Токсикологиялық химияның даму тарихы



Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
“Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” АҚ
Орындаған: Ақшабаева А. Ғ.
Сақбаев И. Б.
Тобы: В-ФКБ-01-16
Қабылдаған: Мирсоатова М. А.
Шымкент-2020
Биологиялық обьектідегі табиғаты органикалық және бейорганикалық улы және күшті әсерлі заттарды талдау әдісі мен теориясын құрудағы отандық және шетел ғалымдарының ролі

ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2. 1 Токсикологиялық химияның даму тарихы
2. 2 Алкалоидтарды және барбитураттарды бөліп алу тәсілдері
2. 3 ХХ ғ. токсикология (сот химиясы)
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Токсикологиялық химия - улы заттардың және олардың метаболиттерінің организмдегі химиялық өзгерістерін, биологиялық тектес объекттерден оларды бөлу, ашу және сандық мөлшерін анықтау әдістерін қарастыратын ғылым.
Токсикологиялық химия сот химиясы деп аталып, ал 1965 жылы токсикологиялық химия деген атпен өзгертірілді.

Токсикологиялық химияның тарихы
1714 жылы Петр I бұйрығымен зорлықпен өлтірілген адамдардың мәйітін ашу туралы Әскери бұйрығы шығады. Фармацевттер сот химиясын құрып, осы уақытқа дейін дамытып келе жатыр.

1947 ж. бірінші орыс химия лабораториясын ашып, лаборатория ғылымының дамуына соның ішінде сот-химия талдауында тәсілдерді кеңінен пайдаланатын аналитикалық химияның дамуына зор ықпал жасады.
М. В. Ломаносов

Сот химиясын жаңа реакциялармен және талдау тәсілдерімен байытқан орыс ғалымдарының алғашқыларының қатарында. Ол: - «Металдық улар» бар биологиялық материалды азот қышқылымен ыдырату тәсілін бірінші болып ұсынды; - Жалпы токсикологияны немесе улар мен усыздандырғыш заттар заттар туралы ғылымды қосып жинақтаған «Жалпы және дербес сот-медицина және полиция химиясы» деген қолданбаның авторы.
А. П. Нелюбин
(1785-1858)

А. А. Йовский (1796-1857)
Сот химиясындағы көрнекті ғалымдарды бірі.
1834ж. «Уларды, уларға қарсы заттарды айыра тануға және алғашқыларын денеде немесе оның сыртында реактивтер деп аталатын химиялық заттар аса маңызды анықтауға арналған қолданба» деген кітабы шықты.


Сот химиясы саласындағы бірқатар жұмыстарды Г. В. Струве орындады, ол кең профильді маман болды. Оның еңбектері сот, аналитикалық және биологиялық химияны дамытуға арналған. Струве мышьяк пен фосфорды молибдатпен анықтау реакциясын ұсынды, цианидтерді, морфинді, стрихнинді және басқа да алкалоидтарды анықтау әдістерін жетілдірді. Ол биологиялық материалда уларды анықтау саласында бірқатар күрделі сараптамалар жүргізді.
Г. В. Струве

Қазіргі уақытта улы және күшті әсерлі заттардың үлкен тобын алкалоидтар, олардың синтетикалық ұқсастары және кейбір басқа заттар құрайды. Оларды биологиялық материалдан оқшаулау үшін тиісті қышқылдармен қышқылданған этил спирті немесе су қолданады. Бұл топтағы препараттар өзіне тән бейтарап, қышқыл немесе негіздік қасиеттері болғандықтан, оларды қышқылданған спирт немесе қышқылданған судан органикалық еріткіштермен экстракциялап бөліп алу үшін ортаның белгілі рН мәндерін жасау керек.
Сот химиясы дамуының алғашқы кезеңінде негізгі зерттеу объеткі ретінде «металдық улар» улы өсімдіктерден алынған препараттармен уланып өлген адамдардың ағзалары пайдаланылған.

Ф. Сертюрнер
1806 жылы Ф. Сертюрнер апиын көкнәрінен морфин алды. Бұл өсімдіктерден таза түрде бөлінген алғашқы алкалоид еді. Кейін ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өсімдіктерден басқа да алколоидтар (хинин, никотин, атропин аконитин, теобромин, гармин және басқалар) бөлінеді. Ол кезде алкалоидтарды өліктердің ағзаларынан және ұлпаларынан бөлу тәсілдері жасалмаған еді.

А. Лассань
1823 жылы Лассань өлік ағзаларынан морфинді бөлу тәсілін ұсынды. Бұл сот- химия талдауы мақсатында ұсынылған алкалоидтарды бөлудің бірінші тәсілі еді. Осы тәсілге сәйкес алкалоидтардың болуын зерттеуге жататын биологиялық материалды сумен азғана қайнатады, кейін сүзеді. Алынған су сығындысын құрғағанша буландырады. Құрғақ қалдықты этил спиртінде ерітеді. Осы ерітінді алколоидтарды ашуға пайдаланылады. М. Ж. Офилла Лассань тәсілін биология тектес объектерден бірсыпыра басқа алкалоидтарды бөлуге қолданды.

Биологиялық материалдан алкалоидтарды бөлудің Лассань ұсынған тәсілінде бірқатар айтарлықтай кемшіліктер бар:
Көптеген алкалоидтардың негіздері суда ерімейді;
Бұл тәсіл көмегімен биологиялық материалдан бөлінген алкалоидтардың құрғақ қалдықтарында көптеген қоспалар болады;
Олар тиісті реакциялар көмегімен зерттелетін заттарды ашуға кедергі болады.

Биологиялық метариалдан дәрілік қосылыстарды оқшаулаудың қазіргі кездегі қолданылатын тәсілдері:
1) Дәрілік қосылыстарды биологиялық материалдан қышқылданған спиртпен оқшаулау. Стас-Отто тәсілі.
2) Дәрілік қосылыстарды биологиялық материалдан қышқылданған сумен оқшаулау.

Алкалоидтарды қышқылданған спритпен оқшаулау
1851 жылы Ж. С. Стас биологиялық материалдан алкалоидтарды қышқылданған спирттен оқшаулаудың бірінші тәсілін ұсынды. Спиртті қышқылдау үшін ол қымыздық және шарап қышқылдарын қолданды. Бірақ ол биологиялық материалдардың сығындыларын қоспалардан тазартуды жүргізген жоқ.
Спирті сығындыларды тазарту жолын 1856 жылы Ф. Отто ұсынды. Ол алкалоидтардың қышқыл сығындылардағы қоспаларды диэтил эфирімен экстракциялау тәсілін қолданды. Бұл әдіс Стас-Отто тәсілі деп аталды. Кейіннен сілтіленген сығындылардан алкалоидтарды экстракциялау үшін хлороформ, бензол, амил спирті және басқа сумен араласпайтын органикалық еріткіштер ұсынылды.
Notes: Content Layouts

Алкалоидтарды қышқылданған сумен оқшаулау
1856 жылы С. Макадам биологиялық материалдан алкалоидтарды оқшаулау үшін қымыздық қышқылымен қышқылданған суды қолданды. Ол алынған сығындыларды тазарту үшін активтелген көмірді пайдаланды.
А. А. Васильева 1949 жылы өліктер ағзаларынан алкалоидтарды қымыздық қышқылымен қышқылданған сумен оқшуалау үшін М. Д. Швайкова мен А. В. Степанов тәсілінің принципін пайдаланды.
1943 жылы М. Д. Швайкова мен А. В. Степанов өсімдік тектес өнімдерден алкалоидтарды оқшаулау үшін қымыздық қышқылымен қышқылданған суды ұсынды.

1865 жылы Г. Драгендорф биологиялық материалдан алкалоидтарды бөлу үшін күкірт қышқылымен қышқылданған сумен оқшаулауға негізделген тәсіл ұсынды.
XIX ғ. екінші жартысында ұсынылған биологиялық материалдан заттарды қышқылданған этил спиртімен және қышқылданған сумен оқшаулаудың алғашқы тәсілдері тек алкалоидтарды бөлу үшін ғана қолданылды. Ол кезде негіздік сипаттағы синтетикалық азотты фармацевтік препараттар химиясы дамудың тек бастапқы сатысында ғана болатын.
XIX ғ. Соңынан бастап синтетикалық фармацевтикалық препараттар медицина практикасына ене бастады, бірсыпыра олардың кейбір өкілдері улануға себепші болып та үлгерді.

Барбитураттарды күкірт қышықылмен қышқылданған сумен оқшалау
В. И. Попова күкірт қышқылымен қышқылданған сумен биологиялық метериалдан оқшаулауға
негізделген барбитураттарды бөлу тәсілін
ашты. Осы тәсіл бойынша, биологиялық материалды
күкірт қышқылымен қышқылданған сумен (рН=2-3) тұндырады. Алынған сығындыларды қоспалардан гель-хроматография тәсілімен айырады. Осы мақсатқа сефадекс G=25 гелін пайдаланады.

Барбитураттарды сілтіленген сумен оқшаулау
П. Валов, биологиялық материалдан барбитураттарды сілтіленген сумен бөлуді бірінші қолданды. Ол, биологиялық материалдан сығындыларға өтетін қоспаларды тұнбаға түсіру үшін, натрий вольраматын пайдаланды. Осы кезде Валов тәсілінің бірнеше түрөзгергіштері белгілі М. Д. Швайкова өзінің әріптестерімен ұсынған.

ХХ ғасырдағы сот химия
Профессор С. П. Дворниченко сот - химиялық талдау саласында өз зерттеулерінің деректерін және әдеби деректерді жинақтап, 1900 жылы сот химиясының басшылығын шығарды.
Отандық сот химиясының дамуында үлкен рөл проф А. П. Дианилға (1851 -1918) тиесілі. Ол отыз жылдан астам медициналық-хирургиялық академияда жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде А . П. Дианил шамамен 5000 талдау жасады. Академияда ол ішкі істер министрлігінің Медициналық департаментінде жұмыс істеді. 1904 жылы А. П. Дианин бас сот-химиялық сарапшысы болып тағайындалды.

Сот химиясын одан әрі дамытуда отандық ғалымдар мен жоғары фармацевтикалық оқу орындары үлкен рөл атқарады.
1920 жылы екінші Мәскеу университетінің химия-фармацевтика факультетінде және Петроградск химия-фармацевтика институтында сот химиясының алғашқы кафедралары құрылды, олар сот-химиялық талдау саласындағы ғылыми зерттеулер орталығы және сарапшы-химиктер дайындау орталығы болды. Кейінірек сот химия кафедрасы басқа институттарда құрылды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz