ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР


Slide 1

ЭМОЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ

№ 3 дәріс

Slide 2

ЖОСПАР:

Эмоция;

Эмоцияның түрлері;

Эмоция мен сезім арасындағы айырмашылықтар;

Эмоционалдық интеллект

Когнитивті қабілет

Slide 3

Эмоция

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т. б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т. с. с. эмоциялар жатады.

Slide 4

Аффект - эмоция мен көңіл-күй сияқты сезімдердің кең ауқымы

Slide 5

Эмоция - біреуге не бірнарсеге бағытталған қуатты сезім

Slide 6

Көңіл-күй - эмоцияға қарағанда аса қуатты емес және контекстік стимулы жоқ сезім

Slide 7

Аффект

Адамдар сезінетін сезімдердің кең ауқымы ретінде анықталады

Аффект эмоция немесе көңіл-күй түрінде көрінеді

Эмоция

Нақты бір оқиғаға байланысты пайда болады

Ұзаққа созылмайды (бірнеше секунд не минут)

Әртүрлілігімен ерекшеленеді (ашу, қорқыныш, көңілсіздік, бақыт, жек көру, таңданыс сияқты көптеген эмоция түрлері бар)

Әдетте адамның бет әлпетінен айқын байқалады

Іс-әрекетке бағытталады

Көңіл-күй

Себебі көп жағдайда жалпылама және түсініксіз болады

Эмоцияға қарағанда ұзаққа (бірнеше сағатқа немесе күнге созылады)

Жалпылама сипатта болады (бірнеше ерекше эмоциядан құралған жағымды аффект деген екі негізгі аспектісі бар)

Сырт көзге байқала бермейді

Танымдық сипаты басым

Slide 8

Эмоцияның түрлері өте көп: ашу, жаратпау, көре алмау, қорқыныш, жабығу, көңілі қалу, қысылу, жиіркеніш, бақыт, жек көру, үміт, қызғаныш, қуануыш, жақсы көру, мақтаныш, таңданыс және көңілсіздік.

Slide 9

Моральдық эмоция

Бір жағдайға моральдық нұсқаулар тұрғысынан шапшаң баға беретін немесе реакциясын білдіретін эмоция

Slide 10

Эмоциялық еңбек - қызметкер жұмыс орнында адамдармен мәмілеге келу кезінде ұйымдық тұрғыда қажет эмоция білдіретін жағдаят

Slide 11

Сезінетін эмоция - жеке адамның шынайы эмоциясы

Slide 12

Көрсететін эмоция - жұмыс орны қызметкерлерінен көрсетуін талап ететін және жұмыс үшін орынды саналатын эмоция

Slide 13

Үстірт әрекеттену - ішкі сезім мен эмоциясын білдіру нормаларына қарсы сыртқа шығармай, тұмшалап ұстау

Slide 14

Терең әрекеттену - шынайы ішкі сезімдерін білдіру нормаларына сәйкес өзгертуге тырысу.

Slide 15

Эмоциялық диссонанс - адамның сезінетін эмоциясы мен көрсететін эмоциясы арасындағы алшақтық. .

Slide 16 Slide 17

ЭМОЦИЯ

ІС-ӘРЕКЕТКЕ ЫҚПАЛ ЖАСАУ ТҰРҒЫСЫНАН

СТЕНИКАЛЫҚ

АСТЕНИКАЛЫҚ

Жауапкершілік

Жолдастық

Достық

Айбаттылық

Уайым

Енжарлық

Көңілсіздік

Slide 18

Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды:

Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қаталдығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны өз еліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында;

Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физиологиялық-биохимиялық және биологиялық жауабы. Адренологиялық-биохимиялық әсер етеді;

Алдағы уақытта күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық)

Slide 19

ЭМОЦИЯЛАР

СЕЗІМДЕР

1. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса не болмаса бір нәрсеге мәз болса, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі.

1. Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыдырғы тұрақты процесс.

2. Эмоция мәнерлі қозғалыстардан көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көре алады.

2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.

3. Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады.

3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда динамикалық стереотиптердің әркез жасалып өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді.

4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеспейді

4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады

ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Slide 20

Эмоциялық интеллект - өз эмоциялары мен өзін қоршаған адамдардың эмоцияларын ұғыну және түсіну қабілеттілігі.

Эмоциялық интеллекттің негіздері:

Өз эмоцияларын танып білуі;

Өз эмоцияларын бақылауға алу;

Басқа адамдардың эмоцияларын түсіну;

Басқа адамдардың эмциясына әсер ету қабілеті.

Эмоционалдық интеллект

Эмоциялық интеллект аңықтамасы: Эмоциялық интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.

Slide 21

Интеллект

деңгейі

Интеллект коэффициенті (ағылшынша IQ-intelligence quotient) - адамның интеллект деңгейінің сандық бағасы. Арнайы тесттердің көмегімен анықталады. IQ тесттері білім деңгейін емес, ойлау деңгейін бағалауға негізделген.

IQ деңгейінің стандартты деңгейлері:

IQ 65-85 төменгі деңгей;

IQ 85-100 орташа деңгей;

IQ 100-130 жоғары деңгей;

IQ 130-160 аса жоғары деңгей;

Slide 22

Эмоцияны басқару - сезінетін эмоцияны анықтап, өзгерту процесі.

Slide 23

Эмоциялық интеллектінің мәнін ашу үрдісінде оның құрылымын сипаттайтын әртүрлі модельдер анықталды. Оларды аралас модельдер және қабілеттер модельдері деп бөледі.

Аралас модель бағытының өкілдері эмоциялық күйді басқару - когнитивті қабілеттер мен тұлғалық нышандардың белгілі бір кешені негізінде жүретінін алға тартады. Қабілеттер моделі бағытының өкілдері эмоциялық интеллектіге эмоционалды ақпараттарды өңдеумен байланысты когнитивті қабілеттерді жатқызады.

Эмоциялық интеллект модельдерінің үш түрі бар: екі аралас модельдер (Д. Гоулман және Р. Бар-Он) және қабілеттер моделі (П. Саловей, Дж. Мэйер, Д. Карузо) .

Эмоциялық интеллектінің аралас модельдері когнитивті, тұлғалық және мотивациялық нышандардан тұралы, олар өмірге бейімделу және қарым-қатынас үрдістерімен тығыз байланысады. Бұл модельдер эмоциялық интеллектіні өзіне-өзі есеп беру, дәстүрлі тұлғалық сұрақтамалар көмегімен өлшеуді ұйғарады.

Когнитивті қабілет

Slide 24

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Эмоциялар мен сезімдер
Сезім түрлері
Эмоция мәнерлі
ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗІМ
Эмоция туралы
Сезімнің түрлері
Теріс эмоциялар және денсаулық
Психологиялық тренинг
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz