Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі



Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі ережелер мен гигеналық талаптар

Жоспар:
Мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдарының ережелері
Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны
Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) жобалауға және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
Тамақтану гигенасы
Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелер
Қолданылған әдебиеттер мен саиттар.

Мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдарының ережелері
Мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу;
Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;
Мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;
Балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;
Бес (алты) жастағы балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ету;
Тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен өзара iс-қимыл жасау;
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультативтiк көмектi ұйымдастыру.

Мектепке дейінгі ұйымдар мыналарға бөлiнедi:
1) Тәрбиеленушілердiң жас құрамына қарай: бiр жастан үш жасқа дейiнгi балаларға арналған балалар яслиi; үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшалар; бiр жастан алты (жетi) жасқа дейiнгi балаларға арналған ясли-бақшалар;
2) Мақсаты бойынша: Жалпы дамытатын үлгiдегі: ясли-бақша, жалпы үлгідегі балабақша тәрбиеленушілердi дамытуды (дене, зияткерлiк, эстетикалық және т. б. ) бiр немесе бiрнеше бағыттарда басым жүзеге асыратын мектепке дейiнгi оқу-тәрбие орталығы; Түзеу үлгiсiндегі: ясли-бақша, дене және психикалық дамуында мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған балабақша (сөйлеу, көру, ecту, интеллектi, тiрек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған, психикалық дамуы шектеулi және т. б. ), санаторийлiк балабақша (бастапқы туберкулез инфекциясы білiнген, туберкулездiң кішігірiм және басылып келе жатқан нысандарымен ауыратын, жиi және ұзақ ауыратын балаларға арналған және т. б. ) ; Құрама үлгiдегі (жалпы даму және түзеу сипатындағы функцияларды қоса атқаратын ясли-бақша, балабақша) . Мектепке дейiнгі ұйымдардың жаңа үлгiлерi мен құрылымдары: бiлiм беру ұйымдары базасындағы мектепке дейінгі шағын орталықтар, "балабақша-мектеп" кешендерi, үйдегi балабақша және т. б. болуы мүмкiн;

Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мына жағдайларда сақталады:
Бала ауырып қалғанда;
Бала медициналық, санаторийлік-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;
Ата-анасының бiреуiне еңбек демалысы берілгенде;
Бала жаз маусымында екі айға дейінгi мерзiмде сауықтырылғанда.

Басшы құрылтайшының келiсiмi бойынша баланы мектепке дейiнгi ұйымнан мына жағдайларда шығарады:
Баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы уақтылы төленбегенде (10 күннен астам) ;
Бала дәлелдi себепсiз және әкiмшiлiкке ескертпей балабақшаға бiр айдан астам келмегенде;
Баланың мектепке дейінгі ұйымға келуiне кедергi болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болса.

Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi
Өз Жарғысымен белгiленген функциялардың орындалуын;
Бiлiм беру бағдарламаларының толық көлемде iске асырылуын;
Іске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының сапасын;
Білім беру процесiн ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, әдiстердiң және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, бейiмдiлiгiне, қабiлеттерiне, ынталары мен қажеттілiгіне сәйкестігін;
Бiлiм беру процесi кезiнде балалардың және мектепке дейiнгi ұйым қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етедi.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) жобалауға және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
1. Топтық оқшаулауды қамтамасыз етуі; .
2. Қолайлы ауа-жылу тәртібін қамтамасыз етуі;
3. Жеткілікті дәрежеде табиғи жарық және күн сәулесінің түсуін қамтамасыз етуі;
4. Қимыл белсенділігі үшін жағдай қамтамасыз етуі;
5. Ұтымды тамақтандыру ұйымдастыру үшін жағдайлар қамтамасыз етуі.

Топтық оқшаулау қағидасы МДМ жоспарлау мен салудың негізгі қағидасыболып табылады. Топтық оқшаулау, мектеп алдыға дейінгі және мектепке дейінгі жастағы балалар тез шалдығатын, жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған. Ал, қимыл белсенділігі, таза ауа, күн сәулесі, оңтайлы микроклимат жағдайлары және толық құнды тамақтандыру, балалардың үйлесімді өсуі мен дамуын, олардың денсаулығының сақталуы мен нығаюын және ағзасының қарсы тұру қабілеті жоғарылауын қамтамасыз ететін ең маңызды факторлар болып табылады.

Дене шынықтыру алаңшасы мектепке дейінгі жастағы балалар алаңшасына жақын орналасуы керек. Онда қозғалмалы ойындарға, спорттық ойындар: волейбол, баскетбол, бадминтон, теннис және басқаларға, сондай-ақ, гимнастика сабақтарына, жүгіруге, секіруге арналған зоналар бөлінеді. Дене шынықтыру сабақтарын жүргізуге арналған қажетті құрал-жабдықтар орнатылуы қажет. Дене шынықтыру алаңшасының жанына 0, 4-0, 6 м тереңдігі өзгермелі ашық жүзу су алабы (бассейн) және тереңдігі 0, 25 м су шашып ойнайтын алабы орналастырылады. Қыста бұлардың территорясы мұз айдыны ретінде қолданылады. Аурулардың таралуын болдырмау үшін, дене шынықтыру алаңшасы мен су алаптарын топтар кезектесіп пайдалануы қажет.

Шаруашылық алаңшасы топтық және дене шынықтыру алаңшаларынан алыс, кір жуатын орын мен ас блогының жүк тиейтін есіктері жақта орналасуы керек. Алаңшаның төсемі қатты, топтық алаңшаларға жүрер жолдарды кесіп өтпей, көлік кіретін жеке жолы болуы керек. Қоқыс жинағыштар шаруашылық алаңшасында ғана орналастырылады.

Тамақтану гигенасы
Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатал сақтау;
Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы;
Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына байланысты дұрыс бөлу;
Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.

Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары төмендегідей болып келеді:
Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;
Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым салынады;
Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым салынады;
Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т. б. ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек;
Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;
Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz