Жылқының ас қорыту жүйесінің стронгилятоздарын клиникалық және патоморфологиялық диагностикалау


Slide 1

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ВЕТЕРИНАРИЯ» факультеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

Тақырыбы: Жылқының ас қорыту жүйесінің стронгилятоздарын диагностикалау (стронгилез, деляфондиоз, альфортиоз, трихонематоз) .

Орындаған: Айтбаева Ж. Б.

ВС-414 топ

Қабылдаған: Усмангалиева С. С.

Алматы 2019-2020 оқу жылы

Slide 2

Сабақтың мақсаты: Жылқы стронгилятоздарын тірі кезінде және өлі кезінде балауды үйрену.

Slide 3

Деляфондиоз

Жіктелуі :

Топтамасы: Nemathelminthes (алғашқы қуыстылар)

Тап: Nematoda (жұмыр құрттар)

Тек тармағы: Stangylata

Тұқымдасы: Stangylidia

Туысы: Delafondia

Түрі: D. Vulgaris

Slide 4

Өсіп - өнуі. Delafondia vulgaris - геогельминт. Имаго, жұмыртқалар, балаң құрттар құртқа айналады (30, 31-сурет) . Инвазиялық балаң құрттар шөп бойымен өрмелей алады, жем - шөп, су арқылы жылқының ас қорыту жүйесіне түседі.

30-сурет. Delafondia vulgaris даму айналымы.

31-сурет. Alforta, Delafondia, Strongylus

Slide 5

Эпизоотологиясы . Деляфондиоз барлық жерлерде кездесетін індет. Дертті ересек құрттары бар мал таратады.

Аурудың өрбуі. Деляфондияның балаңқұрттары ішек қатпарларына енген соң, оларды жаралайды, ішек пен шажырқайдың сірі қабаттарында көлемі ноқтаттай көптеген қанталау ошақтары пайда болады. Балаңқұрттар мал қантамырларының ішіне енген соң қанның ағысына қарсы жылжып қантамырларды біртіндеп бітейді, себебі ішкі қабығы эндотелийдің зақымдануынан қан ұйып тромбыға айналады. Жүйке тамырларының қызметі бұзылады. Малдың іші қатады (капростаз), ішек айналады (инвагинация), түйіледі. Тромбоз, эмболия инфаркт өрбіп ағзаның кілегей қабығы, оның бүрлері жансызданады (некроз) .

Slide 6

Сырт белгілері әрқилы. Дене қызуы 41 С - қа дейін көтеріледі, анемия пайда болады, қарын - ішектің қызметі бұзылады. Созылмалы түрінде, оқта - текте ішек айналуы, оның түйілуі, яғни тромбо - эмбол түйнеуінің көріністері айқындала түседі.

Өлекседегі өзгерістер. Өліктің ішін жарып қарағанда қанталап, жуандаған ішек бірден көзге шалынады. Ағзаның сірі және кілегейлі қабықтары, шажырқай қаптаған қанталау ошақтарынан қызарып тұрады; қабынған шажырқайдан іріңдіктер көрінеді, көлемі әрқилы өсінді - қалташалар байқалады, олардың ішінен деляфондияның балаңқұрттары табылады, саны кейде 300 - ге жетеді.

Анықтау. Деляфондиоз түйнеуіктің клиникалық көріністері айқын. Өлексені ішін жарып, патоморфологиялық аутқыш - өзгерістерге сүйеніп және қоздырғыштарды тауып гельминтозды дәлелдейді.

Slide 7

Қоздырғышы - Alfortia edentatus - ауруды ересек құрттың личинкалары тудырады, олар сірі қабықпен көмкерілген құрсақ қуысының ішкі қабаты көкшандырда мекендеп, жануарды перитонит дертіне ұрындырады (32 -сурет) .

32- сурет. Строгилятоздардың жұмыртқасы.

Slide 8

Өсіп - өнуі. Имаго, жұмыртқалар, балаң құрттар . Толық даму айналым уақыты 8 - 9, кейде 10 айға созылады.

Эпизоотологиясы. Альфортиоз көбінесе бір жасқа толмаған құлындарда және кәрі жылқыларда кездеседі.

Өлекседегі өзгерістер. Ішін жарып тексергенде көкшандыр гематомалардың өте көптігінен түсі қарақошқыл, көкшіл, көлемі 5 тиындай дақтарға толы. Сірі қабық сыртынан қызғылт, сүттей аппақ, иіріліп немесе ұзыннан керіліп жатқан альфортияның балаңқұрттарын көруге болады.

Анықтау. Малдың тірі кезінде альфортиозды анықтаудың тәсілдері әлі табылған жоқ. Сойылған малдың ішінен ересек құрттарды, ал көкшандырдың қабынған тұстарын кесіп мұқият зерттеп, олардан нематоданың әртүрлі даму сатысындағы ұрпақтарын іздестіріп табу арқылы дұрыс диагноз қояды.

Slide 9

Сырт белгілері. Альфортиоз және созылмалы түрде өтеді.

Жіті түрі тек құлындарда байқалады, бірнеше күн аралығында өрбиді. Жануар күйсізденеді, әлсірейді, қан аздық байқалады, 6 күн ішінде әлсін - әлісн түйнеу белгілері біліне бастайды.

Дене қызуы 40 - 41, 9 С - ға дейін көтеріледі, қан тамырының соғуы мен демалуы жиілейді, қарынын сипағанда жануар қатты ауырсынады, ыңқылдайды, бүйіріне жатқанды қалайды немесе бүкірейіп тұрып алады. Қан аздықтан және көтеремдіктен өлімге ұшырайды.

Созылмалы түрі құлындар мен кәрі жылқыларда байқалады және ол 1, 5 - 2 айға дейін созылады. Клиникалық өзгерістер аурудың жіті түріне құсайды (күйсіздену, қан аздық), бірақ одан көмескі, айқын емес.

Slide 10

Жылқы стронгилезы

Қоздырғышы - Strongylus eguinus. Бұл гельминтозды жынысы жетілген құрттың личинкалары тудырады, олар жылқының ұйқы безін жайлайды, оны зақымдап қабындырып, панкреатит ауруына апарып соғады.

Өсіп - өнуі. Имаго, жұмыртқалар, балаң құрттар. Толық даму айналым мерзімі 10 айдан аспайды.

Эпизоотологиясы . Ұйқы безі стронгилезі көптеген аймақтарда кездеседі. Құлындарды бұл гельминт 9 - 10 айлық кезінен бастап зарарлайды. Бұл дерт басқа да жылқы стронгилятоздармен қосарлана тіркеледі.

Slide 11

Аурудың өрбуі. Қоздырғыштың зардапты ықпалы: ол ұйқы бездің қанайналымын бұзады, онда дәнекер ұлпалардың көбейіп ұлғаюынан, ағзаның қызметі әлсірейді.


Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың ас қорыту жүйесінің құрылымы мен қызметі
Ас қорыту жүйесінің анатомиясы және жас ерекшеліктері
Адамның ас қорыту жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
Ас қорыту жүйесінің физиологиясы: секреция, ферменттер және сіңірілу
Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы, секреторлық функциялары және сіңіру процесі
Малдардың ас қорыту жүйесінің аурулары: жіктелуі, себептері, клиникасы және емдеу шаралары
Жылқы мен күйістілердің ас қорыту жүйесінің стронгилятоздары (стронгилез, деляфондиоз, альфортиоз, гемонхоз, нематодироз): этиология, клиника, диагностика және ем-шаралар
Құстардың ішкі құрылысы және ас қорыту жүйесінің анатомиялық-қызметтік ерекшеліктері
Күйістілердің ас қорыту жүйесінің стронгилятоздары (гемонхоз, нематодироз, хабертиоз, буностомоз): диагностика, бағалау және ветеринарлық-санитарлық шаралар
Ас қорыту жүйесі ауруларының клиникалық синдромдарында копрограмма мен Грегерсен реакциясының зертханалық және аспаптық сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz