Нәрестенің бас қаңка сүйектері


Slide 1

Тірек- қимыл жүйесінің дамуы

Дәріс 3

Slide 2

Жоспар

1. Тірек- қимыл жүйесі, оның құрылысы және маңызы

2. Сүйектің өсуі мен қаңқаның қалыптасуы, иілістері

3. Бұлшық еттер, олардың құрылысы мен қызмет ерекшеліктері

4. Дене бітімі. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуы

5. Дене еңбегі. Гиподинамия

Slide 3

Тірек- қимыл жүйесі, оның құрылысы және маңызы

Дененің тік қалыпта болуы‚ қозғалып жүруі‚ теңдікті сақтауы адамның сүйек - ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек - ет жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.

Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олар сүйектерді қозғау қызыметін атқарып адамның еңбек етуін‚ күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.

Slide 4

Сүйектің өсуі мен қаңқаның қалыптасуы.

Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластикалардан тұрады

Сүйектің 1/ 3 бөлігі органикалық және 2/ 3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Қаңқаның құрылысы - бас‚ тұлға‚ аяқ- қол сүйектерден тұрады.

Адамның денесінде 600- ден астам бұлшық еттер бар.

Жаңа туған баланың бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен дене салмағының 20-22/ қамтиды‚ ересек адамда 40-45/ олардың негізгі қызметі жиырылуға байланысты орындалады.

Ер кісінің сүйектері 20 - 24 жаста‚ әйелдердікі 2 - 3 жыл алдын тоқталады.

Slide 5

Баланың сүйектерінің ерекшеліктері.

Нәрестенің қаңқа сүйектері 270-ке жетеді. Бассүйегінің өсіп-дамуын үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңі - туылғаннан 7 жасқа дейін. Екінші кезең - 7 жастан жыныстық жетілуге дейін бассүйегі тұтас күйінде өседі. Үшінші кезең - жыныстық жетілуден бастап 25-26 жасқа дейін жүреді. Осы кезеңде бассүйегінің өсіп-дамуы тағы да тездейді.

Нәрестенің қаңқасы. Алдынан көрінісі:

1 - башпай сүйектері; 2 - табан сүйектері; 3 - тілерсек сүйектері; 4 - балтыр сүйектері; 5 - тізетобығы; 6 - ортан жілік; 7 - башпай сүйектері; 8 - алақан сүйектері; 9 - білезік сүйектері; 10 - жасбас сүйектері; 11 - білек сүйектері; 12 - омыртқалар; 13 - кеуде сүйектері; 14 - тоқпан жілік; 15 - жауырын; 16 - бұғана; 17 - төс; 18 - бас сүйектері; 19 - иық белдеу сүйектері; 20 - кеуде; 21 - қол қаңқа сүйектері; 22 - мықын белеу сүйектері; 23 - аяқ қаңқа сүйектері;

Slide 6

А - бүйірінен көрінісі; Б - төбесінен көрінісі: 1 - төбе сүйегі; 2 - желке (артқы) еңбек; 3 - лямбда жігі; 4 -шүйде сүйегі; 5 - емізік еңбегі; 6 - қабыршақ жігі; 7 - дабыл сақинасы; 8 - сына еңбегі; 9 - сынаның үлкен қанаты; 10 -маңдай сүйегі; 11 - алдыңғы (маңдай) еңбегі; 12 -сагитталды жік.

Нәрестенің бассүйегі әдетте сүйір басты пішінді кездеседі. Оны қалыптастыратын сүйектер жұқа болып келеді. Ми сауытындағы төбе аймағының қалыңдығы 1 мм-ге жетпейді. Бассүйек-терінің бұрыш аймағындағы дәнекер ұлпалы жұқа қабаттары кеңейеді де еңбектерді түзеді. Ол ромб пішінді, оның көлемі 18х20-дан 25х35 мм-ге дейін жетеді. Ол 2 жасқа келгенде бітеледі. Артқы, шүйде еңбегі үшбұрыш пішінді болып, шүйде сүйек қабыршақ ұшының үстінде орналасады. Мисауытының бүйір беттерінде (төбе, маңдай, сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының және самай қабыршағының арасында) сына тәрізді және (төбе сүйектерінің байланысқан, шүйденің және самай сүйектерінің пирамида негіздерінің аралығында) емізіктәрізді еңбектер бар.

Нәрестенің бас қаңка сүйектері

Slide 7

Омыртқа иілістері: Жаңа туылған кезде омыртқа сүйектері тік болады. Бала мойнын, басын бекіткен кезде - мойын иіні (лардозы), одан кейін отырған кезде - кеуде иіні (кифозды) қалыптасады. 1 жастың соңында бала жүре бастағаннан - бел иіні (лардозы), ал одан кейін - сегізкөз-құйымшақ иіні (кифозы) түзіледі

Балалардың физиологиялық иіндерінің қалыптасуы

Slide 8

Бұлшық еттер, олардың құрылысы мен қызмет ерекшеліктері

Орналасуына қарай: бас‚ мойын‚ арқа‚ кеуде‚ құрсақ‚ қол- аяқ еттеріне бөлінеді. Олардың қызыметі жиырылу қасиетіне байланысты. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ еттері дамиды да‚ кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Баланың өсу барысында бұлшық етердің салмағы 35 - есе ұлғаяды. Бұлшық еттердің дамуы 25 - 30 жасқа дейін байқалады.

Баланың қимыл қозғалысы алғашқы күндері өте көп‚ бірақ олар дұрыс үйлеспеген. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдар 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды‚ әрі қарай даму жалғаса береді.

Slide 9

Бала бұлшықетінің дамуы

Бала туылған кезде оның барлық қаңқа бұлшықеттері қалыптасқан, бірақ нашар дамыған болады. Бұлшықет бедері (рельефі) 5-6 жасында қалыптаса бастайды. Нәрестенің бұлшықет талшықтары-ның диаметрі 10-15 мкм. Ал 3-4 жасында 2, 0-2, 5 есе ұлғаяды. Бала әліжүргенге дейін, тұтас ағзаға қарағанда, бұлшықеттер баяу дамиды.


Ұқсас жұмыстар
ТІРЕК - ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІГІ
Жамбас белдеулерінің сүйектері
Қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін жасына байланысты оқып білу
Жамбас сүйектері
Адам қаңқасы
Төс сүйектері
Адам қаңқасының бөлімдері
Тірек-қимыл жүйесіне (аппаратына)
ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Тірек-қимыл аппараты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz