Сенің жұлдызын Сендердің жұлдыздарың




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖЕКЕ ОҚУШЫМЕН
ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҚ ӨЗЕКТІЛІГІ: Жеке
оқушының тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан
жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты
қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз
ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның
тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-
өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тілі
сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс
түрлеріне тоқталу, маңыздылығына түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
– қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерінің теориялық негізін анықтау;
– қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерінің практикалық маңыздылығын негіздеу;
– қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлерін практикалық сараптама тұрғысынан тексеру нәтижелерін анықтау;
Оқыту процесінде жүргізілетін өздік жұмыстың мазмұны мына талаптарға сай болуы шарт:
– тапсырма мазмұны сынып оқушыларының жас және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек;
– оқушының бұған дейін алған біліміне сәйкес құрылуы тиіс;
– тапсырма түсінікті, мазмұны қызықты болуы қажет; орындау тәртібі мен тапсырма мазмұны бірте-бірте
күрделене түседі.
Қазақ тілі сабағында жеке оқушымен жүргізілетін тапсырмалар төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізу керек:
Оқушылардың өздігінен білімдерін толтырып, жетілдіре отырып, жаңа білім алу;
оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылану;
берілген білімді пысықтау;
оқушының білімін тексеру, бақылау;
шығармашылық қабілетін арттыру;
сөздік қорын байыту, тіл дамыту.
Академик В. П. Беспалко оқушылардың оқу материалын
меңгеру төрт-деңгейге бөліп қарастырады.
1-деңгей — оқулық деңгей.
2-деңгей — алгоритмдік-деңгей.
3-деңгей — эвристикалық деңгей.
4-деңгей — шығармашылық деңгей.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда мына ережені есте ұстау керек:
орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талапқа сәйкес болуы;
өздік жұмыс оқушының ойлау қабілетін дамытуы;
өздік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы;
әрбір өздік жұмыс тексеріліп, бағаланып отырылуы керек.
Өздік жұмысты сабақтың төменгі кезеңдерінде қолдануға болады:
жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде;
сабақты қайталау кезеңінде;
сабақты бекіту кезеңінде;
Қазақ тілі сабағында жеке оқушымен жүргізілетін тапсырмалардың сан алуан түрі бар. Эксперимент жүргізу
барысында мен 5 «А» сынып эксперимент сыныбы ретінде және 5 «В» сыныбын бақылау топ ретінде алдым. Ең
алдымен оқушылардың білім деңгейлерін анықтап алу үшін өткен тақырыптар бойынша, яғни, «қазақ халқының
салт-дәстүрлері» лексикалық тақырыпта және «орфография және орфоэпия» грамматикалық тақырыбында он тест
сұрақтарын орындауға ұсындым.
бірінші кезеңдегі сауаттылық деңгейі
6%

5%

4%

3%

2%

1%

0%
ба0ылау сыныбы эксперимент сыныы

Ряд 1 Ряд 2
«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөліміндегі «Өсімдік және музыка»
лексикалық тақырыбына және «Сөздің тура және ауыспалы мағына» грамматикалық
тақырыбына сай төменгі тапсырмаларды орындауға ұсындым:
1- жаттығу.
«Орнын тап» әдісі арқылы келесі жаттығуды орындауға ұсындым. Берілген сөздерді
жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп, кестені толтыр. Терең (өзен, білім, ой); қатты
(сөз, құрт); қара (көйлек, жұмыс, су, өлең, ниет); жұмсақ (адам, мінез, орындық).

Жауабы:
2-жаттығу.
Тура және ауыспалы мағынада айтылған мақал –
мәтелдерді жазып көрсетіңіз.
Жауабы:
Тура мағынада:
1. Жеті рет өлешеп, бір рет кес.
2. Тазалық - саулық негізі.
Ауыспалы мағынада:
1. Ел іші-алтын бесік.
2. Отан үшін отқа түс – күймейсін.
1-жаттығу.
«Бос уақыт және хобби» бөліміндегі «Уақыттың қадірі» лексикалық
тақырыбына және «Негізгі және туынды сөздер» грамматикалық
тақырыбына сай төмендегідей тапсырмаларды орындауға ұсындым:
Берілген диалог мәтіннен түбір сөздерді көшіріп жазып, жұрнақтар арқылы
туынды сөздер жасаңдар.
– Егер бос уақыттарың көп болса, не істер едіңдер? – деп сұрады
мұғалім.
– Мен шахматпен айналысар едім, – деді Досжан.
– Мен футбол секциясына барар едім, – деді Ерлан.
– Мен ағылшын тілін үйренер едім, – деді Сәуле.
Жауабы: шахмат – шахматшы, футбол – футболшы, тіл – тілші.
2-жаттығу.
Түбір сөздерді жазыңдар, оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды сөздер жасаңдар.

Түбір сөздер Туынды сөздер

Жауабы:
Түбір сөздер Туынды сөздер
Көз, саңқ, бұр, байла, күл, сөйле, Көз+де, саңқ+ыл, бұр+ғы, байла+м,
тала, өр. күл+кі, сөйле+м, тала+с, өр+іс.
1-жаттығу.
Суреттерге қарап ребусты шеш, шыққан сөзді тәуелде.
‘ ’’’ ‘ ’’ ’’’’ ‘‘ ’ ’’’’’

Жауабы:
Айшық
Менің айшығым Біздің айшықтарымыз
Сенің айшығын Сендердің айшықтарын
Сіздің айшығыңыз Сіздердің айшықтарыңыз
Оның айшығы Олардың айшықтары
Оқылым мәтінінің мазмұны негізінде диалог құрастырыңдар. Диалогтегі зат
есімдерге талдау жасаңдар.
Оқылым мәтіні:
Космогондық өрнектер ғарышпен байланысты барлық нәрселерді – жұлдыздар мен
айды жарты ай мен күнді, кемпірқосақты бейнелейді. Ұланғайыр далада көшіп-қонып
жүрген көшпенділерді ғарыш пен әлем құпиясықызықтырған. Оларды түнгі аспан
әлемінде көрініс тапқан космогондық өрнек – жұлдыздардың сыры бейжай
қалдырмаған.
Қазақтардың тұрағы – киізүй. Осы жеңіл де жинақы киіз үй – көшпелі өмірдегі ең
лайықты баспана. Шаңырағы аспанға тіке жол ашады, сырлы дүниеге шақырып,
адамның қиял-арманын ұштайды.
Осылайша табиғаттың өзі өмірдің талай құпиясын үйретіп, қазақтарға ою-өрнектің
космогондық нақышын тарту етті. Олар – ежелгі сақтар заманынан келе жатқан әлемдік
кеңістік пен жер шарының төрт тарабының, мәңгілік қозғалыстың символы: шеңбер,
айшық, күн шұғыласы, төрт құлақ, шимай, қисық сызықты бейнелейтін жұлдыз және
ою-өрнектің ортасында орналасқан бес бұрышты жұлдыз.
Жауабы:
– Сәлем Мадина!
– Сәлем!
– Сен ою-өрнектің пайда болуы жайлы не білесің ?
– Оқығаным бойынша, ою-өрнектерді қазақ халқы аспандағы айға, күнге, жұлдыздарға қарап ойлап тапты.
– Иә, дұрыс айтасың, сонымен қатар қазақ халқының киім нақыштарына да ою-өрнетер жатады.
Ою-өрнек
Менің ою-өрнегім Біздің ою-өрнегіміз
Сенің ою-өрнегін Сендердің ою-өрнектерің
Сіздің ою-өрнегіңіз Сіздердің ою-өрнектеріңіз
Оның ою-өрнегі Олардың ою-өрнектері
Күн
Менің күнім Біздің күніміз
Сенің күнің Сендердің күндерің
Сіздің күніңіз Сіздердің күндеріңіз
Оның күні Олардың күндері
Жұлдыз
Менің жұлдызым Біздің жұлдызымыз
Сенің жұлдызын Сендердің жұлдыздарың
Сіздің жұлдызыңыз Сіздердің жұлдыздарыңыз
Оның жұлдызы Олардың жұлдыздары
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірінші кезеңдегі сауаттылық деңгейі мен екінші кезеңдегі
сауаттылық деңгейінің арасында айырмашылықтар бар екені байқалады.
Нәтижесі төмендегідей:

10%

8%

7%

6%

Категория 1 Категория 2

эксперимент сыныбы эксперимент сыныбы2
Жүргізілген сауалнаманың нәтижесі төмендегідей болды:

11%

25%
иә
жоқ
64%
жауап беруге қиналамын
Қорытындылай келе, зерттеу барысында қиындықтар анықталып, кемшіліктер түзетілді. Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша
эксперимент сыныбының білім сапасы 100% -ға дейін көтерілсе, бақылау сыныбының білім көосеткіштері 80% нәтижені көрсетті.
Әрине, дәстүрлі сабақ ешқандай нәтиже бермеді деп айтуға болмайды, бірақ жеке оқушымен жүргізілген тапсырмалар арқасында
білім сапасы әлдеқайда биігірек болды.
Қорытындылай келе:
Жеке жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы
ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу
мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі,
пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілетін
оятады. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында оқушымен
жеке жұмыс жүргізу өте тиімді.

Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев туралы лебіздер
Топқа бөліну
Мұқағали Мақатаев
Сөз құрастыру
Жақсы дос
Досыңды қорлама
Менің таңдаған мамандығым
ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ТІРШІЛІГІ ЖӘНЕ СӨНУІ
Досыңа адал бол
Менің сүйікті жыл мезгілім
Пәндер