Маркетингтегі баға саясаты: баға белгілеудің мақсаттары, стратегиялары және әсер етуші факторлар


Slide 1

Маркетингтегі баға саясаты

Орындаған: Абилова Ж.

Slide 2

Жоспар:

1. Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі

2. Баға белгілеудің мақсаттары, стратегиялары және әдістері

3. Бағаның нарық жағдайына бейімделуі

Slide 3

Бағаға әсер ететін факторлардың негізгілері мыналар:

1. Өндіріс шығындары.

2. Сұраныс.

3. Тұрғындардың сатып алу қабілеті

4. Ақша өрісінің жағдайы

5. Бәсеке.

6. Бағаларды мемлекеттік реттеу.

7. Тауар сапасы.

8. Тасымалдау көлемі.

9. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара қарым-қатынас

10. Жеткізу шарттары.

Slide 4

Тәжірибеде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады:

Нарықта қалуды қамтамасыз ету;

Пайданы мейлінше молайту;

Нарық үлесін жаулап алу;

Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші (лидер) орынды алу.

Slide 5

Жалпы баға үш тәсіл арқылы анықталады:

Баға тауар өндіру және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жабуы қажет;

2. Кәсіпорын тек шығындарды ғана жаппай, сонымен қатар белгілі бір пайда алуы тиіс, ол өз кезегінде тауарға деген сұранысқа байланысты;

3. Нарықта бәсекелестер әрекет етеді. Сондықтан, тұтынушы төлеуге әзір баға бәсекелестер ұсынысына байланысты болады.

Slide 6

Тәжірибеде сұранысқа негізделген баға тағайындау стратегияларының мынадай түрлері қолданылады:

«Қаймақ қалқып алу» стратегиясы.

«Престижді бағалар»

Психологиялық тұрғыда баға тағайындау

Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы.

Бағалар дифференциациясы.

Slide 7

Ассортименттік баға

Баға белгілеу стратегиясы. Бұл стратегия көбінесе сұранысы бірқалыпты емес, бірін-бірі толықтыратын және ауыстыратын (субститут) тауарларға қолданылады.

Slide 8

Бағалар дифференциациясының түрлері:

А. Бағалардың уақыт бойынша дифференциациясы. Бұл уақытқа байланысты бір тауарға әр түрлі бағалар белгілеу. Оның мақсаты - сұраныстың маусымдылығын ескеру, қызметкерлер мен өндіріс қуатын тиімді түрде қолдану.

Ә. Тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігіне қарай қойылатын бағалар. Қызмет көрсету саласында табысты қолданылады.

Б. Тауар нұсқаларын есепке алу арқылы қойылатын баға. Мысалы, «Әсем-Ай» компаниясы 0, 5 литрлік минералды су бөтелкесін мен 1, 5 литрлікті ұсынады.

В. Кезеңді жеңілдіктер стратегиясы (бағалардың төмендеуі) . Ол тұтынушыларды ақшалай табыстары мен нарық сыйымдылығына қарай топтастыруға негізделген.

Slide 9

ТӨЦ кезеңдеріндегі баға саясаты.

1. Егер енгізілетін тауар нарықта бар болса, онда ТӨЦ-тің енгізу кезеңінде «нарыққа ену» стратегиясы қолданылады.

Жаңа тауарға ТӨЦ-тің енгізу кезеңінде жоғары баға қойылады. Бұл “қаймақ қалқып алу” стратегиясы болуы мүмкін.

Slide 10

ТӨЦ кезеңдеріндегі баға саясаты.

2. Өсу кезеңінде өнімнің техникалық және функционалдық дифференциациялануы жүреді, ол бағалардың сапаға байланысты дифференциациялануына әсер етеді. ТӨЦ-тің өсу кезеңінде баға белгілеудің «қаймақ қалқып алу», нарықтық лидердің бағасы, икемді, стандартты және тағы басқа баға стратегиялары қолданылады.

Slide 11

ТӨЦ кезеңдеріндегі баға саясаты.

3. ТӨЦ-тің жетілу кезеңін анықтау өте қиын. Оны уақытында және дұрыс анықтау - нарықта жетістіктерге жетудің маңызды кепілі. Бұл кезеңнің соңына қарай сұраныстың сату көлемі мен пайда мөлшерінің азаюы біртіндеп айқындала бастайды. Фирмалар баға стратегияларының әр түрлерін қолдануы мүмкін. Олар - стандартты, икемді, бәсекелестік, дифференциациялық бағалар.

Slide 12

ТӨЦ кезеңдеріндегі баға саясаты.

4. ТӨЦ-тің құлдырау кезеңі. Бұл кезеңде қолданылатын бағалар барлық шығындарды немесе олардың белгілі бір бөлігін өтеуге бағытталған. Сондықтан берілген кезеңде, негізінен, біртіндеп төмендеп бара жатқан, құлдыраушы немесе күрт төмендеген бағалар қолданылады. Кәсіпорындар өздерінің бағалық стратегиясын нақты нарық жағдайына қарай өзгертеді.

Slide 13

Әлемдік тәжірибеде бағалық жеңілдіктердің 30 түрі танымал.

«Сконто» немесе қолма-қол ақша төлегенде берілетін жеңілдік.

Бонустық немесе айналым үшін берілетін жеңілдік тұрақты сатып алушыларға жыл ішінде жасаған айналымдарына қарай беріледі.

Прогрессивті жеңілдіктер. Сатып алушыға сатып алу санына, көлеміне, сериясына (бір типті тауарлар) қарап беріледі. Бұл жеңілдіктер сомасы өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты болатын шығындарды үнемдеу көлемінен көп болмауы керек.

Маусымдық жеңілдіктер. Сатып алушыға тауарды сату маусымы өткеннен кейін ұсынылады.

Slide 14

Әлемдік тәжірибеде бағалық жеңілдіктердің 30 түрі танымал.

Функционалдық (делдалдық) жеңілдіктер. Тауарды сату, сақтау және есеп жүргізу жұмыстары бойынша арнайы қызметтер атқарғаны үшін, көрсетілген қызметтердің сипатына қарай әр түрлі өткізу арналарына ұсынылады.

Арнайы жеңілдіктер. Олар тұрақты сатып алушыларға, сондай-ақ сатушы мүддесіне сай тапсырыс беретін сатып алушыларға да ұсынылады. Бұл категорияға сатып алушыны қызықтыратын тапсырыстар жатады.

Slide 15

Әлемдік тәжірибеде бағалық жеңілдіктердің 30 түрі танымал.


Ұқсас жұмыстар
Баға және баға белгілеу: теориялар, функциялар мен әсер етуші факторлар
Баға және баға белгілеу: модельдері, түрлері және әсер етуші факторлар
Кәсіпорындағы баға саясаты: детерминанттар, баға қалыптастыру әдістері және бейімделу стратегиялары
Бағаны басқару: баға белгілеу әдістері, стратегиялары және әсер ететін факторлар
Фирманың баға саясаты: мақсаттары, стратегиясы және мемлекеттік реттеу
Бағаға әсер ететін факторлар және баға белгілеу стратегияларының талдауы
Баға және баға белгілеу: теориясы, факторлары мен стратегиялары
Баға: ұғымы, атқаратын қызметтері, әсер ететін факторлар және баға белгілеу әдістері
Баға белгілеудің әдістері және калькуляциялық шығындар
Баға саясаты: бағаның жіктелуі мен баға белгілеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz