Жарғылық капиталдың есебі


Slide 1

Жарғылық капитал есебі.

Slide 2

Капитал туралы түсінік

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүлікгерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Slide 3

Кәсіпорын мүлкінің құрамы

Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдагы активтер» деп екіге бөледі.

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдарынан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы

айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техника лық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысьшда пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салым- дар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

Slide 4

Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

жарғылық капитал;

резервтік капитал;

бөлінбеген пайда.

Slide 5

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа жэне ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті Қаржыларынан басқа қарыз қаражатт пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық ащионерлік қогам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерініц мүлік жарналары (үлестері') .

Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Slide 6

Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларының олардың атаулы (номиналдық) кұнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымыша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестнцияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекге (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының зандары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі) .

Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

Slide 7

Жарғылық капиталдың есебі

Мекеменің меншікті капиталында негізгі орынды жарғылық капитал алады.

Жарғылық капитал- бұл акционерлік қоғамда құрылтайшылардың акцияларды нақтылы құны бойынша және инвесторларға оларды орналастыру бағасы бойынша сатылатын барлық шығаруға жаряланған акциялардың жиынтық құндары есебінен немесе жаңадан құрылған мекеменің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін шаруашылық серіктестіктердің басқа да түрлерінде құрылтайшылардың ақшалай қаражаттары немесе басқа да мүліктер (негізгі құралдар, материялдық емес активтер, тауарлық материялдық қорлар, бағалы қағаздар, мүлікті құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және өзге мүлікке құқығы) түріндегі салымдардан қалыптасып, құрылтайшы құжаттарда(мекеменің жарғысында) тіркелген меншікті капиталдың бастапқы сомасы.

Slide 8

Жарғылық капиталдың есебі

Жарғылық капиталдың нақты міндеті, орындайтын функциялары мен қалыптасу тәртібі ең алдымен мекеменің ұйымдастыру құқықтық нысанына байланысты және Азаматтық Кодекс пен «Акционерлік қоғам туралы», «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңдармен реттелінеді.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің капиталы үш негізгі функциялар атқарады:

-ол бастапқы капитал, яғни қоғамның қызметі үшін мүліктік негіз болады;

-ол қоғамдағы әрбір құрылтайшының (акционердің, қатысушының) салымының үлесі (пайызын) анықтауға мүмкіндік береді, өйткені оған жиналысқа қатынасушының дауытарының саны және оның табысының (дивидендінің) мөлшері сәйкес болады;

-жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғаның адындағы міндеттемелерді орындауға кепілдік беру мүмкіндігін береді, сондықтан оның ең төменгі мөлшері заңдармен белгіленеді.

Slide 9

Жарғылық капиталдың есебі

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібі мен мәлшері әртүрлі.

Акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанда құрылған мекеменің жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың Қазақыстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеу арқылы қалыптастырылады және ұлттық валютамен көрсетіледі.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржылық жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінде болады.

Slide 10

Жарғылық капиталдың есебі

Акция- бұл акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай ақ Қазақыстан Республикасының «акционерлік қоғамдар туралы» Заңда және өзге де заң кесімдерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.

Дивиденд- бұл акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі.

Акцияның нақтылы құны- бұл барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын біріңғай баға, осы баға бойынша құрылтайшылар арасында орналастырылады.

Орналастыру бағасы- бұл акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналыстырған кезде акцияның белгіленетін бағасы.

Акционерлік қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығы мен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақыстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

Артықшылықты акциялардың меншік иелеріне - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері- акционерлеріне қарағанда акционерлік қоғамның жарғысында белгіленіп, алдынала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және акционерлік қоғам тартылған кезде заңмен белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.

Slide 11

Жарғылық капиталдың есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, соңдай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеудеда жүргізілуі тиіс. Қандайда болмасьн қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.


Ұқсас жұмыстар
Меншікті капитал
Төленбеген капитал шоты
Меншік капиталының есебі туралы ақпарат
Капитал есебі
Жарғылық капитал есебі
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАСЫ
Міндеттемелер мен капиталдардың аудиті
Компанияның меншік капиталы
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ТАНУ
Сатып алу бойынша шығындарға жататындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz