия ілімінің
дамуына үлкен үлес қосқан
ғалым, Қазақстан Республикасы
Ұлттық, ғылым Академиясының
мүше- кореспонденті Қазақ
Мемлекеттік медицина
университетінің анатомия
кафедрасының меңгерушісі,
медицина ғылымдарының
докторы, профессор Алшынбай
Рақышұлы Рақышев. Оның
“Анатомия терминдерінің
қазақша-орысша-латынша
сөздігі” (1963, 1964, 1966),
"Адам анатомиясы” атты
оқулығы қазақ тілінің
лексикалық бай мүмкіндіктерін
жоғары көтерумен қатар
мемлекеттік тілдің медицина
саласында тезірек
қолданылуына әсерін тигізді.
** 1931
1931 жылы
жылы Ең
Ең тұңғышмедицина
тұңғышмедицина
инситуты
инситуты ашылды Алматыда
ашылды Алматыда
ашылды.Ен
ашылды.Ен бірінші
бірінші ректор
ректор болып
болып
Санжар Жаппарұлы Асфендияров
Санжар Жаппарұлы Асфендияров
тағайындалды.1938
тағайындалды.1938 жылыжылы
жалған жала жабылуы
жалған жала жабылуы
салдарынан
салдарынан репрессияғс
репрессияғс түсіп,
түсіп,
ату
ату жазасына
жазасына
бұйырады.02.01.1996
бұйырады.02.01.1996 жылғы
жылғы
қаулысымен Алматы мемлекетік
қаулысымен Алматы мемлекетік
медицина
медицина институтына
институтына сіңірген
сіңірген
еңбегі
еңбегі үшін аты беріледі
үшін аты беріледі
*Анатомия
мұражайы
* Анатомия мұражайы 1997 жылы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ б.ғ.д.,
профессор А.И. Ғазизова жетекшілігімен, оның шәкірттері мен
студенттердің ұйымдастыруымен құрылған. Ең алғашқы жиналған
экспонат – түйенің қаңқасы болды, ол Ақмола облысының
Ерейментау ауданынан жеткізілді. Еліктің мүйізі Қостанай облысынан
әкелінсе, бұғының мүйісі Шығыс Қазақстан облысынан әкелінді.
Сайғақтардың мүйізі бұрынғы Торғай облысынан алдырылды,
сілеусін, жабайы шошқа, түйе, сайғақ, бұғы секілді жануарлардың
алуан түрлерінің бас сүйектері пайда болады. Студенттер біртіндеп
мұражай экспонаттарын дайындау тәсілдерін үйренді, әрі қарай
көптеген бұлшықет жүйелерінен препараттар дайындады. Сиыр, ат,
шошқа, ит, есек және қой секілді әртүрлі жануарлардың қаңқасы
жиналды. Құстардың қаңқаларын жинау өте күрделі болды, себебі
құстардың қаңқасы өте нәзік болып келеді – аққу, тауық, қаз, үйрек,
құр және т.б. студенттердің бірқатары жануарлар мен құстардан
мүсінін жасау әдістерін меңгерді. Қазіргі кезде мұражайда түлкі,
қаз, құр, бүркіт, тотықұс, егеуқұйрық, тиіннің мүсіні бар. Мұражайда
төрт түрлі жануардың (жылқы, ірі қара мал, шошқа, ит) толық
қаңқасы бар. Олардың сүйектері ерекше арнайы сөреге немесе
стендке орналастырылған. Барлық анатомиялық препараттар
сипатталып жазылған және студенттерді оқытуда қолданылатын
жақсы көрнекі құрал болып табылады. Студенттер анатомия
курсынан дәстүрлі түрде тышқандардан, әр түрлі жануарлардың қан
тамырлары жүйесінен, жүйке жүйелері, буындарынан препараттар
даярлайды, бұл топографиялық, жеке және түрлік анатомиядан
білімдерін бекітуге көмектеседі.
* Награды, почетные грамоты
Нагрудный знак МОН РК «Почетный работник
образования Республики Казахстан», 2013 г.
Нагрудный знак МОН РК «ЗА ЗАСЛУГИ В РАЗВИТИИ НАУКИ
В РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 12.06.2012
Юбилейная медаль "100 летие со дня рождения
профессора Кадырова Н.Т.", 2016 г.
Юбилейная медаль «С.Сейфуллин атыңдағы ҚАТУ 60
жыл», 2017
Грамота МСХ РК в честь 60 летия КазАТУ им С.
Сейфуллина, 2017
Повышение квалификации
Курсы «Реализация основных принципов Болонского
процесса и внедрение системы ECTS в вузах Казахстана»,
РГКП "Национальный центр оценки качества
образования, 2010 г.
Семинар «Thomson Reuters для научных исследований»,
КазАТУ им. С.Сейфуллина, 2012 г.
Стажировка в Польше, г. Варшава, Университет
Естественных Наук. 2013
Международный семинар «Программный комплекс ЭРА
для экологов РК. Версия 2.0 Новые возможности», Астана,
2015
Республиканские и международные встречи
Международный семинар «Программный комплекс ЭРА
для экологов РК. Версия 2.0. новые возможности»
Институт повышения квалификации и дистанционного
обучения КазАТУ им. С.Сейфуллина, 09-11 июня 2015 г.
Семинар «Передовой опыт и альтернативы использования
животных в образовании и профессиональной
подготовке», Астана, 16 июня, 2016 г.
* Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Адам анатомиясы.Анатомияның тарихы
Патологиялық ауру
Медицинада жалпы патологияның рөлі
Жануарлар патологиясы пәні, мазмұны мен міндеті және даму тарихы
Патологиялык анатомияның заманауи зерттеу әдістері
Физиологиялық зерттеу тәсілдері
Биология ғылымының даму тарихы
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Эволюциялық идеялардың даму тарихы
Жылу алмасуды реттеу
Пәндер