ЖББОМ КММ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
.

Біз 19 ғасырдың білім беру ортасымен,
20 ғасырдың мұғалімдерімен,
21 ғасырдың дағдыларын үйретуге тырысудамыз.
2012 жылғы мұғалім мамандығының
халықаралық саммитінің есебі

Еңбек қызметін ұйымдастырудағы өзгерістер
2
Еңбек қызметі неғұрлым аз әрі стандартты, қайталамалы бола түседі, еңбек міндеттері азайып, «үлгі бойынша» шешілуі мүмкін
Түрлі мүдделі тараптардың жобалау қызметі мен ынтымақтастығы негізінде жұмыстардың бір арнаға тоғысуы артады
Еңбек қызметінің түрлері көбейеді, оның негізінде желілік өзара іс-қимыл дағдылары қамтылады
«Өмір бойы бір мамандық» тәсілінің өзектілігі жоқ
Еңбек нарығының қарқынды дамуы жағдайында кәсіби дағдыларға қойылатын талаптардың тез өзгеруі (еңбекті автоматтандыруға және жаңашылдықтардың пайда болуына байланысты бірқатар мамандықтарға қажеттіліктердің жоқтығы) .
Барлық деңгейде жоғары білікті мамандарға сұраныстың артуы ( бірақ, белгілі бір салаларда жоғары білікті мамандардың артық болуы мүмкін) .
Дереккөз: Финляндияның Кәсіпкерлер одағы, 2012; ЭЫДҰ, 2012
ХХІ ғасырда сауатсыз адам деп оқып, жаза алмайтындарды емес, оқығысы келмейтін, оқуды аяқтамайтын әрі қайта оқымайтын адамдарды айтатын боламыз.
Элвин Тоффлер,
американдық философ

Танымдық базалық дағдылар:
Оқу және жазу дағдысы;
Санау дағдысы;
Шет тілдерін білуі.
Танымдық емес дағдылар
Танымдық жоғары деңгей:
Стандартты емес шешім, стандартты емес әрекет қабылдау қабілеті;
Жұмыста туындаған проблемаларды шеше білу;
Жұмысты жоспарлай білу (өзінің және қажет болған жағдайда басқаның) .
Әлеуметтілігі және ұстай білуі:
Адамдармен жұмыс істей білу;
Көшбасшылық қасиеті;
Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті;
Басқалармен ынтымақтасу қабілеті.
Танымдық дағдылар
Мінез-құлық сипаты (үлкен бестік) :
Адалдық (жұмысқа байыпты қарау, еңбексүйгіштік, тиімді жұмыс істеу) ;
Эмоциональдық тұрақтылығы (босаңсу, күйзеліске шыдауы, ұсақ-түйекке мән бермеуі) ;
Жанжал шығармауы (адамдарды кешіре білу, көңіл аудару, қайырымды, әдепті) ;
Эстраверттік (әңгімешіл, қайсар, достас, ортақшыл) ;
Жаңа идеяларға ашықтылығы (бірегейшіл, жаңа идеялары көп, белсенді пайымдаулары бар) .
Жұмысқа қатысты кәсіби дағдылары

Мектепті өзгерту керек пе?
Жаһандық өркениет туындады.
Арақашықтық енді жоқ - бәсекелестік жаһандық сипатқа ие болуда.
Тартылыс ортасы Еуропадан Азияға ауысып жатыр.
Әлемнің әл-қуатын бөлісу қай жерде білім беру жүйесі табысты болса тікелей соған тәуелді болады.
Талантты адамдарға әлемдік сұраныс артып келеді. Біліктілігі жоқ еңбекке сұраныс азая түсуде.
Білім деңгейі жоғары болған сайын, экономикалық көрсеткіш те жоғары болмақ.
Қазіргі сандық коммуникациялар өте қарапайым, тіпті 2 жасқа дейінгі әрбір үшінші бала да мобильдік құрылғыларды қолдана алады.

Оқу бағдарлама-лары
Бағалау жүйесі
Мұғалімдерді даярлау жүйесі

Базалық біліктілігінің болуын тексеру:
болашақ мұғалімдер мектепті үздік бітірушілердің 30%-на кіруі тиіс; сабақ беру және балалармен жұмыс істей білу ықыласын дәлелдеп көрстеуі керек.
Сауаттылықты тексеру:
болашақ мұғалімдер сауаттылық деңгейі бойынша жоғары көрсеткішке жетуі тиіс, өйткені зерттеу мәліметтері көрсеткендей, мұғалімнің сауаттылық деңгейі басқа нәрселерден гөрі балалардың нәтижелі болуына зор әсер етеді.
Мақсатын, қабілеті мен жеке қасиетін тексеру:
үш тәжірибелі директордан құралған комиссия жүргізеді;
Жұмысқа қатысты практикалық тапсырмалар түрінде де болуы мүмкін.
Мақсатын, қабілеті мен жеке қасиетін тексеру:
болашақ мұғалімдерге оларды бастапқы даярлау кезінде мониторинг жүргізіледі; талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлердің шығарылады.
Байқау
Тестілер,
тексерулер
Сұхбат
Мони-
торинг
Source: Ministry of Education (Singapore)
6 үміткердің 1-і ғана мектепке жұмысқа қабылданады (барлық сатыдағы нәтижелері бойынша)
Сингапурдегі мұғалімдерді
іріктеудің тиімді жүйесі

Білім мазмұнын фрагментарлық жаңарту
МЖМБС
Енгізілген өзгерістердің мазмұны
ҚР МЖМБС, 2002ж. (ҚР БҒМ 2002 ж.
24 қыркүйектегі №693 бұйрығы)
Вариативтік (мектептік) компонентке 10-11 сыныптарға «Этика және психология» жаңа пәні енгізілді.
ҚР МЖМБС, 2010ж. (ҚР БҒМ 2010 ж.
9 маусымдағы
№367 бұйрығы)
Оқуға енгізілді:
1. Инварианттық компонентке «Өзін-өзі тану» пәні (1 сыныптан бастап 11 сыныпқа 1 сағат)
2. Вариативтік бөлімге екінші жартыжылдықтан бастап 9 сыныпқа 1 сағат «Дінтану негіздері» курсы.
Пән бойынша сағат санын көбейту
Вариативтік компонент есебінен орыс тілінде оқытатын мектептердің 10-11 сыныптарына 2 сағат «Қазақ тілі» пәні;
2011 -2012 оқу жылғы ҚР МЖМБС 2010 ж.
1. 2010-2011 оқу жылдары оқытудың базалық берілген деңгейі анықталған тілдерді игерудің деңгейлі моделі (ҚР БҒМ 09. 07. 2010 №367 бұйрығы) ;
2. 1-3 сыныптарда «Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы» кіріктірілген курсы енгізілді.

Білім мазмұнын фрагментарлық жаңарту
МЖМБС
Енгізілген өзгерістердің мазмұны
ҚР МЖМБС, 2012ж.,
ҚР Үкіметінің
2012 ж. 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген және қолданысқа енгізілген.
1. Пәнді оқу енгізілді
«Информатика» 5-6 сыныптарға;
2. Пән бойынша сағаттар саны көбейді:
- «Математика» 5-9 сыныптарға;
- «География» 6 сыныптан бастап (0, 5 сағат)
«Биология» 6 сыынптан бастап (0, 5 сағат)
3. Пән бойынша сағаттар саны қысқартылды:
- «Химия» 8 сыныпта (1 сағат)
- «Дүниежүзі тарихы» 6-9 сыныптарда (0, 5 сағат)
- «Технология» 1-11 сыныптарда (1 сағат)
- «Қазақ тілі» орыс тілінде оқытатын мектептердің 5-9 сыныптарында 2 сағат, ал 2014 жылдың қаңтарынан бастап қайтадан 1 сағатқа көбейтілді.
2013 -2014 оқу жылғы ҚР МЖМБС 2012 ж.
Оқуға енгізілді:
1. «Шет тілі» пәні 1 сыныпқа;
2. «Жол қозғалысы ережесі» курсы 1-4 сыныптарға, мазмұны ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология және сынып сағаты оқу курстарының аясында іске асырылады;
3. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсы 1-4 сыныптарға, «Дүниетану» пәні аясында іске асырылады;
4. Таңдауы бойынша мына курстарға кіріспе ұсынылады:
- «Өлкетану» (7-сынып)
- «Алаштану» (9-сынып)
- «Абайтану» (9-11 сыныптар) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша мектептің өз таңдауына қарай.

Білім мазмұнын фрагментарлық жаңарту
Осылайша, жаңа пәндерді, курстарды, инновациялық идеяларды фрагментарлық енгізу ескі білім мазмұнына жүктеледі, бұл оқу үдерісін артық жүктеуге, интенсификацияға және дайын ақпараттың үлкен көлемін беруге әкеледі.
Мұндайда, барлық осы енгізілген фрагментарлық өзгерістер дәстүрлі білімді орталықтандыру тәсіліне негізделеді, ол оқытудың күтілетін нәтижелеріне емес, білім мазмұны базасына жинақталады.
ТҮБЕГЕЙЛІ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ҚАЖЕТ

Білім беру ұйымдарының қағидаттары
Қазақстан
Сингапур
Сыныптағы оқушылар аз болған сайын, тәртіп те жақсы болады, әрі оқыту оңай, білім сапасы өсе түседі.
Сингапур мектептеріндегі сыныптарда оқушылар саны оқытудың сапасына тікелей тәуелді болмайды, онда 40 адам оқи береді. Барлық мәселе кеңістікті ұйымдастыра білуде, топтардың жұмысы мен осы жұмысты құрылымдық жағынан ұйымдастыру, мұғалімдердің дұрыс нұсқаулықтарын жасауы.
Мұғалімнің сыныптағы белсенділігіне бөлінген уақыттың көп бөлігі ақпаратты таратуға бөлінуі тиіс.
Мұғалім өзінің белсенділігінің барлық уақыты бойы күшін сыныптағы стратегияға, менеджментке, жұмысты ұйымдастыруға жұмсауы тиіс (орналастыру, нұсқаулықтар беру, уақытты белгілеу және с. с. ) . Мұндайда ақпарат көзі балалардың өздері, Интернет, оқу құралдары, миға шабуыл нәтижелері және т. б. болып табылады.
Оқушылар партада екеуден отыруы тиіс, оқушыларды беті мұғалімге қарауы керек, оқушылар мұғалімге көп қараған сайын жақсы тыңдайды, білім алу сапасы да жоғары болады.
Оқушыларды неғұрлым тиімді орналастыру - топта үстелге төрт адамнан отырғызу.
Топта мұғалімнің нақты бақылауымен, оның нұсқау беруіне сәйкес жұмыс жүруі тиіс.
Мұғалім - сабақта ақпараттың көзі, ол алдын ала сабаққа тиянақты дайындалады, не айтатынын, неге үйрететінін ойланып алады. Сабақ әрқашанда нақты жоспар бойынша өтеді.
Оқытудың алынған нәтижелері әрқашанда болжанбайды, құрылымдалмайды.
Одан шығар жол күтпеген жағдайды болуы мүмкін.
Сыныптағы ахуал академиялық қалыпта болуы тиіс, қабырғада қойылған барлық ақпараттар эстетикалық әрі логикалы түрде орналасады, белгіленген формулалар, постулаттар, идеялар оқушыларға жан-жақты жеткізілуі тиіс.
Сыныптағы жағдай, көрнекі материал, қабырғадағы безендірулер әр сабақ сайын өзгеруі тиіс, қарым-қатынас жасауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту «ұшқын ату» сипатында болуы керек.
(яғни, ғалымдардың барлық портретін алып тастау керек, 20 жыл бойы жинақтаған қиындылары бар папканы лақтыру, қабырғадағы көрнекі құралдарды алып тастау - оны флип-чартпен ауыстыру.

Білім беру ұйымдарының қағидаттары
Қазақстан
Сингапур
Сабақ белгіленген оқулық бойынша бір пәннің,
бір тақырыбы аясында өткізіледі.
Сабақ - пәнаралық, проблемалық, ресурстары әртүрлі.
Сыныпта жүру, сыныптан шығып кету - мұғалімді сыйламаудың, тәртіпсіздіктің белгісі.
Басқа орынға отыра беруге болады, топтарға ауыса береді, жағдайды өзгерте береді, сыныптан кіріп-шыға береді, жағдай «үшінші мұғалім» ретінде қалыптасқан.
Сабақтың таңдап алынған материалы сенімді, бекітілген педагогикалық дереккөздерден алынған академиялық болуы тиіс.
Сабақтағы материал «саржағал баспасөздегі» мақалалар болуы да мүмкін.
Сыныптағы топтық жұмысты ұйымдастыру үшін балаларды топ бойынша орналастырып, тапсырма беру жеткілікті.
Алдын ала ұйымдастыру бойынша топта жұмыс істеу көп уақыт пен күш-жігер жұмсауды талап етеді. Ол менеджментсіз «қоқысқа» айналады, өйткені кей кезде топтағы төр адамның бәрінің жұмыс істеп отырғанын бақылау да қиынға соғады, олардың не айтып жатқанын біле алмайсың, сондықтан бұл үшін де арнайы стратегия керек.
Мұғалімнің кәсіби дамуы оқушыларға қатысты емес, оны арнайы мекемелерде, жоспарлы түрде бес жылда бір рет жүзеге асырады.
Мұғалімнің дамуы 45 минуттық сабақ аясында оқушылардың дамуымен бірге бірдей жүзеге асады, ерекшелігі, мұғалім неге оқушыдан асып түседі, - бұл стратегиялық білім, сыныпты басқару (classroommanagement), оқыту технологиясын білу.
Мұғалім дәстүрлі түрде оқушыдан көп біледі, сондықтан да оқушыларға бұл туралы айта отырып, оларға білімін таратады.
Оқушылар жақсы бірдеңені мұғалімдерден де тез игеріп алады.
Мұғалім олардың артық білгендеріне таласпауы тиіс.
Ойлану, яғни, ыңғайсыз сұрақтар қою - сабақ барысында жақсы үлгі болып табылмайды.
Сабақта әрқашанда ойланып отыру керек, сын тұрғысынан ойлану керек. Кез келген сұрақты қоя беруіне болады.

Білім мазмұнын жаңартуды болжау
Білім берудің құнды мәнін арттырудың арқасында оқушы мынаны үйренеді:
Отан алдындағы өз міндеттерін орындау үшін және Қазақстанның дамуына үлес қосу мақсатында жауапты болуды, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуді;
қоғамдық өмірде сенімді шешім қабылдауда және оны жасауға қатысуда шығармашыл болуды әрі сын тұрғысынан ойлай білуді, өзгерістерге икемділікті және дайын болуын көрсетуді;
ұжымда, кез келген ортада ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, жұмыс істеу мақсатында коммуникативті болуды;
қоршаған ортаның шынайылығын объективті түрде көрсету үшін мәдениет пен пікірлерге сыйластық танытуды;
өзіңе және басқаларға сыйластықпен қарау үшін достық ниетте және қамқоршы болуды;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz