ЮНУСОВА ДАНА ТОБЫ
Презентация қосу
ЛИПИДТЕР
ОРЫНДАҒАН: ЮНУСОВА ДАНА
ТОБЫ: ЖТ-18-2К2
ҚАБЫЛДАҒАН: ХАЛМЕТОВА БАРНО
ЛИПИДТЕР
• Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі
жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік
процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді
заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде
суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ,
эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген
сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз
(көмірсутекті) және полярлы (–СООН, –ОН, –NH2)
аймақтар болады.
Липидтер
Қарапайым
стероидтер
липидтер
Күрделі
липидтер
• Қарапайым липидтерге
май қышқылдары мен
спирттердің күрделі
эфирлері жатады. Бұл
топты
триацилглицеролдар мен
балауыздар құрайды.
Триацилглицерол – бұл үш
атомды спирт глицерол
мен май қышқылының үш
молекуласынан құралған
күрделі эфир
• Күрделі липидтерге
фосфолипидтер жатады.
Фосфолипид биологиялық
мембрананың негізгі
құрамдас бөлігі болып
саналады. Барлық жасуша
мембранасы құрамына
фосфодиацилглицерин
кіреді. Ол күрделі эфир,
молекуласы глицерин
қалдығынан, май
қышқылының екі
• Стероидтар биологиялық
белсенді қосылыстардың үлкен
тобы, құрылым негізін қаныққан
полициклді спирт
пергидроцикло-
пентанофенантрен құрайды.
Стероидтар сабындалмайтын
липидтерге жатады, сілтілі
гидролизде сабын түзілмейді.
Олар жануарлар, өсімдіктер
ұлпаларында және
микроорганизмдерде кездеседі.
Стероидтарға холестерин және
олардың туындылары жатады.
ЛИПИДТЕР БАРЛЫК ТІРІ ЖАСУШАЛАРДА БОЛАДЫ, ОСЫҒАН
ОРАЙ ОРГАНИЗМДЕ МЫНАДАЙ МАҢЫЗДЫ ҚЫЗМЕТТЕР
АТҚАРАДЫ: ҚҰРЫЛЫС, ЭНЕРГИЯ КӨЗІ, ҚОРЕКТІК ЗАТ,
ҚОРҒАНЫШТЫҚ, МЕТАБОЛИЗМДІК ЖӘНЕ Т.Б.
• Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай
өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
• Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.
• Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері
астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.
• Жануарлар организмі үшін су көзі
• Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе
9,5 ккал энергия бөлінеді.
Өсімдік майы– түрлі өсімдік дәні мен шырынынан алынатын табиғи
өнім. Өсімдік майы негізінен глицериннің, қаныққан және
қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95
– 98%) түзіледі. Одан басқа өсімдік майы құрамында илік заттар,
фосфатидтер, фитостериндер, пигменттер және Е витамині, т.б.
кездеседі. Өсімдік майының құрамы майдың түсі мен дәміне әсер
етеді. Өсімдік майына қыша, күнжіт, жүгері, күнбағыс, какао, мақта,
жүзім, қауын, қарбыз, т.б. майлары жатады. Өсімдіктердің дәні мен
шырынында сімдік майының мөлшері 2 – 3-тен – 70%-ға дейін
болады. Өсімдік майының қасиеттері ондағы триглицеридтер түзетін
май қышқылдарының құрамына байланысты: сұйық, май тәрізді,
кейде қатты, бояулы, кейбірі улы заттар болып келеді. Өсімдік
майында холестерин болмайды.Өсімдік майы негізінен тамаққа,
сондай-ақ олифа, сыр, жағармай, сабын өндірістерінде, т.б. кеңінен
қолданылады.
Холестерин (холестерол) (көне грекше: χολή —
«өт» және көне грекше: στερεός — «қатты») —— стериндер
тобына жататын органикалық зат, химиялық формуласы
- C27H46O Табиғатта кең тараған және ең маңызды стерин.
Жасуша мембранасының құрамына енетін жоғары май
қышқылдарымен күрделі эфирлер түзеді. Сондықтан
жануарлар организмінің барлық жасушаларында әсіресе
бүйрек үсті безі, ми, бауыр, жұмыртқаның сарыуызында көп
болады. Қандағы холестериннің қалыпты әдеттегі мөлшері
180—260 миллиграмм (0,18 — 0,26%) болады.
• Балық майы — нәлім балығынан алынады. Балық
майы– балық (треска, тағы басқа) бауырынан
алынатын сұйық май. Мөлдір қызыл күрең түсті,
өзіне тән иісі бар сұйықтық. Құрамында А және D
витаминдері көп болғандықтан мешел, авитаминоз
, остеомаляция, остеопороз, тыныс алу, асқазан,
тері және көз ауруларын емдеуге пайдаланады.
Балық майынан таза күйінде сәбилерге ішкізеді,
инъекция жасайды, кейде басқа дәрілердің
құрамына енгізіледі.
• Балық майында адамға керекті витамин заттары
көп. Мысалы, балық майында А және Д
витаминдері көп болады. Балық майын жас
балалар рахитқа шалдықпау үшін береді және сол
ауруды емдеу үшін қолданады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz