Талантты және дарынды балаларды оқыту




Презентация қосу
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Сабақтың тақырыбы:
Талантты және дарынды балаларды оқыту

Пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері
Пән оқытушысы: Асқарова Армангүл Қаленқызы
Сабақтың мақсаты:
Талантты және дарынды балаларды
оқытуда олардың кең өрісті қабілетін
дамытуға, анықтауға жас мамандарға
бағыт-бағдар беру.
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік
болса, сонда ғана оның аты Адам болады” Абай

Жас бала анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады. Біреуі –
ішсем, жесем, ұйықтасам деп
тұрады. Біреуі білсем екен
демекілік. Не көрсе соған
талпынып, “ол немене?”, “бұл
немене?” деп, “ол неге
үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?”
деп, көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейді. Мұның
бәрі – білсем екен, көрсем
екен, үйренсем екен дегені.
Жетінші сөз
Талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе
спорт, т.б. салалардағы жоғары деңгейде дамуы.
(тума қасиет)
Дарын – орта қабілеттен сәл жоғары деңгейде
орындай алатын зияттың немесе қабілеттің
жоғары деңгейі. (жүре келе, ізденіп, қабілетін аша
келе көрінетін қасиет.)
Дарынды бала -
өз қатарларынан әлде
қайда дамыған, ерекше
зейіні бар, белгілі бір
іс-әрекет бойынша
асқан қабілеттілік
танытып, жоғары
жетістіктерімен
дараланатын бала!

«Дарынды, талантты бала – бұл белгілі бір салада
жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер
әлеуеті мол бала».
Лейтис Н.С.
Дарынды балаларды қалай тануға болады?

Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың үш
категориясын анықтап берді:
• ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар;
• жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі
ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен
оқушылар;
• дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін
оқушылар.
Оқушының
дарындылығын анықтауда
жүргізілетін жұмыс:
1. Дарынды бала туралы
педагогикалық,
психологиялық,
әлеуметтік ақпараттар,
мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Социометрия
6. Әңгімелесу
7. Интервью
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:
• Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай
ғылыми жұмысқа баулу;
• Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
• Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір
– сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;
• Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру.
Фриман (1998) ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді
өлшемдерді көрсеткен.
• есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері
өте жоғары,олар ақпаратты біліп қана қоймай , оны
пайдалана алады;
• өз білімін жетілдіру: олар білім беру үрдісінің қалай
жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын
реттей алады.
• ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп
уақыт жұмсауы мүмкін,бірақ жоспардың жүзеге асуына
тез жетеді.
• мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырады.
• икемділік: басқаларға қарағанда олардыңойлау
қабілеттері жақсы ұйымдастырылған,оқуда және
проблемаларды шешудегі шешімдерді тауып,қабылдай
алады.
• күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын
арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға
ұмтылады.
• ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей,
оқи және жаза бастайды.
Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай
отырып мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды
бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс (Еуre and
Lowe ,2002)
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.
Балалар өздері бір ғана пәнге ғана емес, бірнеше пәннен
немесе басқа да салада өзін көрсете алуы мүмкін.
Мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және де басқа
таланттармен танылуы ықтимал.
Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса басқа
салаларда қиындықтар туындауы мүмкін. Олар
дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі
кезеңдерде қабілеттерін танытпауы да мүмкін. Бұл
дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-
анасы, балалардың өздері айқындай алады.
Дарынсыз адам жоқ, оны дамыту керек
Тұрсын Жұртбаев

Бейбарыс Дүйсен- 4жасар бала, 4тілдің
әліпбиін біледі

Жансая Әбдімәлік — қазақ шахматшы қызы,
он төрт жасында гроссмейстер атанған.

Әли Байжігіт-
11 жасар ең
Жамбыл Дүйсенов- жас жылдам
ақын, 12 жасында 3 математик,
жыр жинағын Pentium 87
шығарды, жеке операциясының
шығармашылық кешін жүлдегері
өткізді.
Абзал Мырзаш- 12 жасында 11 жылдық
мектепті үздік бітірген. Бар-жоғы жеті жылда
мектеп бағдарламасын еркін меңгерген ол
ерекше қарым-қабілетінің арқасында талай
халықаралық олимпиадаларда топ жарған.
Қазіргі уақытта Қазақ-Британ техникалық
университетінде білім алып жатыр.
Орынгүл Арыстан
Ақтаулық 12 жастағы оқушы
жуырда ғана менталдық
арифметикадан әлемдік рекорд
орнатты. Ол әлемнің 150 білімді
оқушысымен бірге 30 мың есепті
бар болғаны 26 минут 26 секундта
шығарған.

Қайсар Шайхин- 12 жаста -ақ
жеке интернет арнасында үш
тілде «Кішкентай Рrofessor»
медиа бағдарламасын жүргізіп
отыр.
Бейнефильмдер көріңіз, пікір
білдіріңіз

1. Ксения Симонова: "Не опоздайте!"
https://youtu.be/St1nmELqDTQ
2. «Ең танымал дарынды балалар»
https://youtu.be/Gst6jAD0W8o
Кері байланыс

Бүгін не үйрендіңіз?
Сабақ бойынша қандай сұрағыңыз бар?

Үй жұмысы:
1. Дәріс бойынша тезис жазыңыз
2. Бейнефильм көріңіз, пікір білдіріңіз
3. Сыныбыңызда танымал дарынды бала оқиды делік, сіз
қандай жұмыстар жүргізесіз?
4. Оқушы қабілетін дамытуға арналған интелектуалды
ойындар шарасының жоспарын жасап көріңіз

Ұқсас жұмыстар
ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ
Дарынды және талантты балалармен жұмыс әдістері
Оқушылардың қалай
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
ДАЙЫНДАЛУ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР
Дарынды балаларды анықтау жолдары
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРҒА МҰҒАЛІМ
Кері байланыс
Етістіктен өткенді қайталау
Пәндер