Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері


Slide 1

Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдесіне қосу.

Орындаған:Ғаниева Ақтілек

Slide 2

Жоспары:

Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдесіне қосу.

Жалпы білім беру ортасындағы түзету ортасы.

Slide 3

Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon - мүше, ағза; лат. sensuum - қабылдау, сезу) - ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар - ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі - проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

Slide 4

Сезім мүшелері - сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.

Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:

көру мүшесі - көз,

есту мүшесі - құлақ,

дәм сезу мүшесі - тіл,

иіс сезу мүшесі - мұрын,

сипап сезу мүшесі - тері жатады.

Сезім мүшелерінде сезгіш нейрондардың ұшы (рецепторлар) әр түрлі тітіркенулерді қабылдайды. Дыбыс, температура, химиялық ісер т. б. тітіркендіргіштерге жатады. Әрі қарай сезгіш нейрондардың өсінділері арқылы қозу үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі бір аймағына беріледі.

Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын

физиолог ғалым И. П. Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды

Slide 5

Логопедия

Тифлопедагогика

Сурдопедагогика

Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеумен айналысатын педагогиканың бір саласы. Есту қабілетінің бұзылуы сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтарды зақымдайтын аурулар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын педагогиканың бір саласы. Көру қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай олар көрмейтін және нашар көретіндер болып бөлінеді.

Тіл бұзылыстары, оны жою мен оның алдын алудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін ғылымның бір саласы. Бала тілінде болатын бұзылыстарды зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі.

Slide 6

Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары. Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті.

Көрмейтін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері, Бұл санаттағы балалардың көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0 (0%) мен 0, 04 (4%) аралығында болады. Сондай-ақ, көру өткірлігі жоғары (1-ге дейін, яғни 100%) бірақ көру аумағы 10-15 градусқа дейін немесе көру нүктесіне дейін шектеулі балалар жатады. Бұндай балалар көруді танымдық және бағдарлық әрекетте шектеулі қолдана алатындықтан олар көрмейтіндер қатарына жатқызылады. Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды

Slide 7

Көрмейтіндердің сөйлеу тілін ата-аналар, педагогтер мен мамандар тарапынан дұрыс қалыптастыруға әсер болса, қалыпты деңгейге дейін дамып, әртүрлі әрекет түрлеріне қатсу мүмкіндіктерін кеңейтетін орын толтырушы күшті құрал бола алады. Сөздік қорды дамыту қолданылатын және түсінетін сөздер қатарын арттыру және сөздікті мағыналық дамыту арқылы, яғни, атауын білдіретін сөздер мен заттар сәйкестігі, нақты зат пен сөздің мағынасын жалпылау процесі жүргізіледі.

Slide 8

Көрмейтін, көруі нашар, кейіннен көрмей қалған үшін арнайы сыныптарда оқу процесінің өзіндік міндеті болып алғашқы ауытқуларда, тірек саласындағы, кеңістік бағдарлаудағы бұзылуларды толықтыру, елестету және түсінік жүйесін қалыптастыру, заттық-тәжірибиелік әрекеттің, әлеуметтік коммуникация дағдыларын дамыту болып табылады. Сыныптарды толықтыру: Көрмейтіндер үшін - 8 баладан аспайды; Көруі нашар, кейіннен көрмей қалған үшін - 12 баладан аспайды. Көру қабілеті бұзылған оқушыларды оқыту жалпы орта білім беру көлемінде іске асырылады. Көруі нашар және көрмейтін оқушылардың мектептік білім беру құрлымы: 1) бастауыш білім беру деңгейі - 0, 1-4 сыныптар; 23 2) негізгі орта білім беру деңгейі - 5-10 сыныптар; 3) орта білім беру деңгейі - 11-12 сыныптар. Көру нашар оқушылардың дәстүрлі сыныптарға көшуі оқудың кез-келген кезеңінде мүмкін. Көрмейтін және көруі нашар оқушыларды оқыту арнайы бағдарламалар мен оқудың 1 жылға созылуына байланысты оқу материалыныңқайта бөлінген және өзгертілген жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларымен оқытылады. Көрмейтін оқушылардың оқу процесінде оқытуда Брайльдің тегістікнүктелі шрифтімен басылған жаппай жалпы білім беретін мектептің оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады. Көруі нашар оқушыларды оқыту көріп қабылдауға қолжетімді үлкен шрифтпен басылған және арнайы суреттері үлкейтілген жалпы білім беру мектептердің оқулықтарымен жүргізіледі. Көрмейтін, көруі нашар, кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту үшін жұмыстың арнайы әдістері мен формалары, көрнекіліктер, тифлотехника және т. б. қолданылады. Көрмейтін, нашар көретін оқушыларған арналған орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына түзету курстары енгізілген: емдік дене шынықтыру тәрбиесі (ЕДШ), түзету ритмикасы, мимика мен пантомиканы дамыту, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістік бағдарлау, қалған көре алу және көру арқылы қабылдай алу қабілеттерін сақтау, тіл дамуының кемістіктерін түзету. Тузету курстарының мақсаты көру-бейне арқылы ойлау қабілетін, сонымен бірге кеңістік бағдарлауды, мимика мен пантомиканы дамыту, қозғалысты реттеуді және өзін-өзі ұстауды қалыптастыру. Үлгілік оқу жоспарына жалпы білім беру курстарымен факультативті сабақтармен бірге түзету курстарын енгізу көру мүмкіндіктерінің қалпын, танымдық белсенділігін, қызығушылықтарын, жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып оқушыларды оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз етеді

Slide 9

Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық -педагогикалық сипаттама

• 1-топ мүлдем көрмейтін балалар; • 2-топ көру деңгейі төмен балалар; • 3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)

• тұрақты (есту қабілеті қалыпқа келмейді) • екі жақтылы есту қызметінің бұзылысы (құлақ ауруы) ; • Қоршаған ортамен қатынасқа түсудің қиындығы немесе мүлдем болмауы. Бұл категориядағы балалар естудің түрлілігіне байланысты өзіндік топтарға ұсынылады. Нашар еститін және естімейтін деп ажыратылады.

• Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы. (сөйлеу тілінің сыртқы -фонациялық өңделуінің бұзылуы, сөйлеу тілінің ішкі -семантикалық өңделуінің бұзылуы; • Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения) . • Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия, брадилалия, тұтықпа) . • Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия) • Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дислексия, дисграфия, дизорфография) . қалыпқа келмейді)

Көру бұзылыстары бар балалар

Есту бұзылыстары бар балалар

Сөйлеу бұзылыстары бар балалар

Slide 10

Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері

Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен арнайы емес әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы баяу. Есту бұзылыстары бар балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және бірқалыпты емес өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 - 2, 5 жаста, тіпті мектепалды кезеңде ғана пайда болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды, жиі жақсы таныс заттармен ғана. Заттық іс-әрекет негізінде есту бұзылысы бар баланың барлық қабылдау түрлері дамиды, бірінші қатарда - көру /заттық әрекеттерді іске асыруда көмек етеді/; қозғалыстары дамып, күрделенеді, негізгі ойлау түрі - бейнелі-әрекеттік қалыптасады. Сюжетті-рольдік ойын - мектепалды жастағы балалардың негізгі ісәрекеті. Ерекшеліктері: есту бұзылысы бар балалардың ойындарында үлкендердің өмірлері, олардың іс-әрекеттері және қарым-қатынастары бейнеленеді. Ойын ісәрекетін меңгеру арқылы олардың әрекеттері күрделеніп, толықтырыла түседі. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және сөйлеу дамуының деңгейін.

Slide 11

Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары

Есту бұзылыстары бар балалармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары Естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары есту мен көру негізінде қарым-қатынас пен ойлау құралы ретінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланыста бола отырып, балаларды жан-жақты дамытуды, өз бетінше өмір сүруге қажетті жалпы білім алу, еңбек ету және әлеуметтік дайындықтан өту үшін олардың психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықтарын түзету мен орнын толтыруды жүзеге асырады. Интеллектісі сақталған есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды оқыту мынадай тәртіпте:


Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Тіл кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың ерекшілігі
Көру қабілеті нашар
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Деменция ния
Естімейтін баланың сөйлеу тілінің жылдам
Көздің шаршауы
АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
Есту қабілеті бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz