Ауыр металдар - қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде организмдерді уландыратын металдар
Презентация қосу
Биосферадағы ауыр металдар,
радионуклидтер,
пестицидтер, мұнай және
мұнай өнімдері.
Орындаған:Байларова М.С.
Тексерген: Сабденалиева Г. М.
Ауыр металдар – тығыздығы темірдің
тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті
металдар тобы.
Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, вис
мут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады.
Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын,
кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жатады.
Олар тірі организмдерде жинақталып, ұзақ уақыт бойы
сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде әсер
етеді..Ауыр металдар (Zn,Cu) мен күкірт тотығы (SО2)
ағаш жапырақтарында жүретін метоболизм
процестеріне ингибитор ретінде әсер етеді. Орталық
Европаның орман массивтерінің 23% дефолияциямен
бүлінген (интенсивтілігі 25%). Қылқан
жапырақтыларға қарағанда емен сияқты жапырақты
ағаштар көп зардап шеккен.Ауыр металдардың
өсімдіктерде жиналуы әр түрдің өз ерекшелігіне
байланысты.
Атмосфера ауасында ауыр металдар
органикалық және бейорганикалық
қосылыс,шаң-тозаң және газ тәріздес түрінде
болады. Осы орайда қорғасын,
кадмий,мыс,мырыш аэрозольдері
субмикронды диаметрі 0,5-1 мкм б-
лшектерден6никель және кобальт аэрозольі
ірі дисперсті бөлшектерден тұрады (1 мкм
аса). Металлургия өндірісінде Ауыр металдар
қалдықтарыкөбіне ерімеген күйде болады.
Ауыр металдар – қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде
организмдерді уландыратын металдар. Бұл терминмен соңғы
жылдары тек қана мынадай элементтер: қорғасын, мырыш,
кадмий, сынап, молибден, марганец, никель, қалайы, кобальт,
титан, мыс, ванадий аталады. Бұл элементтер қоршаған ортаға
түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен
ыдырамайды. Олар топырақта жинақталып, өсімдіктерге өтіп,
әрі қарай биологиялық айналымға түсіп отырады. Ауыр
металдардың жартылай ыдырау мерзімі ұзақ, мысалы:
қорғасындыкі 740 жылдан 5900 жылға дейін, кадмийдікі -13-110
жыл, мырыштыкі – 70-510 жыл, мыстыкі – 310-1500 жылдар
аралығына дейін созылады.Биологиялық тізбек: топырақ -
өсімдік – адам, топырақ - өсімдік – адам, топырақ – су – адам
және топырақ – атмосфералық ауа – адам арқылы адам
организміне өтіп, олар әр түрлі ауруға шалдықтырады
Пестицидтер
Пестицидтер дегеніміз –мәдени өсімдіктерді
зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден,
аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін
қолданатын барлық хмиялық қосылыстар.
Пестицидтердің атауы латын сөздерінен алынған; pesis
– жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін.
Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін
18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын
болғандықтан биосфера мен адамарға зияны тиіп
жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ,
себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер
пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол
қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1)хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст)
гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар
организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға
созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып,
тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2)Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон,
фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б.
Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3)Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі
эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді,
ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
4)Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су
қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5)Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема
қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан
бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи
пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды
пиретроидтер де алынған.
Мұнай
Мұнай - көмірсутектер
қоспасы болып табылатын,
жанатын майлы сұйықтық;
қызыл-қоңыр, кейде қара
түске жақын, немесе әлсіз
жасыл-сары, тіпті түссіз
түрі де кездеседі; өзіндік
иісі бар; жерде тұнбалық
қабатында орналасады;
пайдалы қазбалардың ең
маңызды түрі.
Мұнай өнімдері
Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы;
мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар.
Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр
түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі
мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин,
дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы
жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай
кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады
немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде,
қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады.
Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін
жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені
олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат
болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер:
этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды
пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан
табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серік газдан заттарды
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz