ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ


Slide 1

Қабылдаған: Қуандық Н.

Тобы: 1801-10

Орындаған: Уралова К.

Шымкент-2020ж

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 -1865) - қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде«Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Slide 3

географ

этнограф

ғалым

тарихшы

фольклортанушы

ағартушы

шығыстанушы

Slide 4

Сырымбеттегі үйі

Өмірбаяны

Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жаздаЕсілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.

Slide 5

Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

Slide 6

Сібір кадет корпусы

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды.

Slide 7

Шоқан - кадет

Кадет корпусы жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті.

Slide 8

Шоқан -офицер

Кадет корпусын бітіргеннен кейін Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Оған ерекше тапсырмаларды орындайтын офицер міндеті жүктеледі. Бұл қызметте ол бюрократтық аппараттың, Дюгамель, Фридрихс, Кройерус, Кури сияқты шенеуніктер мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көріп, оларға қарсылығын білдіріп отырған. Шоқан кейінен бұл туралы достары Ф. Достоевский, А. Майков, В. Курочкин, К. Гутковскийге жазған хаттарында ашып айтады.

Slide 9

Шоқан - зерттеуші

1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатында қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді. Бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш. Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды.

Slide 10

Шоқан - саяхатшы

1855 жылы ол генерал-губернатор Гасфортпен бірге Жетісуға келіп қайтады. Осы сапарда ол қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына қатысты материалдар жинап қайтады. 1856 жылы Ұлы жүздің приставы М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедиция құрамында Ыстықкөлге барады. Қираған көне қалалардың орнына, эпиграфиялар мен тас мүсіндерге назар аударады. Қырғыздардың бұғы, сарыбағыш, солты руларының арасында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыз-әңгімелерін, соның ішіңде «Манас» жырын жазып алады. Сол жылдың тамызында Қытаймен арадағы сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Ресейдің өкілі болып баруға тиісті полковник Перемышельскийдің орнына Құлжаға барып, Қытай мен Ресей арасындағы шекара дауын шешуге атсалысады. Уәлихановтың Құлжа сапарынан кейін Ресей мен Қытай арасында «Тарбағатай келісімін» жасаудың негізі қаланып, Құлжа мен Шәуешекте орыс консулдығы ашылған. Құлжада 3 айдай болған Уәлиханов күзде Омбыға оралады.

1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»- алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды.

Slide 11

Шоқан - ағартушы

Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.

Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді», - деді ол.

Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады.

Slide 12

Қызмет жолы

Петербордағы ғалымдар, Бас штаб пен Сыртқы істер министрлігі Азия мәселесі жөнінен Уәлихановты үлкен бедел тұтқан. Солардың ұсынысымен II Александр патша Уәлихановты Азия департаментіне қалдыру туралы 1860 жылы маусымның 15-інде бұйрыққа қол қойған. Петерборға келген Уәлиханов бірнеше мекемеде (Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, Азия департаментінде, Орыс география қоғамында) қатар жұмыс істеп, Петербор университетінде лекция тыңдаған. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», т. б. дайындалған. Орыс географиясы қоғамы мүшелеріне Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Жетісу тақырыбы бойынша лекция оқыған.

Slide 13

17-18 ғасырлардың жазба деректерін сүзуге кіріскен Уәлиханов 1856 жылдың қысын Батыс Сібір облыстарының мұрағатын ақтарумен, Алтынхан, Жоңғар заманының құжаттарын іздеумен өткізген. Сөйтіп, Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды тұрғыны екенін тарихта тұңғыш рет анықтаған. Сол көне заманда қырғыздар Енисей алабымен тығыз байланысты болғанын, Енисей мен Алтай, Жоңғар даласы, Тянь-Шань - бәрі біртұтас географиялық аймақ болып тұрғанын дәлелдеген. Қырғыздар жөніндегі шығыс жазба деректерін де зерттеген. Алтай мен Тянь-Шань арасында 17 ғасырда Ойрат (Жоңғар) мемлекеті пайда болғанда ғана қырғыздардың Енисеймен байланысы тоқталғанын анықтаған. Бұл зерттеуінде Уәлиханов қырғыздың көне тарихы туралы еңбек жазған географ К. Риттердің, А. Гумбольдтың, шығысты зерттеуші Шотт пен Клапроттың пікірлерін сынға алған. Уәлихановтың тарих, география саласындағы еңбегінің даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 1857 жылы ақпанның 27-інде 20-дан жаңадан асқан Шоқан Орыс география қоғамына толық мүшелігіне сайланады.

Орыс география қоғамы

Slide 14

Уәлиханов - суретші

Уәлихановтан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Одан 150-ге тарта сурет қалған. Көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы 19 ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді басылымдарда жарияланған. Өзінің күнделіктерін, жолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі материалмен толықтырып отырған. Тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасаған.

Slide 15

Қазақ көгіндегі «Аққан жұлдыз…»

1859 жылдың аяғында Ш. Уәлихановтың денсаулығы нашарлап, ол Петербургтен еліне қайтады. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен - Тоған деген жерге қойылады.

Шоқан өлімі оның сүйген қазақ халқына және орыс достарына өте ауыр тиді. Шоқан басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және оның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі зор. Орыстың географиялық қоғамы басып шығарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н. И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстын шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», - деп жазды.

1958 жылы Уәлихановтың Алтынмелдегі қабірі басына биік обелиск орнатылады. Кауфман қойғызған мәрмәр тас соның қабырғасына өріліп жымдастырылады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Философиясы және еңбектері
Омбы кадет корпусы
ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ
XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет
Қазақ ағартушыларының философиясындағы қоғамдық прогресс теориясы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Ежелгі дәуірде
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Ағартушылар философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz