Фенолдар және олардың туындылары: алынуы, физика-химиялық қасиеттері, сапалық және сандық анықтау әдістері


Slide 1

Фенолдар және олардың туындылары: таза фенол, тимол, резорцинол, тамоксифен цитраты. Фенолдарды алу және қассиеттері. Шынайылық пен тазалықты сынау. Сандық анықтау әдістері.

Оқытушы: PhD Нурахметова Ж. А.

Slide 2

Фенолдар деп бензол сақинасындағы сутегінің біреуі немесе бірнешеуі гидроксил тобымен алмасқан қосылыстарды айтады.

Фенолдар - әдетте суда қиын еритін кристалдық заттар. Су буымен қоса ұшады. Өзіне тән иісі бар. Антисептиктер болып табылады, улы, теріге тисе күйдіреді. Сумен әуелгі фенолдан гөрі балқу температурасы төменірек кристаллогидраттар құрады.

Фенолдар әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.

Slide 3

Темір феноляттардың комплекстік сипаты бар. Олардың ерітінділері қанық қанық боялған. Фенол және оның туындылары FeCl3 ерітіндісімен әртүрлі қанық түстерге боялады.

Дәрілік заттар

Боялуы

Фенол

Резорцин

Тимол (спирт ерітіндісі)

Синэстрол

Күлгін

Көк-күлгін

Қызғылт-күлгін

Жасыл

Slide 4

Бір атомды фенолдар

Екі атомды фенолдар

Үш атомды фенолдар

Slide 5

Алу жолдары.

1. Фенолдың табиғи көздері. Таскөмірлі шайырды құрғақтай айдау арқылы фенол алынады.

2. Бензолдың галогентуындыларын катализатор қатысында сілтілермен қыздырып:

3. Диазоний тұздарының айрылуы:

Slide 6

Алу жолдары.

4. Сульфоқышқылдардың натрий тұздарын сілтілермен балқыту:

5. Кумолдың тотығуы (кумолды әдіс) . Фенолды алудың негізгі өндірістік әдісі.

Slide 7

Алу жолдары.

6. Галоген туындылардың гидролизі.

Slide 8

Фенолдар топтарының дәрілік заттары

Құрылымдық формуласы

Сипаттамасы

Фенол (оксибензол) - спирт, эфир, глицерин, хлороформда жақсы еритін, өзіне тән өткір исі бар, түссіз, кристалды улы зат. Ауада тотығып, түсі қызғылттанады. Оның судағы 3 - 5%-дық ерітіндісі карбол қышқылы деп аталады.

Дәрілік формасы: глицериндегі ерітінділер, мазь.

Антисептикалық зат.

Тимол (2-изопропил-5-метилфенол) - өзіне тән иісі бар түссіз кристалдар. Суда аз ериді, спирт, хлороформ және эфирде жақсы ериді.

Дәрілік формасы: ұнтақ

Құрттарға қарсы зат.

Slide 9

Фенолдар топтарының дәрілік заттары

Құрылымдық формуласы

Сипаттамасы

Резорцин (м-Диоксибензол) - ақ немесе сарғыш кристалды ұнтақ. Жарықтың және ауаның әсерінен біртіндеп қызғылт түске боялады.

Дәрілік формасы: спирт ерітінділері, мазь. Антисептикалық зат.

Синэстрол (Мезо-3, 4-ди-(n-оксифенил) -гексан.

Ақ немесе сарғыш ұнтақ. Суда ерімейді, спирт, эфирде ериді.

Дәрілік формасы: ұнтақ, майдағы 2 % синэстрол ерітіндісі инъекциялық пайдалануға, синэстрол таблеткасы 0, 001 г.

Эстрогенді зат.

Диэтилстильбэстрол (транс-3, 4-ди-(n-оксифенил) ) - ақ кристалды ұнтақ. Спиртте, эфирде жақсы ериді, хлороформда аз ериді.

Дәрілік формасы: таблетка.

Эстрогенді зат.

Slide 10

Химиялық қасиеттері.

1. Фенолдар сілтілермен әрекеттесіп, феноляттар түзеді.

С6Н5ОН + NaOH → C6H5ONa + H2O

натрий феноляты

2. Нитрлеу реакциясы. Фенолдар нитрлеу реакциясына жеңіл түседі. Бөлме температурасында фенолды сұйытылған азот қышқылымен нитрлейді.

Slide 11

3. Тотықсыздану реакциясы. Фенолды катализатор қатысында гидрлеу (тотықсыздандыру) нәтижесінде циклогексанол түзіледі.

4. Галогендердің немесе галогендегіш заттардың ерітіндісінің әсерінен фенолдарды галогендеу үлкен жылдамдықпен және көбінесе пара- қалыпқа өтеді.


Ұқсас жұмыстар
Фенолдар мен олардың туындылары: алу жолдары, химиялық қасиеттері, шынайылық пен тазалықты анықтау және сандық әдістер
Дәрілік өсімдік шикізатынан алкалоидтарды бөліп алу, олардың физика-химиялық қасиеттері және анықтау әдістері
Фенолдар: анықтамасы, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Фенолдар: анықтама, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы мен медицинада қолданылуы
Терпендер және олардың дәрілік препараттарын талдау: құрылымы, химиялық қасиеттері және сандық анықтау әдістері
Спирттер және фенолдар: құрылымы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Мыстың табиғаттағы таралуы, алынуы және физика-химиялық қасиеттері
Тропан туындыларының дәрілік препараттарының химиялық қасиеттері мен сапалық-сандық талдауы
Қанықпаған және ароматты көмірсутектердің галоген туындылары: атауы, алынуы және химиялық қасиеттері
Бензол: құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және токсикологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz