Өткізу құралдары


Slide 1

КӨРМЕ - ЖӘРМЕҢКЕ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТУРИСТІК ЖАРНАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Slide 2

Қызмет көрсету сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.

Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ принциптеріне келесілер жатады:

Не өткізе аламыз, соны өндіру;

Жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру;

Тиімділік пен пайдалылық принципі;

Маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.

Slide 3

Қызметтер маркетингінің негізгі міндеті - рынокқа жаңа қызметтерді жылжыту мен ескірген қызметтерді есепке ала отырып, қызметтерді өткізу және өндіру бойынша кешенді қызметтi ұйымдастыру. Бұл міндеттің шешімі келесі маркетингтің арнайы қызметтерімен толықтырылады:

Қызметтер рыногын зерттеу және зерттеу нәтижелеріне талдау жасау;

Қызметтерге деген тұтынушылардың сұраныстарын және әлуетті сұраныстарын анықтау;

Қызметтерді өткізу және өндірісті жоспарлау;

Баға саясатын жасау;

Қызметтер саласындағы кәсiпорынның имиджiн қалыптастыру

Алғаш рет туризмде маркетинг терминологиясын, принципін, концепциясын қолдануды 1971 жылы Криппендорф ұсынған. Бұрынғы әдебиеттерде туризм қызметінің феномендері және анықтамалары сипатталады. Туризм 1950 жылдан бастап тез дамып келеді. Бұл кезеңде, сатушылар рыногын жасау үшін, туристік қызметтерге деген сұраныс көбінесе қолжетімділік мүмкіншіліктерінен асып кету беталысын алған, және бұл жағдай рынокқа бейімделген қатынастарға үйрену үшін және сату техникаларын жылжыту үшін қолайсыз болды.

Slide 4

Кейбір авторлар туристік маркетинг анықтамасына жаһанды мән береді. Мысалы, швейцариялық маман Е. Крипендорф: «Туристік маркетинг-туристік кәсіпорындардың қызметін, сонымен қатар, аумақтық, ұлттық және халақаралық жоспарлар бойынша, туризм аумағындағы жеке және мемлекеттік саясатты жүйелі түрде өзгерту және координациялау. Мұндай өзгертулердің мақсаты - тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін неғүрлым толығырақ қанағатандару». Туристік қызметтер аумағындағы тауар саясатының өзгешелігі жоғарыда айтып өткендей, қызметтердің материалдық өнімдерден келесі жалпы белгілі ерекшеліктерімен түсіндіріледі: сезілмеушілігі, өндірушіден бөлінбеуі, сапа тұрақсыздығы және сақтау қабілетсіздігі. Қызметтер сапасы бойынша жылдамдық, білгірлік, әдептілік, қамқоршылық, тауарлар жекеленуі сияқты параметрлерге сәйкес ерекшеленеді.

Slide 5

Туристерді тарту құралдары

Жарнама

Сатуларды қолдау бойынша қызмет

Қоғаммен байланыс

Туристерді тарту құралдары

Slide 6

Өткізу құралдары

Жарнама

Қоғаммен байланыстар

Өткізуді ынталандыру

Жылжытудың негізгі құралдары

Керекті нәтижеге жету коммуникациялық арнаның біреуін қолданып, мүмкін емес. Өнімді жылжыту бағдарламасында әр түрлі тәсілдер қолданылуы керек.

Жарнама, әрине туристік тауарлар мен қызметтерді сату мен өткізудің маңызды элементі. Көп турфирмалар жарнаманы сатуды жылжыту үшін қолданады. Сатудан түскен пайданың 5% жарнамаға жұмсалады.

Slide 7

Туризм индустриясындағы жарнаманың негізгі түрлері мен тарату құралдары

«Жарнама» терминінің шығу төркіні Қазақстанның оңтүстік өңірінде ислам өркениетінің гүлденген дәуірі-ІХ-ХІІ ғасырларға барып тірелетіні де сондықтан (мұсылман Ренессансы Еуропаның орта ғасырынан әлдеқайда ерте басталған) . «Жар» сөзінің «Қазақ диалектілер сөздігіндегі» бір мағынасы-қабырға дегенді білдіреді. Ал, «нама»-парсыша «жазу» деген мағынада. Сөйтіп, «жарнама» дегеніміздің ежелгі мәні - «қабырғадағы жазу, жазба» болса керек. Бір таңданарлығы, осы сөз төркінінің жоғарыда келтірілген ортағасырлық Еуропа қала мәдениетіне тікелей ұштасып жатуы.

Slide 8

Кері байланыс

Жарнама коммуникациясының сызбасы жарнаманың өзіне тән ерекше белгілеріне байланысты. Ол негізгі ақпаратты жіберушінің коммуникациялық мәселелерін тұтынушыға әсер ету арқылы шешу.

Ақпарат жіберуші жарнамалық хабарды ақпарат алушыға жіберетін тұлға. Тиімді коммуникация қалыптастыру үшін ақпаратты жіберушінің шынайлылығы немесе белгісінің бір ақпаратты алуына жетуі жарнамалық байланысты реттеуде анықталады.

Slide 9

Көрме және жәрмеңкелердің жоғары тиімділігі жыл сайын әлемде едәуір шығынды талап ететін көптеген мыңдаған ірі көрмелік шаралардың өткізілуімен анықталады.

Жәрмеңкелер нарықтық сипаттағы шаралар ретінде дүниеге келді. Оның мақсаты - көрсетілетін өнімдер немесе тауарларды өткізу. Көрмелер адамдардың қандай да бір жетістіктерін көпшілік демонстрациялау құралы ретінде пайда болды.

Жәрмеңке дегеніміз - негізгі мақсаты көрсетілетін тауарлар бойынша сауда келісімдерін жасау болып табылатын коммерциялық шара.

Көрме - қоғам өмірінің қандай да бір материалдық немесе рухани сферасындағы жетістіктерді көпшілік демонстрациялау. Негізгі мақсаты - идея, теория, білім алмасу.

Slide 10

Ұлттық көрмелер - әр түрлі өмір сфераларындағы елдің жетістіктерін көрсететін арнайы ұйымдастырылған экспозициялар. Мұндай көрмелер елдің ішінде де, сонымен қатар шет елдерде де өткізілуі мүмкін. Тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін. Ұлттық көрмелерді соңғы жылдары жарнамалық және коммерциялық жұмыстарды өткізу үшін неғұрлым тиімді пайдалануда.

Көтерме жәрмеңкелер - сауданың көтерме звеноларының өкілдері өнімді немесе тауарларды өндірістік кәсіпорындардан және бірлестіктерден жеткізіп беру туралы келісімдерге келу шаралары.

Slide 11

Туристік өнімдерді нарыққа жылжытудың ең негізгі құралы туристік көрмелерге қатысу болып табылады. Халықаралық көрмелердің арасындағы ең танымалысы ІТМ (Лондон), ІТВ (Берлин) және ҒІТТ (Мадрид) болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылы келесі халықаралық туристік көрмелерге қатысуы ұйымдастырылды: ITB (Берлин қ. ), «Интурмаркет» (Мәскеу қ. ), ATM (Дубаи қ. ), ITE (Гонконг қ. ), PATA Travel Mart-2015 (Бангалор қ. ), JATA-2015 (Токио қ. ), WTM (Лондон қ. ) . Қазақстандық делегациясына министрлігінің өкілдері, туризм, дене шынықтыру және спорт, туризм және ұлттық қолөнер қоғамдық ұйымдардың, қонақ үйлер, суретшілер, өкілдерінің аймақтық бөлімі кіреді.

Slide 12

Алматыда өткен KITF-2016 халықаралық туристік көрмесі

Slide 13

2011 жылғы 9-13 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Берлин қаласында (Германия Федеративтік Республикасы) жыл сайын өтетін 45-ші ITB 2011 халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Қазақстан көрме қорытындылары бойынша екі наградаға ие болды. 5 санат бойынша - «Еуропаның ең үздік стенді, «Американың ең үздік стенді», «Таяу Шығыстың ең үздік стенді», «Азия, Тынық мұхит өңірі және Австралияның ең үздік стенді» және «Африканың ең үздік стенді» ең үздік стендке награда ұсынылды, сондай-ақ әрбір санатта 10 номинант жарияланды.

Халықаралық туристік көрме, ITB Berlin

Slide 14

Алматыда өткен KITF 2016 халықаралық көрмесіне әлемнің 31 елінен 300-ге жуық компания қатысты.

Аталған көрмені ITE Group (Ұлыбритания) мен Iteca (Қазақстан) ұйымдастырып отыр.

Алматы облысының әкімдігі атынан көрменің ашылуымен құттықтап, биыл көрменің ресми серіктесі болғанын әкімдік мәлімдед. Айта кету керек, қала әкімі Бауыржан Байбек көрмені өзі аралап, туристік компаниялардың дамуы қарқынымен танысты.

Алматыда өткен KITF 2016 халықаралық көрмесі

Slide 15

Жіктелу белгілері

Көрме шараларының түрлері

Өткізу мақсаттары

Сауда

Ақпарттық-танымдық

Өткізу жиілігі

Мерзімдік

Жыл сайын

Маусымдық

Экспонаттарды ұсыну сипаты

Әмбебап

Көп салалық

Салалық

Маманданған

Қатысушылар құрамы

Аймақтық

Аймақаралық

Ұлттық

Халықаралық

Көрмелік шаралардың жіктелуі

Slide 16

Туристтік фирманың көрмелерге қатысу үрдісі

Slide 17

"FITUR" халықаралық туристік көрмесі туризм саласындағы түрлі жетістіктерді паш етеді. Онда осы саладағы соңғы жетістіктер, заманауи үрдістер, кеңестер, тренингтер, жаңа тауар мен қызмет түрлері, логистикалық компаниялар, елдердің мәдениеттері таныстырылады. Бес күн ішінде көрмеге келушілер қазақстандық жетістіктермен танысуға мүмкіндік алады. Көрме аясында Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысының делегаттары таныстырды.

Қазақстандық делегация Мадридтегі "FITUR" халықаралық туристік 2014 жылдың 22-26 қаңтар аралығында Мадридте биылғы жылғы алғашқы ірі туристік шара - 34-інші "FITUR" халықаралық туристік көрмесі өтті. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысының делегаттары таныстырады, деп мәлімдеді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Slide 18

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
СЫНАУДЫ АНЫҚ ТАУ, СЫНАУ ОБЪЕКТІСІ, СЫНАУ ДЕҢГЕЙІ, СЫНАУ ҚҰРАЛДАРЫ, СЫНАУДЫШЫ ОРЫНДАУШЫЛАР, СЫНАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК­ НОРМАТИВТІК НЕГІЗІ
Жарнама және оның аспектілері
Туристік жорықтағы міндеттер мен құрал-жабдықтар
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі - бес жыл
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкының ақшанесие саясаты
Ұлттық банкының ақша - несие саясаты
Жарнама мәні
Байланыс Әрекеті түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz