Тәрбиелеу, оқыту, қалыптастыру, дамыту және әлеуметтанудың өзара байланысы


Slide 1

“Тәрбиелеу”, “оқыту”, “Қалыптастыру”, “Әлеуметтану”, “дамыту” ұғымдарының өзара байланысы

Slide 2

Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

Әл- Фараби

Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. ) .

Slide 3

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т. б. ) . Мінез- құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс- әрекеттілікке айналады. Дербестік пен өз мінез- құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

Slide 4

Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз- бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор- баланың ата- анасынан немесе ата- бабаларынан биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда- адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, ақыл, шартсыз рефлекстер, нәсілік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер) .

Slide 5

Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным - сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез - құлық бірте - бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық - әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық - физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық мен шығармашылық іс - әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық - саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір - біріне кіріс байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.

Slide 6

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Slide 7

Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

1. екі жақты сипаты;

2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;

3. оқыту жағынан басқаруы;


Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды дене тәрбиесі арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістемесі
Интерактивтік модульдік оқыту технологиясы: жеке тұлғаны дамыту және оқушылар шығармашылығын қалыптастыру
Мектепке дейінгі кезеңдегі тіл дамыту әдістемесі: мақсаттары, мазмұны және пәнаралық байланысы
Мәдениет пен өркениет: өзара байланысы мен ерекшеліктері
Мәдениет пен өркениет: теориялар мен өзара байланысы
Шетел тілін оқыту әдістемесінің педагогика, психология және лингвистикамен байланысы
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы: теориялар мен көзқарастар
Иіс және дәм сезу анализаторларының морфофизиологиясы және өзара байланысы
Геодезия: ұғымы, бөлімдері және басқа ғылымдармен өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz