Электродты потенциал




Презентация қосу
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Университетінің химия және биотехнология
Жоғарғы Мектебі

Потенциометрия.
Электродты
потенциал

Шымкент-2020
Жоспар
I. Потенциметрия(Нернст теңдеуі)
II. Электродты потенциал
III. Электродтардың түрлері
Анализдің потенциометрлік әдісі
Анализдің потенциометрлік әдістері өткен ғасырдың соңынан,
Нернст өзінің белгілі тендеуін (1889 ж.), ал Беренд бірінші
потенциометрлік титрлеу туралы айтканнан (1883 ж.) бepi
белгілі. Соңғы жылдарда потенциометрияның қарқынды
дамуы ерітіндідегі көптеген иондардың концентрациясын
анықтауға мүмкіндік беретін түрлі ионселективті
электродтардың пайда болуымен, құрастыру және
потенциометрлік өлшемдер үшін құрылғылардың көптеген
шығарылымымен байланысты.
Анализдің потенциометрлік әдісі
Анализдің потенциометрлік әдістері тура потенциометрия
(ионометрия) және потенциометриялық титрлеуге бөледі. Тура
потенциометрия әдістері сәйкес электрод потенциалы немесе
тізбектің өлшенген ЭҚК бойынша электродтық реакцияға
қатысушылардың концентрациясы немесе активтілігін табу ушін
Нернст тендеуін тура қолдануға негізделген. Потенциометрлік
титрлеу кезінде эквивалент нүктесі осы аймаққа жақын
потенциалдың күрт өзгеруімен анықтайды.
Потенциометрия
Электрохимиялық тізбектің электрқозғаушы күшінің Е зерттелетін ионның
белсенділігінен тәуелділігін Нернст теңдеуімен сипаттайды:

мұндағы: E0–редокс-жүйенің стандартты потенциалы;
R –универсалды газ тұрақтысы, 8,312 Дж/(моль К) тең;
T - абсолютті температура, К;
F – Фарадей тұрақтысы, 96485 Кл/моль тең;
n – электродты реакцияға қатысатын электрондар саны;
aox, ared – редокс-жүйенің сәйкесінше тотыққан және тотықсызданған
формаларының белсенділігі;
[ox], [red] –олардың молярлық концентрациялары;
γox, γred–активтілік коэффициенттері.
Потенциометрияның теориялық негіздері

Потенциометрлік əдіс қайтымды жəне қайтымсыз
гальваникалық элементтердегі электродта пайда болатын
электр потенциялдарының айырымын өлшеуге
негізделген.Мұны ерітіндідегі заттың мөлшерімен
физикалық-химиялық сипаттамасын анықтау үшін
қолданады. Қолданылатын гальваникалық элементе
индикаторлық жəне салыстырмалылық электродтар
қолданылады.
Потенциометрия қолданылатын гальваникалық
элемент:
Потенциометрлік өлшеулер үшін құрамында екі электроды бар
электрохимиялық тізбектерді қолданады:
Индикаторлы

Салыстыру
электроды

Егер екі электрод та ерітіндіге енгізілген болса, онда мұндай тізбек
тасымалсыз тізбек деп аталады. Егер салыстыру электродын зерттелетін
ерітіндімен сұйық контакт (тұзды көпіршік) арқылы байланыстырса, онда
тізбек ауыстыратын тізбек деп аталады.
Индикаторлы электрод деп оның потенциалы
зерттелетін ионның белсенділігін Нернст теңдеуіне
сәйкестендіріп анықталатынды айтады.
Салыстырмалы электрод деп потенциалы тұрақты
және ерітіндідегі ион концентрациясына тәуелді емес
электродты айтады. Тұзды көпіршік зерттелетін
ерітінді мен салыстыру электродының ерітіндісінің
араласып кетпеуі үшін қажет.
Индикаторлық электродтар
Индикаторлық электрод бірқатар талаптарға сай болуы керек. Оның
потенциалы қайталанымды болып, тез тұрақдануы қажет. Металдың
электродтың өз тұзының ерітіндісіндегі потенциалын зерттегенде және басқа
да жағдайларда индикаторлы электрод қайтымды болуы тиіс. Электрод
сонымен қатар зерттелетін ерітіндінің басқа компонентерімен әрекеттесіп
кетпес үшін қажетті химиялық тұрақтылыққа ие болуы керек.
Потенциометрияда индикаторлық электродтар ретінде металдық және
мембраналы электродтар қолданылады
Индикаторлы электродтардың ішінде ерекше орынды жүйенің тотығу-
тотықсыздану потенциалын өлшеу ушін қолданылатын редокс-электродтар
алады. Редокс-электродтар ретінде асыл металдар: платина, алтын, иридий
немесе графит қолданылады. Мұндай электродтардың потенциалы редокс-
жұптың тотыққан және тотықсызданған формаларының
концентрацияларының қатынасына байланысты және электрод материалына
тәуелді емес.
Салыстырмалы электродтар
Салыстырмалы электродтар тұрақты аз ток өткен уақыт
бойынша өзгермейтін қайталанымды потенциалға ие болуы
қажет. Көбінесе, салыстырмалы электродтар ретінде екінші текті
электродтар: хлоркүмісті және каломельді электродтар
қолданылады.
Көптеген потенциометриялық өлшеулер үшін салыстырмалы
электрод потенциалының нақты мәні көбінеce қажет емес, тек
оның тұрактылығы маңызды. Алайда оның мәні тек ЭҚК-не ғана
емес, сонымен қатар индикаторлы электродтың потенциалы да
маңызды болғанда жүргізілетін өлшеулер үшін қажет.
Индикаторлы электродтың потенциалы стандартты сутекті
электродқа қатысты қайта есептеледі. Бұл шама, әрине,
таңдалған салыстырмалы электродқа байланысты емес.
Анализдің потенциометрлік әдістерін екі
түрге бөледі:

Тура потенциометрия Потенциометрлік
немесе ионометрия титрлеу

Тура потенциометрия әдісі ион концентрациясының
анықталуы құрамында сәйкес ионселективті электрод бар
электрохимиялық тізбектің өлшенген ЭҚК бойынша
анықталуына негізделген.
«Электродтықпотенциал» терминімен кейде

пайда болу механизміне тәуелсіз кез келген потенциалды
атайды, тар ауқымды ұғымда - бұл электрод
потенциалымен тікелей байланысқан потенциал.
Мысалы, мырыш электроды:

Zn 2+ + 2е- = Zn
EZn2+/Zn= Е0 Zn2+ Zn+lna EZn2+ EZn2+/Zn+lga
2+
Zn
Электродты потенциал
Металл мен ерітінді арасында біршама потенциал
айырмасы түзіледі. Металл иондарының ерітіндіге
бөлінуі қайтымды процесс. Бір кезде динамикалық
тепе - теңдік орнайды. Оны былай қысқаша жазуға
болады:
Ме Mеn+ + ne
Мұнда, n – металдың заряды.
Тепе – теңдік орнаған кездегі металл мен оны
қоршаған ерітінді арасында пайда болған
потенциалдар айырмасын электродтық потенциал
дейді.
Алайда, жеке электродтың потенциалын тәжірибе жүзінде анықтау
мумкін емес. Электродтың потенциалдық салыстырмалы мәндерін берілген
электродты жалпылама қабылданған халықаралық стандарт болып
табылатын сутек электродымен комбинирлеп анықтайды. Стандартты сутек
электродының потенциалы барлық температурада нөлге тең деп
қабылдангған, сондықтан бұл электрод потенциалы - берілген және
стандартты сутек электродынан тұратын элементтің ЭҚК-і.
Стандартты сутек электроды газкүйлі сутек ағынымен 1,013-10 5 Па
(1атм) қысымда жуылатын және Н+ иондарының активтілігі 1-ге тең
қышқыл ерітіндісіне батырылған платина пластинкасынан тұрады. Сутек
электроды жұмысы кезінде:
Н2 (г) = 2H+ + 2е~
-реакциясы жүреді.
Электродты потенциал
Металдардың стандартты электродтық қатары олардың
химиялық қасиетін көрсетеді. Металдың стандартты
электродтық потенциалының алгебралық мәні неғұрлым
кіші болса, оның соғұрлым тотықсыздандырғыш қасиеті
жоғары, тотықтырғыш қасиеті төмен болады. Ең күшті
тотықсыздандырғыш литий (Е0 = -3,045) , ал алтын әлсіз
(Е0 = + 1,438) Сондықтан алтын ионы Au+3 ең күшті
тотықтырғыш, ал литий ионы Li + ең әлсіз.
Электродты потенциал
Салыстырмалы электрод ретінде стандарт сутегі
электроды қолданылады. Осы сутегі электродына басқа
металл электродтарды жалғау арқылы олардың стандартты
электродтық потенциалдарын табады. Мұнда сутегінен
активті металдар оған электрон береді де электродтық
потенциал мәндері «теріс», ал сутегіне қарағанда активсіз
металдар электрон қабылдап, олардың электродтық
потенциалдарының мәндері «оң» болады.

Ұқсас жұмыстар
Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электрохимия Электродтар
Гальваникалық элементтер
Гальваникалық элемент
Полярографиялық және амперметрлік талдау әдістері
ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ЭЛЕКТРОГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ – ЭЛЕКТРОФОРЕЗ ӘДІСІ
Бұлшық ет және жүйке физиологиясы
Жүйке талшықтарының физиологиясы
Жүйке талшықтарының құрылымы
Физикалык - химиялық талдау әдістері
Алтынды цианидсіз сілтісіздіру механизмі арқылы анықтау
Пәндер