Сабақты талдаудың түрлері, критерийлері және өзін-өзі талдау талаптары


Slide 1 Slide 2

Сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады.

Slide 3

Сабақты талдау түрлері

І. Толық талдау

ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау

ІІІ. Қысқаша талдау

ІҮ. Дидактикалық талдау

Ү. Психологиялық талдау

ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау

Slide 4

І. Толық талдау

сабақтың 3 мақсаты;

сабақ бойы орындалуға арналған материалдың көлемі және оқушылардың орындай алу мүмкіндігі;

жаңа материалмен танысуға, талдауға, бекітуге, алынған нәтижені анықтауға қанша уақыт берілді;

оқушының өздігінен ойлау әрекеті, сабақ барысында өзара білімін тексеру деңгейі қаншалықты қалай ұйымдастырылған;

Оқулықпен жұмыс оқушының білімді меңгеру, бекітуіне қаншалықты әсер етті;

барлық оқушымен кері қарым- қатынас деңгейі қаншалықты;

мұғалімнің оқушымен жұмыс жүйесі қандай және ол дәл осы сабақта қажетті деңгейге жетуге ықпал ете алды ма;

сабақты түрлендіру: лекция, семинар, конференция, диспут, сайыс, т. б. блокпен беру, тірек схемаларын қолданудың тиімділігі қаншалықты;

Қандай әдіс - тәсілдер қолданылды және олардың қажеттілігі;

Пәнаралық байланыс іске асты ма;

барлық оқушының үй тапсырмасын орындауын тексеру шығармашылық-пен іске асты ма; жаңа үй тапсырмасы көлемі өзге пәндерді есепке ала отырып берілді ме;

Slide 5

ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау

Сабақтың негізгі кезеңдерін және оқушылармен атқарылған жұмысты анықтау;

Негізгі кезеңдердің ретін анықтау және дәл осы ретпен орнаастыру тиімділігін көрсету.

Сабақ кезеңі бойынша уақыт факторы, орны;

Сабақтың алғашқы кезеңінен соңғысына дейін оқушының оқу іс - әрекеті қалай дамыды;

Сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің өзара байланысы қандай;

Білімді меңгертуде сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің нәтижелілігінің мәні қаншалықты;

Slide 6

ІІІ. Қысқаша талдау

Сабаққа 3 мақсаттың қойылуы;

Қандай әдіс -тәсілдер арқылы мақсатқа жетті; /талдау/

Мұғалімнің мақсатқа жеткендігін дәлелдейтін мысалдар;

Сабақтастықтықтың іске асуы;

Оқушылардың оқулық, басқа да әдебиетпен жұмысы,

Әр оқушының жеке жұмысы;

Оқушының білім, икем, дағдысы қалай бағаланды және соңғы нәтижеге жетуіне көмегі қаншалықты;

Slide 7

ІҮ. Дидактикалық талдау

Мұғалім және сынып туралы жалпы мағлұмат;

2. Сабақ тақырыбы, оның осы тарауға арналған сабақ жүйесіндегі орны;

3. Сабақ мақсаты, міндеті ;

4. Қойылған мақсатқа байланысты мазмұнды тиімді толтыру;

5. Мақсат пен мазмұнның сәйкестілігі;

6. Сабақ типі, сабақ кезеңін таңдау тиімділігі, яғни мазмұн мен әдіске сәйкестігі;

7. Оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті;

8. Үй тапсырмасының көлемі мен орындай алу мүмкіндігі;

9. 3 мақсаттың орындалуы;

Slide 8

Ү. Психологиялық талдау

а/ стиль Дамыта оқытуға байланысты : есте сақтауға бағытталған ауыртпалықтың ойлау әрекетімен сәйкестілігі; қайтадан айтып беру немесе шығармашылық әрекеттердің көлемін анықтау; білімді дайын күйде алу және өздігінен іздендіруді жоспарлау; өзара сын, оқушыны қызықтыру мен қысым көрсету;

Сабаққа деген мұғалімнің дайындығы, педагогикалық тапқырлық, такт; психологиялық климат;

ә/ оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру- ойландыру, елестету, зейінді қарату, есте сақтау қабілетін белсенділендіру;

жинақтау, жаңалық ашу, жаңа ой тудыру, ойды қорытындылау, шығармашылық тапсырмаларды орындату;

б/ оқушыларды ұйымдастыру - оқушының оқуға деген көзқарасы, ақыл - ойының даму деңгейі; оқыту деңгейіне байланысты мүмкін топтарға бөлу; жеке, жұп, топтық жұмыс түрлері;

в/ оқушылардың жас ерекшелігін ескеру- сабақты оқушының жеке және жас ерекшелігіне байланысты жоспарлау; әлді және әлсіз оқушының деңгейін есепке алып /диференцирование/ жұмыс жасау;

Slide 9

ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау

1. Мақсатына байланысты

2. Мазмұнына байланысты

3. Әдістемелік жағы

4. Оқушы мен мұғалім

5. Ұйымдастырушылық жағы.

6. Сабақ нәтижелілігі

Slide 10

Өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптар:

Талданып жатқан сабақтың оқытылып жатқан тақырыпта алатын орны;

Сабақ мақсаты мен міндеттерін негіздеу, жоспарланған іс-әрекеттердің орындалу деңгейі

Сыныпқа мінездеме беріп, қолданылған оқу материалдарын таңдау себебін түсіндіру;

Оқушылар орындаған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне педагогикалық, психологиялық баға беру, оқушылардың сабақтағы өзбетінше ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді түсіндіру, осы тәсілдердің сабақ мақсатына, құрылымына, қойылға білімділік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкестігін дәлелдеу;

Мұғалімнің сабаққа (оның кезеңдеріне) қанағаттануы немесе қанағаттанбауы. Аталған кемшіліктерді жою жолында іске асырылатын іс-шаралар, сабақта қол жеткізген жағымды нәтижелерге баға беру, түсіндіру.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі өлтіру: анықтама, түрлері, себептері және 2015-2016 жылдардағы аймақтық статистикалық талдау
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сындарлы оқытуды енгізуде кәсіби қолдау: сабақты талдаудың түрлері мен әдістері
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі жетілдіру
Өзін-өзі тану - тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының негізі
Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы мен мұғалімдердің кәсіби талаптары
Өзін-өзі танудың тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруындағы рөлі мен шарттары
Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудағы педагогикалық қолдаудың принциптері
Өзін-өзі танудың тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруындағы рөлі
Өзін-өзі тану пәні: тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz