Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар жіктемесі


Slide 1

Тақырыбы: Психодиагностикалық әдістемелер мен оларды жасаушы, қолданушыларға қойылатын талаптар

Slide 2

Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар жіктемесі

Ғылыми журналдарда, монографияларда, жинақтарда жарияланатын зерттеу әдістемелеріне қойылатын талаптар;

Қандай да бір әдістемені немесе әдістемелер класын қолданудың мазмұндық-теориялық, сандық және тәсілдік аспектілерін түсіндіретін анықтамалық баспаларға қойылатын талаптар;

Психодиагностика бойынша танымал баспаларға қойылатын талаптар;

Әдістемені қолдануда тікелей қолданушыларға нұсқау беретін және нұсқаулардан, тапсырмалар мәтінін, кілттерін, нормаларын, интерпретация ережелерінен тұратын қолданбалық әдістемелік материалдарға қойылатын талаптар.

Slide 3

Ғылыми хабарлар

Әдістеменің теориялық негіздерін, жасалу тәсілдерін және эмпирикалық негіздемелерін, тестік көрсеткіштер шкаласының валидтілігі, сенімділігі, репрезентативтілігі жайлы зерттеулік мәліметтерді түсіндіру қажет. Ғылыми жаңалықтарда әдістемелердің кәсіби шектеулері, тапсырмалардың толық мәтіні, кілттері, тестік нормалары, жүргізу және өңдеу бойынша толық нұсқаулар түсіндірілмеуі қажет. Осы мәліметтердің барлығы жайлы ғылыми жаңалықтың авторы жанама түрде көрсетуі керек.

Slide 4

Анықтама-әдістемелік баспалар

Бұл баспаларда тапсырмалардың мәтінінен, кілттерінен, нормаларынан тұратын нұсқаулық материалдар келтірілуі мүмкін, бірақ бір ғана шарт бар, мұнда баспаға қажетті психологиялық дайындығы бар, оқырмандардың арасында таралуын қамтамасыз ететін мамандар үшін баспа мәртебеі беріледі. Мұндай баспаның авторлық ұжымы психологтар қауымдасытығының алдында осы баспаның тиражының таралуына жауап береді.

Slide 5

Нұсқаулық құжаттар

Әдістеменің стандарттарымен: диагностика пәні, қолдану саласы, зерттелушілер контингенті, қолдану тәсілдерімен сәйкес адекватты қолдануды қатамасыз ететін сипаттамадан тұрады. Сипаттамасы әдістеменің жасалу тәсілі жайлы және алынған мәліметтердің сенімділігі, валидтілігі жайлы толық мәліметтермен жабдықталуы қажет. Сонымен қатар анықтамалық және нұсқаулық материалдарда әдістемені қолдануышының кәсіби мәртебесіне қойылатын талаптар да құрылуы қажет.

Slide 6

Танымал баспалар

Автор-психологтар кәсіби құпияны баяндауға құқықтары жоқ, яғни: диагностикалық тәсілдердің мағынасын сипаттамауы қажет.

Slide 7

Өлшеу әдістері келесі талаптарды орындауы қажет

әдістемені қолдану мақсаты, пәні, аймағы анықталуы қажет;

тапсырмалар және жауаптар талдауын көрсету үшін қолданылатын зерттеуді жүргізу процедуралары арнайы психологиялық, ЭЕМ білімдері жоқ іс-қағаз жүргізуші адамға түсінуге тиімді үлгіде ұсынылуы қажет;

өңдеу барысы есептеудің статискалық негізделген әдістерімен тестік ұпайлардың стандартты түрде болуын қажет етеді. Диагностикалық қорытындылар осы пікірлердің статистикалық мәнділігінің ықтималдық деңгейіне сүйене жасалуы қажет;

тестік шкалалар қолдану аймағында репрезентативтілікке, сенімділікке және валидтілікке сәйкес тексерілуі қажет;

өзіндік есепке негізделген процедуралар ықтималдылықты реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет;

қандай да бір қолдану аймағының басты әдістемелік ұйымдасуы тестілер бойынша алынған мәліметтерді жинақтап, барлық әдістемелер стандартына кезекті түрде түзетулер енгізіп отыруы қажет.

Slide 8

Сараптау әдістері мынадай талаптарға негізделеді

әдістемелердің қолдану мақсатын, пәнін және аймағын нақты қалыптастыру

жүргізуде нұсқаудың болуы

нәтижелерді өңдеу процедурасының болуы

қорытынды соңғы нәтижелерді басқа сарапшының қайта тексеруіне мүмкіндік беретін аралық өңдеу кезеңдерінен тұруы

қолданушы-әзірлеуші адамға зерттеуді қайта жаңғырту мүмкіндігінің болуы

мәліметтер жинағын ұйымдастыруға бағыттау.

Slide 9

Әдістемелер басты әдістемелік орталықтарда аттестациялаудан өтуі қажет.

Атестациядан өтпеген әдістемелер практикалық психологияда қолдану құқығынан айырылады.

Slide 10

Психолог-қолданушыға қойылатын талаптар

Психолог-қолданушы - психодиагностиканың жалпы теориялық және методологиялық принциптерін білуі, тәжірибеде қолдана алуы қажет, дифференциалды психометриканың негіздерін меңгеруі, психологиялық диагностика бойынша әдістемелік әдебиеттердің жариялануын қадағалауы, өз бетінше берілген аймақта қолдануға болатын әдістемелер картотекасы мен жеке кітапханасын ұйымдастыру, қажет.

Тестілеу негізінде қабылданған шешімдерге жауап беруі, әдістемелердің болжамдық валидтілігі мен репрезентативтілігіне шешімнің сәйкестігін қамтамасыз етуі, кәсіби маманның жіберуі мүмкін қателіктерін алдын-ала ескертіп отыруы қажет.

Slide 11

Берілген аймақта психодиагностиканы жүргізуде басты құқыққа ие болуы, хаттамаларды кәсіби этикалық принциптермен сәйкес, психология ғылымының мүддесімен қолдана білуі қажет. Психолог әдістемелік мәліметтер алуға құқылы, сонымен қатар оларды жеке кәсіби меншік ретінде қолдана алуға құқылы, психолог стандартты және стандартты емес әдістемелерді қолдана отырып, диагностикалаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

Slide 12

Әдістемелерді таңдауда жеке пікірлері мен қалауларына сүйенбеуі қажет, диагностикалаудың жоғары тиімділігінің талаптарын ескеру қажет.

Әдістемені қолданумен қатар әдістеменің тиімділігін талдау негізінде ғылыми әдістемелік жұмыстарды жүргізу зерттеуші және практикалық мекемелерде қызмет атқаратын психологтың негізгі міндеттеріне кіреді.

Стандартты зерттеу әдістерін жүргізу үшін барлық талаптардың мұқият орындалуын қамтамасыз ету керек, ұпайларды есептеу қатаң сәйкестікте орындалды. Психолог нақты уақытқа қабылдайтын әдістемені қолдануда стандарттан ауытқымауы қажет. Әдістемені қолданудағы жарнамалар мен ұсыныстарды әдістемелік орталыққа жіберіп, оларды және әдістемені қарастыру кезінде оларды тіркеуді талап етеді.

Сыналуышының жеке сенімділігі негізінде алынған психодиагностикалық ақпараттың құпиялылығын сақтап отыру керек. Психолог сыналушыға міндетті түрде оның нәтижелерін кім және не үшін қолданатынын алдын-ала түсіндіруі керек, сонымен қатар ол психологиялық диагностика кезінде қандай шешімдер қабылдайтынын сыналушыдан жасырмауы керек.

Slide 13

Кәсіби құпияны сақтау керек: психодиагностикалық тәжірибені нұсқаулық материалды жүргізуге өкілеттілігі жоқ адамдарға жариялануы қажет, сыналушылардың алдында қандайда бір психодиагностикалық әдістеменің сырын ашып қоймауы қажет.

Міндетті түрде ықтималдылық болжаммен қатар, альтернативті диагностикалық болжамды қарастыру қажет.

Психологтар қоғамының аймақтық немесе орталық органдарына өзі байқаған жерлердегі психодиагностиканың нормативті принциптерінің бұзылу шараларын анықтаған жағдайда хабарлама беріп отыруы қажет.

Талдауда арнайы білімдерді талап етпейтін теориялық және психометрикалық негізделген жеке әдістерді психологиямен салалас мамандар қолданады.

Slide 14

Мұғалімдер, дәрігерлер, социологтар, инженерлер, экономистер және т. б. психолог емес-қолданушыларға қойылатын талаптар

Алдын ала берілген практика саласында қызмет атқарушы психологтармен қойылған міндеттерді шешуде қандай әдістемелер қолданылатынын кеңесіп алу қажет.

Егер маман психологтар қандай да бір әдістемені қолдануда психологиялық білімдердің қажеттілігі немесе арнайы даярлықтың қажеттілігі жайлы айтатын болса, онда басқа әдістемені таңдауы немесе арнайы даярлықтан өтуі немесе психодиагностиканы жүргізуде маман-психологтың сұрануы не болмаса психодиагностиканы жүргізуден бас тартуы қажет.

Әдістемелерді жүргізуге рұқсат алғаннан кейін кәсіби құпиялылықтың барлық талаптарын орындауға байланысты міндетті өз мойнына ала білуі қажет.

Slide 15

Зерттеу жүргізуде сыналушыларға қатысты барлық этикалық нормаларды сақтауы қажет, ол сыналушының сенімділігіне қиянат етпеуі және оған ақпараттың қолдану жағдайын ескертуі қажет.

Стандартты нұсқаулармен қамтамасыз етілмеген, сенімділік пен беріктілік көрсеткіші анықталмаған жоғары кәсіби-сараптық әдістердің қосымша қолданысын талап ететін әдістемелерді қолданбауы қажет.

Этикалық нормалар мен процедураларды жүргізуде психологтарға көмек көрсетуге қажет.

Slide 16

психолог қызметінде қабылданған халықаралық кәсіби-этикалық стандарт принциптері

жауапкершілік, жете білушілік, этикалық және заңдылық, құқыққа ие болу, психологияны біліктілікпен насихаттау, құпиялылықты сақтау, клиентке қолайлы жағдай жасау, кәсібилік, сыналушыға зерттеу мақсаты жайлы ақпарат беру, зерттеудің моральды бағыттылық тиімділігі, азаматтылық пен патриоттық.

Slide 17

Психологтың психометриялық дайындығына қойылатын талаптар

психодиагностика бойынша шығарылған әдістемелік әдебиеттердегі психометриялық құжаттар жағынан түсінігі болуы керек. Сондай-ақ, тестті жасаушылардың тестінің қандай психометриялық сипаттамасын көрсетулері тиістігін, бұл психометриялық сипаттамалардың тест типіне; оны қолданатын проблемаға қаншалықты сәйкестігін білуі керек.

психологтың белгілі тестік нормаларды қолданудың сол жағдайдағы сәйкестігі сыналушы санын қамтитындығы жөнінен хабары болуы керек. Стандарттық жағдайға қарай өзгерістерді алуы қажет.


Ұқсас жұмыстар
Психологиялық зерттеулердің даму принципі мен жүйелі-құрылымдық принциптер
ЭКСПЕРИМЕНТ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды өндіру
Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары
Психодиагностикалық зерттеудің кезеңдері
Психологиялық зерттеу әдістерінің Пирьов, Ананьев, Дружинин бойынша классификациялау
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қиял түрлерін зерттеудің психодиагностикалық әдістер жинағы
Социологиялық зерттеулерді жіктеу
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz