Химиялық тепе - теңдік




Презентация қосу
Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье
принципі

Орындаған: Жәку А.Қ.
Тексерген: Рахметова Г.А.
Химиялық реакция

қайтымды қайтымсыз
- Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші
соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны
қайтымсыз реакция деп атайды.Қайтымсыз реакцияға
қыздырғанда (бертолле тұзы) калий хлораты мысал бола
алады. Қайтымсыз реакциялар онша көп
емес.Реакциялардың көбі қайтымды болып келеді.
Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта
да жүретін реакцияларды айтады. Қайтымды реакциялар
теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-
қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.Қайтымды
реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал
болады. Техникада қайтымды реакциялар,
әдетте,тиімсіз.Сондықтан оларды әртүрлі әдістермен
(қысымды,температураны, және т.б.өзгерте отырып)іс
жүзінде қайтымсыз реакцияға айналдырады.
Кез-келген қайтымды реакция үшін бастапқы сәтте әрекеттесуші
массалар заңына сәйкес тура рекцияның жылдамдығы максимал мәнді,
ал кері раекцияның жылдамдығы нөлге тең. Уақыт өте келе бастапқы
заттардың концентрациялары кемиді, ал өнімдерінің концентрациялары
артады.Демек, тура реакцияның жылдамдығы кемиді, ал кері
реакцияның жылдамдығы артады. Ерте ме кеш пе тура реакцияның
жылдамдықтары теңесетін кезең болады, ол кезде жүйеде тепе-теңдік
күй орнайды. Оның жалпы химиялық теңдеуі: aA + bB = cC + dD
Тура және кері реакцияның жылдамдықтары тең болғандағы
жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды.
Тепе-теңдік орнаған кезеңдегі
әрекеттесуші заттардың концентрацияларын тепе-теңдік
концентрациялары деп атайды. Әдетте олар моль/л мен
өрнекетеліп, квадрат жақшада беріледі, мысалы [А], [В], [С], [D]
және т.б. Химиялық тепе-теңдік бұзылғанға дейін олардың
мәндері өзгеріссіз қалады.
υтура=kтура[A]a[B]b

υкері=kкері
Қайтымды [С]с[D]d жағдайында бастапқы заттардың реакция өнімдеріне
реакциялар
айналу дәрежесі химиялық тепе-теңдік күйімен анықталады, оның сипаттамасы
химиялық тепе-теңдік константасы (К) болып табылады. Ол сан жағынан
реакция өнімдерінің тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісін бастапқы
заттардың тепе-теңдік концентрацияларының көбейтіндісіне бөлгенге тең. Тура
және кері реакцияларының жылдамдық константаларының қатынасы кері
реакцияға қарағанда тура реакция қанша есе жылдам жүретінін көрсетеді.
Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес (υтура) және кері (υкері) реакцияның
жылдамдықтары мына теңдеумен өрнектеледі:
Тепе-теңдік кезінде тура және
кері раекциялардың
жылдамдықтары бір-біріне тең,
демек:
kтура[A]a[B]b= kкері[С]с[D]d
Концентрацияның
әсері. Тепе-теңдікке
қатысатын қандайда
бір заттың
концентрациясын
кеміткенде тепе-
теңдік сол заттың
түзілу жағына қарай
ығысады.
Қысымның әсері. Жүйенің
қысымын арттырғанда
тепе-теңдік газ молекласы
санының азаюы жағына,
яғни қысымның төмендеу
жағына ығысады;
қысымды кемікенде тепе-
теңдік газ молекуласы
санының көбеюі, яғни
қысымның артуы жағына
ығысады.
Температураның әсері.
Температураны
көтергенде, тепе-теңдік -
эндотермиялық, ал
төмендеткенде -
экзотермиялық раекция
бағытына қарай ығысады.
Ле-Шателье прнципі
Химиялық тепе-теңдіктің бұзылуын
сипаттайтын заңдылықтар, тепе-теңдіктегі
жүйелерге әртүрлі факторлардың әсерін
анықтайтын жалпы принциптің дербес
жағдайы болып табылады. Бұл принцип Ле-
Шателье принципі деген атаумен белгілі.
Оның химиялық тепе-теңдікке қолданылуын
былай тұжырымдауға болады: егер тепе-
теңдіктегі жүйеге қандай да бір әсер
етсек, онда өтетін заттардың
процестері нәтижесінде тепе-теңдік сол
әсердің кемитін бағытына қарай ығысады.
Ле-Шателье принципін 1885 жылы Ле-Шателье (1850-1936жж.) тұжырымдап, ал
теориялық тұрғыдан 1887 жылы К.Ф.Браун (1850-1918 жж.) негіздеген. Ле-
Шателье принципі тек химиялық тепе-теңдікте ғана емес, әртүрлі физика-
химиялық тепе-теңдіктергеде қолданылады. Тепе-теңдіктің ығысуы қайнау,
кристалдандыру сияқты процестер өзгергенде Ле-Шателье принципіне сәйкес
жүреді.
Назарларыңызға
рахмееет!!!

Ұқсас жұмыстар
Химиялық тепе - теңдік константы
Химиялық тепе-теңдік. Жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік. Тепе-теңдіктің ығысуы
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ- ТЕҢДІККЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ, ҚЫСЫМНЫҢ ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
Концентрацияның әсері
Химиялық реакцияның жіктелуі
Нақты жүйелердегі тепе - теңдік
Массалар әрекеттесу заңы
Адиабаттық процесс
Термодинамикалық жүйе, процесс және тепе - теңдік
Термодинамиканың заңдары
Пәндер