Жыныстық цикл




Презентация қосу
ЖЫНЫСТЫҚ ЦИКЛДІҢ
ФЕНОМЕНДЕРІН БАЛАУДЫҢ
КЛИНИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ.
Малды өз төлінен өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп күш
жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс. Қазақ баска көшпенділер
сияқты ежелден мал баққан, мал өсірудің қыр-сырын жете білген халық.
Дегенмен, бұрынғы кеңес өкіметінің тұсында, тоқырау заманында мал
шаруашылығын өндірістік негізде жүргіземіз деп ірі сүт кешендерін
салып, қойшылар бригадасын құрып, тағы басқада көптеген
жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, мал басының саны қысқарып,
одан алынатын өнім күрт төмендеп кетті.
Республикамызда жыл сайын аналық мал басының 30-40 пайызынан
төл алынбай қалады. Оған жаңа туған төлдің шығынға ұшырауын
қосып есептесек, мұның республикамыздың халық шаруашылығына
келтіретін зияны орасан зор.
Малдәрігерлік акушерлік (француздың acconher - туу деген сөзінен
шыққан) жыныстық органдардағы қалыпты жағдайда өтетін үрдістерді
және ауруға шалдыққан кезде болатын өзгерістерді (ұрықтандыру,
ұрықтану, туу және туғаннан кейінгі кезенде), жаңа туған төл мен
желін ауруларын зерттейтін клиникалық пән. Малдәрігерлік акушерді
дайындау өмір талабынан келіп туған қажеттілік.Ол сонау ерте
заманда жабайы хайуанаттарды қолға үйрету кезеңінен-ақ , туа алмай
жатқан малдың төлін тартып шығару , кағанак қабықтарын жарып
жіберу, төллін кіндігін үзу немесе кесу деген сияқты карапайым
көмектерден басталады.
Мал шаруашылығының ілгері дамуы патшалық Ресейде 1715 жылға
дейін арнайы малдәрігерлерін дайындайтын мектептердің ашылуына
мұқтаж болса, 1840 жылы Варшавада, 1848 жылы Дерпт қаласында,
1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда малдәрігерлік институттар
ашылды. Осы кезенде жаңадан ғылыми еңбектер, ветеринарлық
акушерлік пәні бойынша оку кұралдары жарық көре бастады. Бұрынғы
Кеңес Одағының территориясында Қазан төңкерісінен кейін де,
бірнеше институттар ашылып, онда ветеринарлық акушерлік пәнінен
дәріс беретін, арнайы дербес кафедралар жұмыс істей бастады. Атап
айтқанда, 1919 жылы Мәскеу ветеринарлық институтында, 1930 жылы
Алматы ветеринарлық зоотехникалық институтында, Семейде,
кейіннен Ақмола, Орал ауылшаруашылық институттарында сондай
кафедралар ашылды.
Ветеринарлық акушерлік, гинекология және көбею биотехнологиясы
басқа ғылым салалармен тығыз байланысты. Атап айтқанда жануарлар
морфологиясы және физиологиясы, гистология, микробиология,
вирусология, иммунология, биохимия, зоогигиена, фармакология,
токсикология, хирургия, патологиялық физиология, патологиялық
анатомия, жұқпайтын ішкі аурулар, паразитология мен эпизоотология,
малды азықтандыру пәндерінің ветеринарлық акушерлік және
гинекология пәнін оқып үйренуде маңызы бар.
Жыныстық және физиологиялық жетілу.
Малдың өсіп ену, төл беру кабілеті тек қана жыныстық жетілген
кезеңнен басталады. Бұл кезде жыныстық органдарда, эндокринді
аппаратта және бүкіл организмде өте күрделі морфологиялық,
физиологиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда аналық жыныстық
безде фолликулдер өсіп жетіле бастайды да, онда аналық ұрық
торшасы және жыныстық эстрогендік гормондар (фолликулин) пайда
болады.
Бұл гормондардың әсерінен (эстрон, эстрадиол) ұрғашы малдың өзіне
тән ерекше белгілері айқындала түседі, жыныстық органдары дамып
толық жетіледі, мал күйлейді, яғни жыныстық цикл қалыптасады. Осы
кезден бастап аналық жыныстық безде овогенез үрдісі белгілі бір
мерзімде, әрдайым қайталанып отырады да, ол мал картайғанға дейін
жалғаса береді. Сонымен қатар сүт бездері де өсіп дамиды.
Жыныстық жетілудің мерзімі әртүрлі факторларға байланысты, яғни
түліктің, тұқымы, жынысы, климат, азықтандыру, бағып-күту, еркек
малмен қарым-қатынаста болу сияқты факторлар әсер етеді.
Жануардың неғұрлым өмірі қысқа болса, оның жыныстық жетілуі
соғұрлым тезірек болады. Бағып-күтімі жақсы малдың жыныстық
жетілуі де ертерек басталады.
Физиологиялық тұрғыдан толық жетілген малдың сыртқы пішіні
(экстерьері) және тірілей салмағы ересек мандың тірі салмағының 65-
70 пайызын құрауы тиіс. Құнажын, қашарлардың салмағы 290-300 кг
жетсе 16-18 айды күтпей-ақ қашыра беруге болады. Мегежіндердің
салмағы 110-120 кг жеткенде ұрықтандырады. Қабілеті ұрғашы және
еркек жаңғырта ұрпақ. Сперматогенез және оогенездің күрделі
процестерінің пайда болуымен сипатталады.
Жыныстық жетілу басталғаннан бастап жануарлардың жыныс бездері
аналықтарда ерекше құбылыстардың пайда болуына себепші болатын
гормондарды шығарады:ағулар, жыныстық қозу, аң аулау және овуляция, ал
еркектерде коитус қабілеттеріне. Жануарлар еркек немесе әйел адамға тән
сипатқа ие болады (сыртқы түрі, дене пішіні және т. б.). Жыныстық жетілу
мерзімдері көптеген факторларға, ең алдымен жануарлардың түріне,
тұқымына, жынысына, климатына, азықтандыру, күту және ұстау
жағдайларына, нейросексуалды тітіркендіргіштердің болуына (әртүрлі
жынысты жануарлар арасындағы қарым-қатынас) байланысты. Қандай да бір
түрдегі өкілдердің өмірі қысқа болса, олардың жыныстық жетілуі соғұрлым
ерте болады. Үй жануарлары жабайы қарағанда ерте жыныстық жетілуге
жетеді. Жыныстық жетілу жануардың өсуі мен дамуы аяқталғаннан бұрын
басталады. Мәселен, жылқының жыныстық жетілуі 18 ай, ІҚМ — 6-10, қой —
7-8, шошқада-5-8 ай болады. Жыныстық жетілудің басталуы ағзаның ұрпағын
қалпына келтіруге дайындығын куәландырады. Мұндай аналықтарда жыныс
жүйесі, сүйек миы, сүт бездері жеткіліксіз дамыған.
. Алғашқы жыныстық циклдар, әдетте, толық емес, аритмикалық.
Жыныстық жетілу уақытын және жыныстық циклдердің ырғағын есепке
алу практикалық маңызы зор. Олар жануарлардың құнарлылығын
сипаттайды,ұрғашыны еркектерінен дер кезінде бөліп, оларды асыл
тұқымды пайдалануға дұрыс дайындауға мүмкіндік береді. Жас
жануарларды белгілі бір жасқа жеткен кезде (биелер — 3 жас, сиырлар —
16-18 ай, шошқалар — 9-12, қой мен ешкілер — 12-18 ай) физиологиялық
жетілуіне жеткен кезде төл алу үшін пайдаланады. Бұл ретте еркектердің
жыныстық қызметін алдымен шектейді.Жыныстық жетілген жануарлар
деп ұрықтандыруға немесе жүкті (ұрғашы) қабілетті әр адам деп аталады.
Барлық жануарларда жыныстық жетілу ағзаның өсуі мен жалпы дамуына
қарағанда әлдеқайда ерте келеді. Физиологиялық жетілу деп ағзаның
қалыптасуын аяқтау процесін, экстерьерьерді және 65-70% салмақ алуды,
ересек жануарларға тән Дайн тұқымдары мен жынысын түсінеді.
Жыныстық және физиологиялық жетілу мерзімі
. Жыныстық циклға сипаттама
Жыныстық цикл. Жыныстық жетілген малдың организмінде
әсіресе, жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде кайталанып отыратын
өте күрделі морфологиялық, физиологиялық құбылыстар болады. Бұл
өзгерістер гипоталамус-гипофиз, аналық жыныстық безбен басқада
эндокриндік жүйелердің аракатынастық жағдайына байланысты және
орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асып отырады.
Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын
жыныстық цикл деп атайды. Жыныстық циклді жан-жақты зерттеп,
оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А. П.Студенцов болды.
Оның анықтамасы бойынша жыныстық цикл үш сатыдан тұрады:

1. Қозу

2. Тежелу

3. Тендесу
Қозу сатысы төрт феноменнің көрінуімен сипатталады, олар: шылым ағу
феномені, жалпы реакция (жыныстық қозу) феномені, күйлеу феномені
және овуляция феномені. Осы козу сатысында малдың организмінде оның
шағылысуына, ұрықтануына, эмбрионнын пайда болуына қажетті жағдай
туады. Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды; ырғақты немесе
ырғақсыз, жарамды немесе жарамсыз болып өтеді.
Синхронды жыныстық циклдің барлық феномендері белгілі бір уақыт
аралықтарында көрінеді, қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын білінеді.
Асинхрондық жыныстық циклдің феномендері бір-біріне ілеспей, әр кезде
көрініп, басылып жатады. Қозу сатысының қалыптасуы 4-5 тәулікке дейін
созылады. H. И. Полянцевтің мәліметі бойынша 25 пайыз сиырларда
жыныстық цикл синхронды өтсе, 75 пайызында асинхронды өтеді.
Ырғақты жыныстық циклдің қайталану мерзімі бірдей, мысалға, әрбір
21 тәулік сайын кайталанып отырады. Ырғақсыз жыныстық циклдің
қайталануы әр қалай, кейде 21 күннен кейін болса, енді бірде 45-60
күнге дейін малда жыныстық циклдің белгілері білінбейді. Жарамды
жыныстық цикл деп барлық қозу сатысының барлық феномендері
дерлік байқалған циклді айтады. Жарамсыз жыныстық циклде бір
немесе бірнеше феномендер көрінбей қалады. Мысалға: жалпы
реакция феномені болмай қалады оны ареактивтік жыныстық цикл деп
атайды, күйлеу феномені жоқ болса, алибидтік жыныстық цикл,
шылым ағу феномені жоқ болса, анэстралдік жыныстық цикл,
овуляция феномені жоқ болса, ановуляторық жыныстық цикл деп
аталады; Жарамсыз жыныстық циклдің қайсысында болмасын малды
шағылыстырғаннан, қашырғаннан ол тоқтамайды, ұрықтанбайды.
Шылым ағу (oestrus). Жыныстық органдардың кілегейлі қабығындағы
эпителий торшалары көбейіп, бірнеше қабат болады, олар шырыш
(секрет) бөліп шығара бастайды. Жатыр ішіне жиналған шырыш
сыртқа ағып шыға бастайды. Малдың сарпайынан жіп тәрізді
шұбырып, мөлдір түсті шырыш ағып тұрады. Осы құбылысты шылым
ағу феномені деп атайды. Қынаптың, қынап кіреберісінің, жатыр
мойынының кілегейлі қабаты домбығып ісініп, қызарып, қанталап
кетеді. Алғашқы күндері аққан кілегейлі сұйық көп емес, жатқан
жерінде жиналып немесе құйрығына жабысып қалғанын байқаймыз,
кейіннен оның мөлшері біраз көбейіп, соңына қарай азая бастайды.
Шылым ағу феномені басқа феномендерден бүрын басталады да,
кейін аяқталады. Күзде, қыстың суық күндері бүл үрдіс қысқа
мерзімде, баяу етеді, ал көктемде жаздың жылы күндері керісінше, өте
айқын, қарқынды 3-4 күнге созылады.
Шылым ағу үрдісінің маңызы өте зор, біріншіден оның санитарлық
маңызы бар. Сүйық неғүрлым көп ақса, жыныстық жолдар соғүрлым
тазара түседі, екіншіден сыртқа бөлініп жаткан кілегейлі сүйық аталық
үрық торшалары (спермийлер) үшін, яғни олардьщ жылдам қозғалуы
үшін өте қолайлы (реотаксис) орта болып табылады.
Шылым ағу үрдісі басталған соң 1-1,5 тәуліктен соң-ак, малдың
мінез-қүлқы да өзгере бастайды, сөйтіп екінші феномен басталады.
Жыныстық қозу (жалпы реакция) феномені малдың мінезқұлқының
өзгеруімен сипатталады. Мысалы, сиыр мазасызданып, бір орынында
тұра алмайды, жиі-жиі мөңіреп аяғымен жер тарпиды, жем-шөпке
қарамайды, сүті кеміп кетеді. Биелерде құлынның іші өтеді.
Жайылымда жүргенде, аулаға шығарғанда басқа сиырларға асылып
шағылысқандағыдай әрекет жасайды, өзінің үстіне басқа сиырлар
асылғанда қарсыласпай тыныш тұрады, бірақ бұқаны жолатпайды.
Жыныстық қозу феномені 15-20 сағаттай уақытқа созылады, кейде бұл
феномен мүлде байқалмайды.
Күйлеу (libido sexsualis) феномені ұрғашы малдың шағылысуға,
ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Күйлеген мал еркек малды өзі
іздеп барып, оған жақындап шағылысуға ыңғайланып тұрады, еркек
мал үстіне секіргенде қозғалмай тұрады. Сиырларда күйлеу феномені
орта есеппен 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері 10-13 сағат қана
болса, жазғытұрым бір тәулікке жетуі мүмкін. Әсіресе, таңертеңгілікке
далаға шыққанда анық білінеді. Малдың күйлегенін күйіттеуші
аталықтарды (бұқа, қошқар, айғыр қабан.)қолдану арқылы анықтаған
дұрыс.
Овуляция (ovulatio) феномені пісіп жетілген фолликулдің жа
рылып, оның ішінен фолликулярлы сұйықпен бірге аналық ұрық
торшасының бөлініп шығу үрдісін айтады.
lpi малдың овуляция үрдісін тік шек аркылы аналық безді ұстап,
сипап білуге болады. Күйлеп жүрген малдың аналык безінде көлемі
0,6-1,0 CM. сырты жылтыр былкылдаған күлдіреуік байқалады. Ол өсе
келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді, дөңгелек шар тәрізді
немесе сопақша үш бұрышты, алмұрт пішінді бола береді. Пісіп
жетілген фолликульдың қабырғасы коллагенезі ферментінің әсерімен
әбден жұкарады, ішкі қысым арта түседі де, фолликула жарылады.
Бұл үрдістің өтуі фолликул қоздырғыш гормонмен лютендеуші
гормонның тікелей әсер етуімен іске асады. Пісіп жетілген
фолликулдің аумағы 1,5-2 см жетеді. Биенікі тіпті, үлкен 4-5 см жетуі
мүмкін. Сиырда овуляция малдың күйлеуі тоқтаған соң, 10-15 сағаттан
кейін өтеді. Егер ол аталық малмен жанасып, шағылысқа түсетін болса
жатса, оның күйлеуі де, овуляциясы да тез өтеді.
Арық немесе ауру малдың овуляциясы көп кешігіп өтеді, 30 пайыз
жағдайда овуляция болмай қалады (ановуляторлық цикл).
Овуляциядан кейін аналық ұрық безінің көлемі кішірейіп,
жүмсарады. Жарылған фолликулдің орны шұңқыр, оған қан толып,
үйиды, фолликулярлық эпителийдің торшаларымен араласа өсіп, оған
лютеинді фермент сіңіп, сары денеге айналады.
Овуляциядан кейін 4-5 күннен кейін-ақ сары дене (corpus luteun)
аналық ұрық безінің үстінен бултиып біліне бастайды.
Егерде овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп, буаз болса, сары дене
мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай сақталып қалады.
Мұндай сары дененің буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егерде
мал буаз болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған
сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, сіңіп кетеді де, аналық ұрық
безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды. Мұндай жағдайда
сары денені жыныстық циклдің сары денесі деп атайды. Буаздықтың
сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде, ал жыныстық
циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып
қалса, ондай сары денені тұрып қалған немесе персистенттік сары
дене деп атайды. Бұл жыныстық жүйедегі қандай да бір патологияның
белгісі.

Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық торшасының пайда
болып, өсіп-даму үрдісін айтады. Ұрық торшасы аналық ұрык безінің
сырткы қыртысты қабатында примордиалдік фолликуллдердің
арасында пайда болады. Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық
торшалар қоршап тұрады. Бұл алғашқы фолликула. Овоциттер
эмбрионалдық кезеңде-ақ пайда бола бастайды. Бұл үрдіс жыныстық
жетілу мерзімінде біршама қарқынды, ал одан кейін сол баяулап
қартайғанға дейін жүріп отырады. Примордиалдық фолликулдердің
жалпы саны сиырларда бірнеше ондаған мыңға жетеді, оның тек
азғана бөлігі толық пісіп-жетіліп, овуляциямен аяқталады да, қалған
фолликулдер атрезияға ұшырайды. Атрезия деп фолликулдің дамуы
тоқтап, ішіндегі ұрық торшасы өліп, фолликулярлық сұйықтың
ыдырып сіңіп кетуін айтады.Бұл кәдімгі физиологиялық құбылыс.
Полициклді - жануарлардың жыныстық циклі бір жылдың ішінде
белгілі бір уақыт аралығында бірнеше рет, яғни әр 18-22 күн сайын
қайталанып отырады. Бұған негізінен үй жануарлары, демек, сиыр,
бие, мегежін жатады.
Моноциклді - жануарлардың жыныстық циклі жылына бір немесе
екі рет қана қайталанады. Оларға ит, мысық және жабайы аңдар
жатады. Ал түйе, қой мен ешкіні полициклді жануарларға жатқыза
отырып, олардың жыныстық маусымы бар екендігін көрсете кетуіміз
керек. Қой, ешкілер күзде күйлейді, ал түйе көбінесе, қаңтар айынан
бастап сәуір-мамыр айларына дейін бірнеше рет күйлейді.
Тежелу сатысы шылым ағу және жыныстық қозу феномендерінің
бәсеңдеп барып басылуымен сипатталады. Кеше ғана күйлеп жүрген
мал еркек малды теуіп-тістеп жолатпайды. Шылым ағу тоқтаған,
жыныс органдарының кілегейлі қабатының кызарғаны басылып
бозғылт тартқан, домбығып ісінгені де әлсіреген жатыр мойының
жабық кынаптағы кілегейлі қабатының эпителийі көшіп түсіп,
астынан жаңа торшалар пайда болады. Мал тыныштанып, жем-шөпке
тәбеті бұрынғы қалыпқа түседі. Сөйтіп, қозу сатысындағы байқалған
эволюциялық үрдістер тоқтап, орнына инволюциялық үрдістер келеді.
Теңелу сатысы. Тежелу сатысының жалғасы болып табылады, бұл
едәуір ұзақ уақытқа, жаңа циклдің басталуына дейін созылады.
Малдың мінез-құлқында айтарлықтай өзгеріс болмайды, аталық малға
қарамайды, болмаса, оған жоламай қашып жүреді. Ұрық безінде
әртүрлі даму сатысындағы фолликулдер де, сары дене де байқала
береді. Жатыр мойыны жабық. Бұл -тек сырттай қарағандағы
тыныштық. Ал жыныстық органдарда көзге көрінбейтін
гистологиялық, биохимиялық өзгерістер, үрдістер жүріп жатады.
Әдетте, жыныстық цикл жаңа буаздыққа әкеліп соқтыруы керек,
буаздық аяқталып мал төлдегеннен кейін қайтадан жаңа цикл
басталады. Жыныстық циклдің басталуын, оның өту барысын, оған
әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды білу, әр аналық малдан
жыл сайын төл алып отыру үшін қажет.

Еркек малдың жыныстық феномендері
Шағылысу немесе жыныстық қатынас (coitus). Ұрғашы және
еркек малдың арасында болатын негізінен шарсыз жыныстық
рефлекстерден тұратын өте күрделі физиологиялық құбылыс.
Жыныстық қатынас:
1)іздеп -тауып жақындау;
2)эрекция;
3) асылу;
4) қатынас рефлексі және
5) эякуляция рефлекстерден құралады.

Іздеп тауып жақындау рефлексі дсп еркек малдың күйлеген ұрғашы
малды иіс арқылы іздеп табуын айтамыз, кейде күйлеген мал еркек
малға өзі жақындайды. Бұл ит-мысықта, жабайы аңдарда өте күшті
байқалатын рефлекс. Алғашқы кезде бұл рефлекс, әлі дұрыс калыптаса
қоймаған, еркек мал күйлемеген малға да жақындап барып иіскеп
сүйкенуі мүмкін, кейін ғана олар шартты рефлекстердің қосылуына
қарай тәжірибе жинап, тек күйлеген малды ғана табатын болады.
Эрекция болған кезде жыныстық мүше қанға толып, жуандап үлкейіп
қатаяды, яғни жыныстық мүшені ұрғашы малдың жыныстық
жолдарына апарып салуға (енгізуге) қолайлы жағдай туады.
Эрекцияның басталуына көз рецепторлары, дыбыс қабылдау, иіс сезу,
сыртқы жанасу сезімдерін қабылдайтын рецепторлар арқылы түскен
импульстермен құйымшақтағы эрекция орталығын қоздыру себепкер
болады. Бұл орталықтан тиісті импульстер жыныстық мүшеге келіп,
оны жоғарыда айтқандай өзгеріске әкеліп соқтырады. Кейбір
жануарларда эрекцияны мастурбация жасау арқылы да туғызуға
болады. Айғырларда, қошқар мен бұқада күнде ұрық алып жүрген
орынға жақындағанда эрекция бастала береді.

Асылу рефлексінде еркек мал күйлеген ұрғашы малдың үстіне секіріп
мініп, алдыңғы аяқтарымен оның екі бүйірінен қысып тұрады. Бұл
рефлекс айғыр мен шошқада жақсы байқалады, шошқалар тіпті,
түлыпқа да асыла береді.
Асылу рефлексіне қабаттаса жыныстық қатынас рефлекс
басталады. Бұл рефлекстің мәні еркек мал күйлеген үрғашы малдың
жыныстық жолдарына (қынабына) өзінің жыныстық мүшесін енгізген
соң ерсілі-карсылы бірнеше қозғалыстар жасайды. Сол кезде
жыныстық мүшенің терісіндегі рецепторлар үйкелістен туатын жылу
және механикалық сезімдерді қабылдап, оның ақыры эякуляциямен
бітеді. Жыныстық қатынас рефлексі күйіс малдарында өте жылдам
өтеді. Жыныстық мүше қыпапқа түскен соң қатырақ бір итерумен
немесе сүрумен аяқталады.
Эякуляция - бұл дұрыс өткен шағылысудың мәресі, бұл кезде
организмдегі жүйкелік қозу үрдісі ең жоғарғы денгейіне жетеді
(оргазм), сөйтіп еркек малдың бойынан шәует бөлініп шығады.
Эякуляция үшін ең қолайлы температура 40-50 арасы. Экуляция
үрдісіне косымша жыныстық бездер өздерінің секреттерін бөліп
шығаруы арқылы қатысады: эрекция басталғаннан соң-ақ уретралдык
бездердің секреті бөлініп шығып уретраны, яғни несеп-жыныс өзегін
зәр қалдығынан тазалап өтеді, содан кейін баданалық без бен көпіршік
бездерінің секреті араласады, ен соңынан купер бездерінің секреті
бөлініп, шәуетті ұрғашы малдың жыныстық жолдарына тереңірек
апарып итеріп тастауға мүмкіндік туғызады. Эякуляция қабанда,
айғырда асинхронды, ал күйіс малдарында синхронды өтеді.
Бұғылардың шағылысуы жүгіріп бара жатып та өтуі мүмкін, қояндар
оргазм кезінде шыңғырып барып шалқасынан құлай кетеді. Иттер 20-
40 минутқа дейін бір-бірінен ажыраса алмай жабысып калады.
Мұндай құбылыс төбет пен қаншықтың жыныстық органдарының
ерекшеліктеріне байланысты. Буралар шағылысу кезінде өте ашулы
келеді, бөтен кісіні шайнап тастауы да мүмкін шағылысу үрдісі
түйенің шөгерілген жағдайында өтеді

Назарларыңызға рахмет!!!!!

Ұқсас жұмыстар
Жатыр
Контрацепция түрлері
Гинекологиялық ауруларды гормональды, ваготроптық препараттармен емдеу
Жыныстық циклдің өтуіне экологиялық және климттық жағдайдың, азықтандырудың, күтіп- бағудың, аталық малдың тигізетін әсері
Аналық жыныс безінің құрылысы
Бедеуліктен келетін экономикалық шығынды анықтау
Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі
Емен жеміс жемірінің биологиясы мен ерекшеліктері
Малдың жыныстық жетілуі
Күн сәулесінің артықшылықтары
Пәндер