Тауар қорын нормалау
Презентация қосу
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация
кафедрасы
Тақырып: Тауар қорын нормалау. Тауардың
босатылу көлемін қамтамасыз ету
Орындаған:Серикова Р.С.
Тексерген:Сейтова Ж.Д.
Тобы: ФА17-002-02
Жоспар
1. Тауарлар қорының сипаттамасы.
2. Тауарлар қорының жіктелуі.
3. Тауарлар қорының мөлшеріне әсер ететін факторлар.
4. Тауарлар қорын талдау және жоспарлау.
5. Тауарлар қорының айналыс уақытын анықтау.
6. Тауарлар қорының нормативін есептеу.
7. Жабынды тауармен қамтамасыз етуді есептеу.
8. Ақшалық заттарды және өзге ктивтерді нормиалау.
Тауарлар қорының сипаттамасы
• Тауарлар қоры тауар айналымының маңызды бөлімі және өтім функциясының
құрамдас бөлігі болып табылады.
• Дәріханаларда тауарлар қоры тұрғындар мен емдеу алдын алу ұйымдарын ДП және
ММБ-мен түскен кезінен сатуға дейін үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді.
• Тауарлар қорын құрудың қажеттілігі бірқатар факторлармен дәлелденеді:
• ДП сұраныстың ауытқуымен;
• ДП шығару мерзімдерінің ауытқуымен;
• жеткізудегі интервалдың болуымен;
• тапшылықпен байланысты шығынның болуымен (қордың жоқ болуы немесе
жеткізудің кешігуі және т.б.).
• Тауарлар қорын құрудың мотиві келесілер:
• сауда операцияларын жүргізудің қажеттілігі;
• алдын ала сақтық.
Тауарлар қорының жіктелуі
• Қолданылуы бойынша • Мерзімі бойынша
1. Ағымдағы сақтау қоры 1. Есептік қорлар
2. Маусымдық жинақтау және 2. Бастапқы немесе кіріс қорлары
мерзімінен бұрын жеткізу қоры 3. Соңғы немесе шығыс қорлары.
3. Мақсатты қолдану қоры • Мөлшері бойынша
• Орналасқан жері бойынша 1. Минималды
1. Бөлшек сауда желісінідегі қор 2. Максималды
2. Көтерме кәсіпорындардағы қор 3. Орташа.
3. Жолдағы қор.
Тауарлар қорының мөлшеріне әсерін тигізетін факторлар
• Тауарлар қорын нормалаудың ерекшелігі,
күрделілігі мынада, тауарлар қорының шамасы
екі тенденцияда анықталады: бір жағынан,
сатуды ұйымдастыруды жақсарту,
тауаржылжытуды рационализациялау қорды
қысқартуға әкеледі, екінші жағынан – өндірісті
ұлғайту, шығарылатын ДП ассортиментінің
кеңеюі, сату мәдениетін жоғарылату тауарлар
қорын әрі қарай көбейтусіз және үздіксіз сатуға
кепіл болатын кең таңдаудыц қамтамасыз ететін
деңгейге дейін жеткізусіз мүмкін емес. Мысалы,
сату көлемін көбейту, ДДЗ меншікті үлесінің өсуі
тауарайналысын жылдамдатады. Бұл жағдайда
жалпы сатудағы дәрі-дәрмектер тобының сатылу
пайызының өсуі рецепт бойынша босату
салдарынан тауарайналысын баяулатады.
• Тауарлар қорының түзілу ерекшеліктеріне сонымен бірге, өндіріс, тасымалдау және
тұтыну ерекшеліктері де жатады.
• Өндіріс шарты (жағдайы) – өндірістің біртектілігі, кезеңділігі және маусымдығы.
Өндірісті тұтыну аудандарына жақындату тауарларды жылжытуда аралық көтерме
буындардың қатысуын болдырмайды, бұл тауарлардың қоймада және жолда болу
уақытын азайтады, тасымалдауды қысқартады.
• Тасымалдау шарты – жыл бойынша тұрақты болуы немесе тасымалдаудың
маусымдылығы. Мысалы, алыстағы аудандарға тауарларды жеткізу жыл бойынша
тұрақты бола алмайды. Тауарлар қорының шамасына дәріхана желісіне тауарларды
жеткізуді жүзеге асыратын тасымалдау құралдарының жай-күйі де әсерін тигізеді.
• Тұтыну шарты – тұрақты, маусымдық және т.б.
Қорды талдау және жоспарлау
• Тауарлар қорын жоспарлау – бұл оптимизациялауға бағытталған экономикалық
және ұйымдастыру іс-шараларының кешені. Тауарлар қорын оптимизациялау
кезінде екі міндет қойылуы мүмкін:
1. Сұранысты қамтамасыз ету үшін ДП номенклатурасында натуралды және
ақшалық өлшегіштерде нормативті, оптималды қорды белгілеу.
2. Тауарайналымыың элементтерінің баланстық байланысын қамтамасыз ту үшін
тауар-лардың барлық номенклатурасы бойынша сомадағы тауарлар қорының
мөлшерін белгілеу.
• ДП номенклатурасын бағалау үшін оптималды қор, сақтандыру, минимальды,
максимальды, орташа оптимальды қор көрсеткіштерін қолданады (қажет болған
жағдайда бұл мәліметтерді теңгемен беруге болады).
Тауарлар қорының айналыс уақытын анықтау (нақты
тауарайналысын)
• Тауар айналымы жыл бойында өзгереді, сәйкесінше тауарлар қоры да өзгереді.
Соған байланысты, алдымен өткен кезеңдегі немесе ағымдғы кезеңдегі сату
көлемінің орындалуын қамтамасыз ететін ораша тауарлар қорын есептейді.
Тауарлар қорының жағдайын, қолану тиімділігін және жабдқтау сенімділігін бғалау
үшін көрсеткіштер жүйесін қолданады:
• 1) сомадағы тауарлар қорының шамасы (натуралды және ақшалық
көрсеткіштерде) нақты күнге және олардың тауарайналымына күндердегі деңгейі.
Тауарлар қорының шамасын бухгалтерлік және статистикалық есептің мәліметтері
боынша анықтайды. Тауарайналымына күндердегі деңгейі белгілі бір күнге
тауарлар қорының сомасын сол кезеңдегі бір күндік сату көлеміне бөлу арқылы
есептейді. Қор күндері мен сомадағы тауарлар қорының шамасы және әсіресе
олардың өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың қатынасының индикаторы ретінде
болады;
• 2)белгілі бір кезеңге тауарлар қорының орташа мөлшері-тауарлар қорының
ортраша шамасын есептеудің бірнеше әдістемелік тәсілі бар:
• орташа арфметикалық (кезеңнің басындағы және соңындағы қор туралы қпарат
болған жағдайда):
• Қ – (Қб + Қс) : 2;
• орташа хронологиялық (екі уақыттық кезеңнен көп меррзімге тауарлар қалдығы
туралы ақпарат болғанда):
• Қ = (1/2Қб + Қ2 + Қ3 . . . + 1/2Қс) : (п-1), мұндағы: n – қалдық саны;
• 3)Тауарайналысы- тауарлар қорының қозғалысы бір жағынан, тауарлар қорына
кіретін тауарлардың жүйелі шығындалуымен, екінші жағынан тауарлар қорының
жүйелі түрде толықтырылып отыруымен сипатталады. Тауарлар қорының бұл
қозғалысы тауарайналысы процесі болып табылады.
• Тауарайналысы (немесе қор күндері) – бұл есептік кезеңде олардың орташа щамасы
мөлшерінде тауарлар қоры сатылатын уақыт. Тауарайналысын есептеу кезінде ақшалық
өлшегіштердегі барлық көрсеткіштер сатып алу бағасында беріледі.
• Тауарлар қорының айнаысын және мөлшерін талдаудың міндеттінің бірі – сату көлемінің
көрсеткішіне олардың әсерін анықтау. Тауарлар қалдығының көп болуы, олардың
айналысының баяу болуы тауарайалымының қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылғандығы-
ның немесе тауардың сапасының төмендігінің, жақсы өтпейтін тауарлар ассортиментінің
болуының және тауарларды жеткізудің біркелкі болмауының куәсі болып табылады. Нақты
тауарлар қорының нормативтен біршама ауытқуы – теріс құбылыс. Тауарлар қоры әр
уақытта норматив шегінде болу керек немесе аз ғана ауытқу рұқсат етіледі.
• Тауарлар қорының нормативі – бұл шығынды аз жұмсай отырып тұтынушылар сұра-
нысын максимальды қанағаттандыратын тауарлар ассортиментінің оптимальды шамасы.
• Тауарайналысын жылдамдататын факторлар:
• 1)ірі кәсіпорындарда тауарайналысының тез болуына қол жеткізіледі. Бұл жағдайда тауарай-
налымының өсу қарқыны тауарлар қорының өсу қарқынынан әрқашан жоғары болады.
• 2)фармацевтикалық заводтардың дайын ДЗ шығаруы, тауарларды тұрғындарға босатуда
талап етілетін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді, бұл тауарайналысын жылдамдатады.
• 3)тауарөткізу жүйелерін жетілдіру және т.б.
Тауарлар қорын нормалау
• Жоспарлы жылға тауарлар қорының сомадағы абсолюттік көрсеткіші көтерме бағадағы
біркүндік сату жоспарының күндердегі тауарлар қорының жоспарлы нормативіне бөліндісі
ретінде есептеледі.
• Тауарлар қорының нормативі жыл сайын жоспарлы кезеңнің соңына, сонымен бірге сәйкес
тоқсандағы айналымды ескере отырып әрбір тоқсанның соңына белгіленеді.
• Әрбір тоқсанның соңына нормативті белгілеу абсолютті көрсеткішті – тауарлар қорының
сомасын, анықтаудан басталады. Осы мақсатпен базистік жылдың нормативімен
салыстырғанда жоспарлы жылдың соңына тауарлар қорын қандай сомаға жоғарылату
жоспарланғаны есептеледі. Бұл соманы 4 бірдей бөлікке бөледі. Жоспарлы жылдың 1-
тоқсанына нормативті базистік жылдың нормативімен салыстырғанда тауарлар қорын
толтырудың ¼ бөлігіне көбейтеді. Екінші тоқсанның нормативі бірінші тоқсанға қарағанда
тауарлар қорын толықтырудың ¼ бөлігіне көп болады, яғни осылай тауарлар қорын
толықтырудың сомасын тоқсандар бойынша біркелкі бөледі.
• Әрбір тоқсандағы тауарлар қорының нормативі әрбір тоқсанның тауарлар қорының сомадағы
нормативін сәйкес тоқсандағы жоспарлы біркүндік айналымға бөлу арқылы анықтайды.
• ДП номенклатурасындағы қорды басқару сапасын бағалау үшін сонымен бірге айналыс
көрсеткіші, яғни ДП тұтынылуының орташа қорға қатынасы қолданылады.
Тауарлық қамтамасыз етуді (жабынды) есептеу
• Берілген сату көлемін орындау және оптимальды тауарлар қорын түзу үшін.
Тауарлық қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді білу қажет. Тауарлық қамтамасыз ету
натуралды және ақшалық өлшегіштерде есептеледі. Жалпы қажеттілік келесі
формуламен есептеледі:
• П – Р + О + Е + Ф + Г , мұндағы
• П – жалпы қажеттілік – тауарлық қамтамасыз ету (түсу жоспары);
• Р – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сату көлемі;
• О – тауарлар қорының өсу қарқыны
• Е – табиғи шығынның орнын толтыру
• Ф –әртүрлі себептер бойынша препараттарды тізімнен шығарудан болған
жоғалулардың орнын толтыру үшін қор (мысалы, жарамдылық мерзімі өткен
препараттарды тізімнен шығарудан болған);
• Г – сұранысты өзгертуге резерв.
• Дәріханада қарапайым есептеулер жүргізіледі. Тауарлардың түсуі тауарлық баланс
формуласынан шығарылады:
• Т = С + Қб – Қ с
• Тауарлардың түсуі көтерме бағада есептеледі, сондықтан тауарлық теңдеудің
ббарлық элементтері сәйкес бағада болуы керек.
• Осы формула бойынша бір жылға тауарлардың түсуі болжанады. Көптеген
дәріханаларда тауар жыл бойына, тіпті айына бірнеше рет түседі.
Ақшалық заттардың қорын нормалау
• Ақшалық формадағы айналымдағы заттар дәріханада қысқа мерзімдік болады,
сондықтан оларды нормалау қарапайым. Ақшалық заттар қорының жалпы
нормативін кассадағы ақшалық заттар қорының нормасын және жолдағы (банкке
түсімді өткізуге арналған) ақшалық заттардың орташа сомасын қосу арқылы
анықтайды. Кассадағы нақты ақшалық заттардың шекті лимиті әрбір дәріханадағы
түсімді инкассациялау тәртібі мен өткізу мерзімдерін ескере отырып белгіленеді.
Түсімнің жолда болу уақытына почтамен жіберу егер дәріхана түсімді почта арқылы
жіберсе) немесе инкакссатор арқылы жіберу, сонымен бірге банкке түскен түсімді
есеп шотына аударғанға дейінгі өңдеу жатады. Бұл уақыт орташа есееппен қалалық
дәріханалар үшін 1-2 күнге, ал ауылдық дәріханалар үшін 3-4 күн. Көрсетілген
уақыт ақшалық заттардың күндердегі жоспарлы нормативі болып табылады.
Сомадағы ақшалық заттардың нормативі сату бағасы бойынша дәріхананың
жоспарланған бір күндік айналымын күндердегі ақшалық заттардың бекітілген
жоспарлы нормативіне көбейту арқылы анықталады.
• Өзге активтперді нормалау (материалдық құндылықтарды). Тауарлар қоры мен
ақшалық заттардың қорын жоспарлаумен қатар дәріханада өзге құндылықтардың
қорын жоспарлау да жүргізіледі: тараның, көмекші материалдардың, отынның,
дәрілік шикізаттың және т.б.
• Тараның оптималды жоспарлы қоры дәріхана үшін сомадағы тауарлар қорының
жоспарлы нормативінің 3-3,5% құрайды.
• Көмекші материалдардың жоспарлы қоры тауарлар қорының нормативінің 2-2,5%
құрайды.
• Отын қорының жоспарлы нормативі жылытылатын ғимараттың кубатура көлеміне,
отынның түріне және құнына, жылыту маусымының ұзақтығына байланысты
анықталады.
• Дәрілік шикізат қорының жоспарлы нормативін дайындау құны бойынша
есептелген дайындалатын шикізаттың жоспарланған көлемі мен номенклатурасын
ескерем отырып анықтайды.
• Құрылыс материалдар қорының жоспарлы нормативін жөндеу жұмысының
көлеміне, қажетті құрылыс материалдарының мөлшеріне және құнына байланысты
анықтиайды.
• Аз бағалы заттар бойынша норматив олардың қалдық құны (тозу құнын
қосқанда( бойынша есеп мәліметтерінің негізінде жоспарлы жылға алынуы
жоспарланып отырған аз бағалы заттарды қосы отырып анықталады. Тара, көмекші
материалдар, аз бағалы заттар және басқа да құндылықтар бойынша барлық
нормативтер жоспарда бір топқа біріктіріледі, ол «өзге нормаланатын активтердің
нормативі» деп аталады. Бұл норматив дәріхана үшін сатып алу бағасында тек
абсолютті сомада ғана анықталады. Экономикалық мазмұны бойынша өзге
активтердің тобына кіретін айналымдағы заттар әртүрлі, сондықтан олардың
шамасы тауарайналымының шамасына тұрақты тәуелділікте болмайды.
• Дәріхана ұйымының айналымдағы заттарын талдау және жоспарлау бойынша
жүргізілген есептеулердің негізінде жоспарлы кестені құрайды, онда тауарлар
қорының және ақшалық заттардың бір жылға және тоқсандар бойынша күндердегі
және сомадағы нормативі және сомадағы өзге активтердің нормативі көрсетіледі.
Дәріхана тауарлар айналысын жылдамдату жолдарын іздейді және тауарлардың
жатып қалуын болдырмайды. Жаңадан ашылатын дәріхана үшін айналымдағы
заттардың нормативін жоспарлау ұқсас жағдайдағы дәріхананың көрсеткіштерінің
негізінде жүргізіледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz