Кеуде бұлшық еті


Slide 1

Бұлшықет

Орындаған: Муканов Ерсултан

Тексерген:Омаркулова Бану Каматаевна

Slide 2

Бұлшықет - жиырылуы қабілетіне ие бұлшықет ұлпасының түрі болып келеді. Бұлшықет ұлпаларының үш түрі болады: жүрек, бірыңғайсалалы және қаңқа. Жүрек бұлшықеттері жүрек айналасында орналасқан, ол қанды қысып, қан жүйесімен айналуына мүмкіндік береді. Бірыңғайсалалы бұлшықеттер ағза ішінде көп таралған; ол ішекте, бронхиолалар мен көптеген басқа ішкі мүшелерде бар. Жүрек бұлшықеттері тәрізді, бірыңғайсалалы бұлшықеттер де вегетативті жүйке жүйесінің бақылауында болғандықтан, сана әрекетімен басқарылмайды. Қаңқа бұлшықеттері, жүрек бұлшықеттері сияқты қаңқаға бекітіліп, сана сезімінің бұйрығына жауап ретінде жиырылады.

Slide 3 Slide 4

Бұлшықеттер адам қаңқасына сіңірлер деп аталатын қатты талшықтар арқылы бекітілген. Бұлшықет жиырылғанда сіңір тартылады, ал, сіңір өз кезегінде сүйекті тартады. Бұл үдерістің нәтижесінде, буынның екі жағындағы сүйектер үйлесімді түрде қозғалады. Кейбір бұлшықеттер арқылы буындарды бүгуге (мысалы, қолдың жоғарғы бөлігіндегі екібасты бұлшықеттер), ал, кейбіреуі буындарды кеңейтуге (мысалы, үшбасты бұлшықеттер) мүмкіндік береді.

HD 1200×796

Slide 5

• Бұлшықет қалай жиырылады?

Бұлшықеттер - ақуыз талшықтарынан тұратын ұзын жасушалар жиынтығы. Қозу барысында, бұлшықет және оның жасушаларының қысқаруы әсерінен, талшықтар бір-бірімен үйкеліседі. Дегенмен, бұлшықеттер тек жиырыла алады, сондықтан, оларға қайта қалпына келу үшін қарама-қарсы әрекет ететін бұлшықет қажет. Олар антагонистік бұлшықет деп аталады. Мысалы, екібасты бұлшықеттер қолды созу үшін емес, қолды бүгу үшін жиырылады. Қолды созу үшін антагонистік тұрғыдан әрекет ететін ұшбасты бұлшықеттер қажет.

Slide 6

Тұлғаның бұлшық еті

Арка бұлшық еті

Кеуде бұлшық еті

Іш бұлшық еті

Беткейдегі

Тереңдегі

Slide 7

Арқа бұлшық еті

Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының дорсалды бөлімдерінен пайда құрайды, оған бастан және қолдан арқаға ауысқан бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі беткей және терең-қабат болып орналасады.

Беткей бұлшықеттер

Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер

Қабырғаларға бекитін бұлшықетте бұлардың екеуі де тұлғаның кейін қарай ығысқан вентралды бұлшықеттерінің туындылары. Олар бас сүйек нервтерінің алдыңғы тармақтарынан нервтендіріледі.

Терең бұлшықеттер

Арқаның беткей бұлшықеттері: Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер екі қабат болып орналасады, олардың ең беткісі екі жалпақ бұлшықеттен тұрады:

Трапеция тәрізді бұлшықет- Жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағысыжауырынды омыртқа жотасына жақындатып, ал астыңғысы оны төменге тартады.

Арқаның аса жалпақ бұлшықеті-иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді.

Ромбтәрізді бұлшықет

Жауырынды көтеретін бұлшықет

Артқы жоғары тісті бұлшықет

Артқы төменгі тісті бұлшықет.

Slide 8

Кеуде бұлшық еті

Кеуде бұлшықеттері кеуде торының бетінде басталып, одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшықеттерге және кеуде қуысының қабырғалары құрамына кіретін меншікгі (аутохтонды) бұлшықеттерге бөлінеді.

Кеуденің үлкен бұлшық еті- үшбұрышты. Бағана сүйегінің сыртынан, төс және 2 - 6 қабырғаның шеміршегінен басталады. Тоқпан сүйек үлкен томпағына келіп жабысады. Атқаратын қызметі: қолды денеге жақындатады, ішке қарай бұрып көтереді.

Кеуденің кіші бұлшық еті-үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. 1-5 қабырғадан басталып, жауырынның құс тұмсықшасына жабысқан.

Атқаратын қызметі: жауырынды төменге тартады, жауырын тыныш тұрғанда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға қатысады.

Бұғана асты бұлшық еті- кеуде қуысының сыртқы бүйірінде 1 қабырға мен бұғана сүйегінің аралығында орналасқан. Бұғананы төменге және ішке тартады.

Алдыңғы тісті бұлшық ет- жоғарғы 9 қабырғалардан тіс тәрізді басталып жауырынның медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады.

Атқар атын қызметі: Жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік туғызады.

Slide 9

Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті- жалпақ еті, төменгі 8- қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаш орналасқан. Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтып, тұлғаны бұрап, кеудені төмен түсіреді.

Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті - сыртқы қиғаш бұлшық еттің астында желпуішше болып орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықын сүйегінің қырынан жіне және шат байламынан басталып, арқада ІІІ қабырғаға жабысады, іштің қабырғасының алдында апоневрозға айналады. Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, кеудені төмен түсіреді, жамбасқа көтеріп, тұлғаны бұруға қатынасады.

Іштің көлденең бұлшық еті - ол екі алдыңғы бұлшық еттің астында орналасқан. Төменгі алты қабырғаның ішкі бетінен, бел-кеуде шандырынан, мықынның қыры мен шат байламынан басталады. Атқаратын қызметі: іш қуысына сығымдап қысым түсіріп тұрады, төменгі қабырғаларды көтеріп, дем шығаруға ықпал етеді.

Іштің тік бұлшық еті - төс сүйегінің семсершесінен және V-VII қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегіне келіп бірігеді. Іштің тік, сыртқы, ішкі қиғаш жіне көлденең еттерінің апоневроздарымен бірігіп, іш қуысының берік қабырғасы пайда болады.

Іштің ішдыры - іш шандыры бұлшық еттерді сыртынан жауып тұратын кеуде шандырының жалғасы, ал іш қуысының ішін жұқа сір қабық жабады.

Іштің бұлшық еттері

Slide 10

Мойынның бұлшық еттері

Мойынның бетінде орналасқан бұлшық етіне платизма немесе мойынның тері асты бұлшық еті мен төс-бұғана-еміздікше бұлшық ет жатады.

үстінде орналасқан

тереңде орналасқан

Slide 11 Slide 12

Қолдың бұлшық еттері.

Иық белдеу

Қолдың бұлшық еттері миотомдардың вентральды бөлігінен пайда болады.

Қолдың өз бұлшық еті

Slide 13

Иық белдеуінің бұлшық еттері.

Дельта тәрізді бұлшық ет

Кіші жұмыр бұлшық ет

Жауырынның көлденең өсіндісі үстіндегі

Үлкен жұмыр бұлшық ет

Жауырынның көлденең өсіндісі асты


Ұқсас жұмыстар
Бұлшық еті
Бұлшық ет жүйесі
Дене бұлшық еттері
Аяқ бұлшықеттері
Сиыр ұшасын тексеру
Арқа бұлшықеттері
Сенсорлық жүйе
Бұлшықет жиырылу түрлері
БҰЛШЫҚ ЕТТЕР ЖҮЙЕСІ (МИОЛОГИЯ)
Гимнастика және атлетикалық дайындық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz