ҚҰРЫЛЫСТЫҚ МЕРДІГЕРЛІКТІҢ КЕЛІСІМ


Slide 1

Құрылысқа келісім-шарт

Орындаған:Қабдош Ақнұр УА-31

Тексерген:Муканова Айнагуль

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Құрылыспен байланысты екі жақтың қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі және жазбаша түрде құрылыстық мердігерліктің келісім - шартымен бекітіледі.

Slide 4

Құрылыстық мердігерліктің келісім

Құрылыстық мердігерліктің келісім-шартына құрылыс объектілерінің тізімі немесе құрылыс жұмысының келісім-шарты бойынша жүзеге асырылатын кешен тіркеледі. Берілген тізім нақты және толық жасалса, онда келісім-шарттың әрекеті аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші мен мердігер арасында қаржылық және басқа да проблемалар болмайды.

Slide 5

Жазбаша түрде дер мезгілінде және сәйкес формада жұмыстарды тапсыру бойынша, екі жақтық қаржылық қайшылықтарын шешу, мердігерді жоба-сметалық құжаттармен, геодезикалық жұмыстардың нәтижелелерімен қамтамасыз ету бойынша ерекше жағдайлар келісіледі.

Құрылыс жұмыстарын орындау графигінде көрсетілетін жұмыстарды орындау мерзімдері жазылады. Құрылыс жұмыстарын орындау графигінде көрсетілетін орындалған жұмыстарға сәйкес кезеңдер бойынша актілер жабылады.

Slide 6

Мердігерліктің келісім-шартты

Мердігерліктің келісім-шартты - конструкциясы, технологиясы және қызметтері бойынша немесе соңғы мақсаты немесе пайдалануы бойынша өзара байланысты немесе өзара тәуелді объектілер кешенін немесе объект құрылысын арнайы қарастыратын мәміле.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Құрылыстық мердігерліктің келісім-шарттары әртүрлі жасалуы мүмкін, олар БЕС 12 “ Күрделі құрылысқа мердігерліктің келісім-шарты” сәйкес келесідей жіктеледі:

· тұрақты бағада мердігерлік келісім-шарты. Ол бойынша екі жақ қатаң (тұрақты) бағаға немесе орындалған жұмыс бірлігінің бекітілген құнына келіседі, кей жағдайларда шығындардың өсу мүмкіндігі және сәйкесінше қозғалмалы баға туралы келісіледі. Осындай келісім шартқа отырып, мердігер құрылыс қызметінен зиян шегуге тәуекелге барады, өйткені келісімдік бағаны анықтауда есепке алынбаған, күтпеген шығындар пайда болуы мүмкін;

· еркін бағадағы мердігерлік келісім шарт (“шығындар плюс” мәмілесі) .

Slide 10

Ол бойынша мердігердің құрылыс жұмыстарын орындау мен тікелей байланысты іс жүзіндегі шығындар, сонымен қоса келісім-шартта келісілген сыйақы (шығындарға тұрақты пайыз) төленеді. Мердігер үшін келісім шарттың мұндай түрі шығынсыз болып табылады.

Құрылыстық мердігерліктің келісім-шарты әдетте объектінің күрделі құрылысына, реконструкцияға, кеңейтуге, техникалық қайта қарулануға, әрекеттегі объектілердің күрделі жөнделуіне, сонымен қатар бір объектіні құру үшін және конструкциясы, технологиясы немесе соңғы мақсаты бойынша өзара байланысты немесе өзара тәуелді бір қатар объектілердің құрылысы үшін жасалады. Келісім-шарттарда құрылыстың мердігерлік тұрақты бағада немесе еркін бағада, сонымен қатар екеуінің түрі де келісілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда мердігер табыстар мен шығындарды танудың барлық жағдайларын қарастыру қажет.

Құрылыстың мердігерлік келісім - шарттар бойынша табыстардың есебі.

Slide 11

БЕС 12 және оған әдістемелік нұсқауларға сәйкес құрылыс қызметі бойынша бухгалтерлік есептің басты міндеттері әр есеп беру кезеңі бойынша табыстар мен шығындарды шынайы анықтау болып табылады.

Келісім шарттың өзгеруінен табыстар, шағымдар және сыйақы төлемдер бойынша табыстар. Егер олар табыс әкелсе, үлкен дәрежедегі шынайылықпен өлшенген жағдайларда есепке алынады.

Slide 12 Slide 13

Құрылыстық мердігерліктің келісім-шартының өзгеруі - бұл келісім-шарттағы жұмыстарының көлемінің, құрылымының немесе мерзімдерінің өзгеруі бойынша тапсырыс берушінің нұсқауы. Бұлардың әсерінен төмендегі шарттарды орындау жағдайында табыстың өсуіне немесе азаюына әкеледі:

· тапсырыс беруші берілген өзгерістердің құнына келісуі деген ықтималдылығы болса;

· өзгерістердің құны үлкен дәрежедегі шынайылықпен өлшенуі мүмкін.

Slide 14

Құрылыс жұмыстарының көлемін өсіру бойынша немесе жұмыс қарқынын тездету бойынша келісім-шарттағы өзгерістер мердігер табысының өсуіне әкеледі.

Шағымдар бойынша табыстар - бұл мердігердің келісім шарттың бағасына қосылмаған, ал шығындарды өтеу ретінде (тапсырыс берушінің кінәсі бойынша шығындар, оның техникалық құжаттардағы немесе конструкциядағы қателіктер) тапсырыс берушіден алатын сома. Ол көбінесе өзара келісулердің нәтижесіне байланысты.

Slide 15

Сондықтан шағымның сомасы табысқа келесі жағдайларға байланысты қосылуы мүмкін:

· тапсырыс берушінің берілген шағымдарды қабылдауға келісуінің ықтималдылығы болса;

· егер тапсырыс берушімен танылатын сомма үлкен дәрежедегі шынайлылықпен өлшенетін болса.

Егер тапсырыс беруші мердігерге қосымша шығындарды төлеуге келіссе, онда олар мердігердің табыстары болып табылады.

Slide 16

Сыйақылық төлемдер

Сыйақылық төлемдер - бұл құрылыс ұйымдарына, егер келісім-шартта келісілген нормалар орындалса немесе асыра орындалса, төленетін қосымша соммалар (құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын орындау үшін, жоғары сапа үшін және т. б. ) . Олар табысқа келесі жағдайларда қосылады:

· келісім-шартта көрсетілген нормалардың орындалу және асыра орындалу ықтималдығы болса;

· сыйақылық төлемдердің мөлшері үлкен дәрежелі шынайылылықпен өлшенсе.

Slide 17

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаны
Құрылыс саласы
Құрылыстық тор
Крандар
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы
Өндірісті жобалау негіздері және жабдықтау ДӘРІСТЕР
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірісті ұйымдық жобалау
Симпатикалық жүйке
Болат
Өртке қарсы қабырғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz