Тұтынушылардың шешім қабылдау процесі




Презентация қосу
Тұтынушылардың
шешім қабылдау
процесі

Орындаған: Бердалиева Ақдидар
Тобы: МК-232
Қабылдаған: Алтеева Нұрбибі Кенесбайқызы
Тұтынушылардың шешім қабылдау
процесі:
- проблеманы сезіну,
- ақпараттық ізденіс,
- вариантты бағалау және таңдау,
- сатып алу,
- пайдалану (тұтыну) және
- бағалау (қанағаттанарлық сезімін сезіну).
Тұтынушы– қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды,
көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма
(ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін
тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды
сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы
көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы
мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе
сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып
алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы .
Проблеманы сезіну. Сатып алу процесі сатып алушының проблеманы немесе
қажеттілікті сезінуінен басталады. Проблема немесе қажеттілік ішкі
тітіркендіргіштермен тудырылған. Тітіркендіргіштер сыртқы да болуы мүмкін:
теңізде демалу туралы жарнамалық ролик, витринаға қойылған тауар
проблеманы сезінуге әкелуі мүмкін. Рынок қызметкері бұл кезеңде әдетте
адамды проблеманы сезінуге итеретін жағдайларды, себептерді айқындауға
тырысу керек. Сондай жағдайда ғана роблемасын сезініп, қажеттілігін алуға
ұмтылады.

Ақпаратты іздеу. Мұқтаждықты басынан өткізген тұтынушы, ақпаратты
іздеумен айналыса алады. Ақпарат көздері: 1) жеке көздер (отбасы, достары
және т.Б.); 2) коммерциялық көздер (жарнама, сатушылар, көрмелер және т.Б.);
3) көпшілікке қолайлы көздер (бұқаралық ақпарат құралдары); 4) эмпирикалық
тәжірибе көздері (тауарды түйсіну, зерделеу, пайдалану).
Вариантты бағалау және таңдау- кез-келген өндірілген затты немесе жылжымайтын
мүліктерді сатып алу/жалға алу кезінде таңдап, салыстырып, сапасын, бағасын ескере
отырып, таңдау жасаймыз. Әрбір тауардың тұтынушының қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қажетті қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылатынын атап
кету керек.
Мысалы:
- Фотоаппараттар: көздеу дәлдігі, ұстап тұру диапазоны, габариттері мен бағасы;
- Қонақ үйлер: орналасқан жері, тазалығы, тұру, құны;
- Автомобиль шиналары: қауіпсіздігі, ұзақ мерзімділігі, бағасы.
Сол сатып алған затымызды бағалаймыз.

Сатып алу- өз талғамымызға сай таңдап алынған затымызды немесе қажеттілігімізді
сатып алуымыз, яғни сатып алудың бірнеше түрі болады: 1. Қолма-қол ақшамен
2. Картамен сатып алу
3. Несиеге алу т.с.с.
Пайдалану-тұтыну- өндірістік, қоғамдық тұтынудың қорытынды
сатысы: өнімді, игіліктерді, тауарларды, көрсетілітін қызметтерді
қоғамдық қажеттерінің қанағаттандырылуы үшін пайдалану, яғни
тұтынылып отырған тауарлар мен бұйымдардың құрамы, дайындау
барысында пайдаланылған өнімі: шикізат, отын, энергия, мақта,
жібек т.с.с. заттарды қолданғаны жайлы мәліметтер.

Бағалау- Өндірушінің тұтынып отырған затының сапасын, құрамын, түсін, мәдени
және саяси ортасына сай, сатып алушының идеясы мен талғамына, қаражатына
сәйкес келетіндігіне байланысты бағалайды.
Қорытынды:
Менің ойымша өндірушілердің сату процесі жақсы жүруі үшін ең алдымен
сатып алушының капитал жағдайы, яғни қаражаты жеткілікті, тұрмыстық
жағдайы жақсы болуы керек.
Адамдады жақсы өмір сүруге талпындыру үшін проблеманы сезіндіре білуіміз
қажет. Мысалы: Жаңа үлгідегі смартфонды жарнамаласақ,оны көрген адамның
қызығушылығы оянады, сол смартфонды алу үшін ұмтылыс жасайды.
Осылайша адамдарды жақсы өмір сүруге итермелеуіміз қажет. Сондай болған
жағдайда ғана өндірушілердің нарықтық экономикасы дамиды.
Назарларыңызға Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Маркетинг жүйесіндегі тауарлар
Сапа жүйесін сертификаттау
Эксперттік жүйелер. Шешім қабылдау
Интеллектуалды ақпараттық жүйелер
Шешім қабылдау үлгілері мен әдістері
Шешімді табудың процесін басқару. Автокөлікке қызмет көрсету. Қолданылған шешімді түсіндіру
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Менеджменттегі басқару шешімдері
Шешімді табудың процесін басқару. Автокөлікке қызмет көрсету
Шешімді табудың процесін басқару
Пәндер