Ортақ валюталық аймақтар және еуропалық монетарлық одақ
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
«М.Әуезов» атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Қаржы кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Ортақ валюталық аймақтар және еуропалық монетарлық
одақ.
ТОБЫ:ЭФ-18-5К2
ОРЫНДАҒАН:ӘКІМБЕК ӘДІЛЖАН
ҚАБЫЛДАҒАН:КАЛЬБАЕВА НҰРСҰЛУ
ШЫМКЕНТ-2020
Жоспары:
1. Ортақ валюталық аймақтар және Еуропа
монетарлық одағы.
2. Ортақ еуропалық нарық және еуро.
3. Ортақ валютаның артықшылықтары.
4. Оптимал валюта аймақтары теориясы.
Ортақ валюталық аймақтар және еуропалық
монетарлық одақ.
1990 жж. Еуропаның бірқатар мемлекеті өз ұлттық валютасынан бас
тартып, Еуропа экономикалық және монетарлық одағына бірігіп, еуро атты
ортақ валютаны қолдануға шешім қабылдады.
Ортақ валюталық аймақ дегеніміз – бірыңғай валютаны айырбастау құралы
ретінде жүретін географиялық аймақ. Валюта одағы монетарлық одақпен
тығыз байланысты ұғым: монетарлық одақ, нақты айтсақ, түрлі валюталар
арасында тұрақты және қайтарымсыз айырбас бағамдарын қабылдаған
мемлекеттер тобы. Алайда, ортақ валюталық аймақ, валюталық одақ және
монетарлық одақ терминдері – бір-бірін өзара алмастырушылар, бұл
тақырыпта осы тәжірибе ұсынылатын болады.
Ортақ еуропалық нарық және еуро.
Еуропадағы ішкі қақтығыстардан басталған ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстардан көп елдер қирап
қалды. Осыған байланысты Еуропаның бірқатар ірі және дамыған мемлекеттері
алдағы кезде ешқашан өзара соғысты болдырмауды көздеп, өзара терең
экономикалық интеграция жасағысы келді. Бұл елдер арасында әлеуметтік және
саяси үйлесімге алып келеді деп үміттенді. Бұл Еуропа экономикалық
қоғамдастықтың (ЕЭҚ) құрылуына алып келді – қазіргі таңда Еуроодақ немесе
ЕО атымен белгілі. Еуроодақ ресми сайтында ЕО-на осындай анықтама
берілген: «бейбәтшілік пен гүлдену мақсатында бірге жұмыс істеуге ұсынылған
демографиялық Еуропа елдерінің отбасы».
Басында ЕО 6 мемлекеттен құралды: Бельгия, Германия, Франция, Италия,
Люксембург және Нидерланды. 1973ж. Дания, Ирландия, Ұлы британия
қосылды. 1981ж. Грекия, 1986 ж. Испания, Португалия және Австрия, 1995ж.
Финляндия мен Швеция қосылды. 2004ж. 10 жаңа мемлекеттің қосылуымен ең
ірі кеңейту орын алды. 2013ж. Шілдеде Хорватия мүше ретінде кірді. Қазіргі
кезде тағы 5 мемлекет «кандидат мемлекет» мүшелікке талпынуда.
Олар:Албания, Македония, Черногория, Сербия және Түркия. Босния және
Герцеговина мен Косово «потенциал үміткерлер» ретінде танылды.
Ортақ валютаның артықшылықтары.
1) Транзакциялық шығындардың азаюы: Ортақ валютаның айқын пайдасы – мүше
мемлекеттер арасындағы сауданы жеңілдетуі, әсіресе сауда айналымынан
болатын транзакциялық шығындардың қысқаруы. Мысалға, Германия
компаниясы Франйия шарабын импорттағанда, компания шарап жасаушыға
төлеу үшін неміс маркасын француз франкісіне ауыстыру үшін банкке жүгінбей
еуроны қолданады.
2) Баға дискриминациясының азаюы: Кейбір экономисттердің пікірі бойынша,
бірыңғай валютаны қабылдағанда ортақ валюта аймағына мүше мемлекеттерге
келетін жанама пайда ол – бағалық дискриминацияның азаюы. Өнімнің бағасы
бірыңғай валютада бағаланса, елдер арасындағы баға айырмашылықтарын
жасыру қиын болады. Бұл дәйек бойынша, ортақ валюта болу себебінен
бағалардың ашықтығы ортақ валюта аймағында өнімдер әкеледі: адамдар
өнімдерді арзан тұратын орындардан ( бағаны қымбаттануға әрекеттенеді) және
қымбат жерде сұраныс азаяды ( бағаны төмендетуге әрекеттенеді).
3) Айырбас бағамындағы тұрақсыздықты азайту: Ортақ валютатаны қабылдау
артықшылығына айтылаын үшінші дәйек – бірыңғай валюта әсерінен болатын
валютаның айырбас бағамындағы тұрақсыздықты және белгісіздік тәуекелін
азайту.
Айырбас бағамындағы тұрақсыздықтардан болатын белгісіздік қаупін азайту
экономикаға инвестиция тартуда оң әсерлерге ие болуы мүмкін. Бұл өнімнің
басым бөлігін еуроаймақтың басқа елдеріне экспорттайтын компанияларға
шынымен тиімді болады, себебі олар енді экспорттан түсетін пайда жайлы алаң
болмайды және болашақ жобаларын аз тәуекелмен жоспарлап, жаңа зауыттар
салуға инвестиция жұмсау тәуекелі азаяды. Инвестиция мөлшерінің артуы бүкіл
экономикаға пайда тигізеді, себебі ол экономиканың қарқынды дамуына себепші
болады.
Оптимал валюта аймақтары теориясы
Оптимал валюта аймағы (ОВА) теориясы елдер тобына белгілі бір
критерийлер жиынтығын орнатуға әрекет етеді, бұл мемлекеттер тобы
ортақ валюта қабылдайтын «оптимал» аймақ болар еді.
«Оптимал» дегеніміз – әр елдің монетарлық одақ шығындарын азайтып,
пайдасын арттыру мүмкіндігін бейнелейді. Жалпы алған кезде бұл
термин еркін түрде қолданылады, себебі елдер тобы құратын валюталық
одақтың қаншалықты оңтайлы болатыны беймәлім және ОВА
критерийлерінің біразын ғана орындай алады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz