Педагогика пәні, салалары



«Әл-Фараби» атындағы қазақ ұлттық университеті
Дайындаған: Жомуд Мария Қонайбекқызы
Педогогика және психология

Педагогика (гр. paida-бала, гр. gogos-жетектеуші) -жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым: тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу - тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.

Педагогика пәні, салалары:
ХІХ ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми - техникалық өркендеуге байланысты педогогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар :
-жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді) ;
-сәбилер мен мектепалды педагогикасы;
-мектеп педагогикасы;
-сурдотифло педагогикасы және олигофрено педагогикасы (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселерін зерттейді) ;
-жеке пән әдістері
-педагогика тарихы.

ТАРИХЫ:
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф. Бэконның, Я. Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И. Песталоцци, И. Гербард, А. Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
ФРЭНСИС БЕКОН

МАҚСАТЫ:
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидактикалық теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.

ӘЙГІЛІ ПЕДАГОГТАР:
Конфуций (551 - 479 жж)
Квинтилиан (35 - 96 жж)
Роттердамдық Эразм (1465 - 1536ж)
Ян Амос Коменский (1592 - 1670ж)
Джон Локк (1632 - 1704ж)
Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765ж)
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827ж)
Фридрих Фрёбель (1782 - 1852ж)
Адольф Дистервег (1790 - 1866ж)
Николай Иванович Пирогов (1810 - 1881ж)
Герберт Спенсер (1820 - 1903ж)
Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871ж)
Лев Николаевич Толстой (1828 - 1910ж)
Георг Кершенштейнер (1854 - 1932ж)
Джон Дьюи (1859 - 1952ж)
Мария Монтессори (1870-1952ж)
Станислав Теофилович Шацкий (1878 - 1934ж)
Януш Корчак (1878-1942ж)
Павел Петрович Блонский (1884 - 1941ж)
Антон Семёнович Макаренко (1888 - 1939ж)
КОНФУЦИЙ

Педагогика түрлері:
Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий деп саналады.
Арнайы педагогика - көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus - жетімсіздік және грек. logos - сөйлеу, оқу) деп те аталады. Ол төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика - саңырау, мылқау балаларға, тифлопедагогика - соқыр балаларға, олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді. Табиғи кемтар балалар мемл. есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады.
Салыстырмалы педагогика - педагогика ғылымының шетелдердегі тәрбие және оқыту жүйесін салыстырмалы түрде зерттейтін саласы. Салыстырмалы педагогика - әлі толық қалыптаспаған пән. Шетелдік педагогикалық тәжірибелерін зерттеу 18 ғасырдың аяқ шетіне басталды. 19 ғасырда Швейцарияда Цюрих қаласындағы Песталоцци институтында және Берлин музейі жанында, Лондон, Париж, Петербург университеттерінде түрлі елдер бойынша педагогикалық документтер жинақтайтын мекемелер құрылды.

Педогогика ғылым ретінде
Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным-білімнің белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше міндетті қызмет (функциясы) - тәрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындағы ілім, олай болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.
Педагогика пәні - адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні-арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала . Ең негізгісі педагогика - тәрбие туралы ғылым .

Қоғаммен және өмірмен байланысы
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды.

1 ГЛОССАРИЙ
Термин атауы
Термин мазмұны
Педагогика
Грек тілінен аударғанда- баланы жетелеуші.
Жеке тұлға
Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі.
Индивид
Латын тілінен аударғанда “жекелік” деген мағынаны білдіреді.
Инновация
жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді.
Даралық
Бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығы, өзіне тән ерекшелігі бар, ешкімге ұқсамайтындығы туралы сипаттама.
Даму
Төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс.
Дидактика
ұғым грек тілінен алынып, оқыту немесе үйрету деген мағынаны білдіреді.
Акселерация
Физиологиялық және психикалық даму процесінің
Тәрбиелеу
Алдағы мақсатта тәрбиенің маңызы өте көп. Тәрбие тал бесіктен деп бекерге айтылмаған оған педагогиканың пайдасы орасан зор.
Технология
грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды білдіреді.
Ұжым
Қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы.
Білім беру
Бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қаблеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.

Педагогика түрлері:
Вальдорфтік педагогика
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz