Тақым шұңқыры


Slide 1

Орындаған: Шоханқызы А.

Тобы: В-ЖМҚА-10-19

Қабылдаған: Турекулова А. К.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ

АКАДЕМИЯСЫ Қалыпты анатомия кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Сан өзегін және тақым шұңқырын модельдеу

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Сан өзегі

2. Сан өзегінің тесіктері

3. Гунтер өзекшесі

4. Тақым шұңқыры

5. Грубер өзекшесі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Сан өзегі

Сан бұлшықеттерінің бойында сан бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis femoralis орналасқан. Бұл өзекше, сан жарығы болған жағдайда байқалады. Сан өзекшесінің, canalis femoralis-тің ұзындығы шамамен 0, 5 см. Сан венасының ішкі қапталында орналасқан. Бұл өзекшенің ішкі және сыртқы тесігі және үш қабырғасы ажыратылады.

Slide 4

Сан өзегінің ішкі тесігі

Сан өзекшесінің ішкі тесігі, annulus femoralis жарық болған жағдайда байқалады. Ол, құрсақтың алдыңғы қабырғасының артқы бетіндегі шаптың латералдық шұңқырында fossa inguinalis lateralis орналасады.

Қабырғалары:

алдыңғы қабырғасы - шап байламы, Іід. Inguinale;

латералды қабырғасы - сан венасы, V. Femoralis;

медиалды қабырғасы - лакунарлы байламнан, lig. Lacunare;

артқы қабырғасы - қырқалы бұлшықеттің фасциялық табақшасы, fascia pectineae тұрады.

Бұл тесіктің ішкі беті құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасциялық қабықшасымен және ішастармен жауып орналасқан.

Slide 5

Сан өзегінің сыртқы тесігі

Сан өзекшесінің сыртқы тесігі, санның тері асты үлкен венасы саңылауының, hiatus saphenus маңында орналасқан. Бұл өзекшенің үш қабырғасы ажыратылған.

Қабырғалары:

алдыңғы қабырғасы - шап байламы, Іід. Inguinale;

латералды қабырғасы - сан венасы, V. Femoralis;

артқы қабырғасы - қырқа бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан, fascia pectineaee тұрады.

Slide 6

Гунтер өзекшесі

Санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis adductorius немесе Гунтер өзекшесі деп аталынады. Ол сан өзекшесінің тікелей жалғасы болып саналады. Төменгі бағытта өтіп, тақым шұңқырына ұласады.

Қабырғалары:

медиалды қабырғасы - санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінен, m. adductor magnus;

латералды қабырғасы - санның төрт басты бұлшықетінің медиалды бұлшықетінен, m. vastus medialis;

алдыңғы қабырғасын - санның медиалды және латералды қабырғасын құраушы бұлшықеттерінің арасындағы фасциялық табақшадан тұрады.

Бұл өзекше арқылы сан артериясы мен сан венасы, a. et v. femorales және тері асты нерві, п. saphenus өтеді. Ол төмен бағытта тақым шұңқырына қарай өтеді.

Slide 7

Тақым шұңқыры

Тақым шұңқыры, fossa poplitea, ол тізе аймағының артқы қапталында орналасқан. Сыртқы пішіні ромб тәрізденіп келген.

Қабырғалары:

жоғарғы латералды қабырғасы - санның екі басты бұлшықетінен, m. biceps femoris;

жоғарғы медиалды қабырғасы, жартылай жарғақты бұлшықетінен, m. Semimembranosus;

төменгі медиальды және латералды қабырғалары, балтыр бұлшықетінің, m. gastrocnemius медиалды және латералды бастарынан;

табаны - ортан жілік тақымдық бетінен, facies poplitea тұрады.

Тақым шұңқырында: қан тамырлар мен нервтер, лимфа тамырлары, олардың түйіндері, май қатпарлары орналасқан.

Тақым шұңқыры төмен бағытта сирақ-тақым өзекшесіне, canalis cruro popliteus, ұласады.

Slide 8

1 - m. gastrocnemius

2 - m. gastrocnemius(caput laterale)

3 - m. soleus

4 - tendo calcaneus [Achillis]

5 - m. soleus

6 - tendo m. plantaris

7 - m. plantaris

8 - fossa poplitea

9 - m. semimembranosus

10 - tendo m. semitendinosi

11 - m. adductor magnus

Slide 9

1 - m. popliteus;

2 - m. tibialis posterior;

3 - m. peroneus brevis;

4 - tendo calcaneus;

5 -m. flexor hallucis longus;

6 - m. flexor digitorumlongus;

7 - m. soleus.

Slide 10

Грубер өзекшесі

Сирақ-тақым өзекшесі, canalis cruro popliteus немесе Грубер атты өзекшесі, ол сирақтың артқы бетінде, сирақтың беткей бұлшықеттері мен теренде орналасқан бұлшықеттерінің аралығында бойлай тақым шұңқырынан өкшелік ахилл сіңірінің медиалды қапталына дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары:

алдыңғы қабырғасы - сирақтың жоғарғы 2/3 бөлігінде артқы асықты жілік бұлшықетінен, m. tibialis posterior;

төменде алдыңғы қабырғасы - бас бармақ башпайын бүгетін ұзын бұлшықеті, m. flexor hallucis longus;

артқы қабырғасы - сирақтың камбала тәрізді бұлшықетінен тұрады.

Slide 11

Грубер өзекшесінің тесіктері

Грубер өзекшесінің үш тесігі: жоғарғы кіретін, алдыңғы және төменгі шығатын тесігі ажыратылады.

жоғарғы кіретін тесігі:

● алдыңғы қабырғасы, тақым бұлшықеті, m. popliteus,

● артқы қабырғасы камбала бұлшықетінің доға тәрізді

сіңіршесінен;

төменгі тесігі, сирақтың төменгі бөлігінде, камбала тәрізді бұлшықеттің ахил сіңіріне ұласқан жерінде;

алдыңғы тесігі сирақтың проксимальды бөлігіндегі сүйек аралық жарғақтың жоғарғы тесігі болып саналады.

Slide 12

Артериясы

Сан өзегінің артериясы а. сanalis femoralis. сыртқы мықын артериясының жалғасы, шап жалғамасының астында, тамырлық тесікте, lacuna vasorum, басталады. Қан кетуді тоқтату үшін сан артериясын санға шығатын жерінде оs rubis ке қысады. Сан артериясынан медиальді сан венасы орналасады. Сан артериясы онымен бірге suleus fremoralis anterior- да өтіп, сол жерде poplitea-ға жалғасады. A. femoralis тің тармақтары: 1. A. cariumflexia ilium superficialis - мықын сүйектің беткей айналмасы. 2. A. epigastrica superficialis - беткей құрсақ үсті артериясы. 3. Aa. pudendae externae - сыртқы жыныс артериясы. 4. A. profunda femoris - терең сан артериясы. 5. A. genus descendens - ерекше ұзын тамыр.

Slide 13 Slide 14

Артериясы


Ұқсас жұмыстар
Білек сүйектері
Кілегейлі қабығы
Каспий көлінің көріністері
АЯҚТЫҢ ЕРКІН БӨЛІГІН ЖІКТЕП-СЫЛУ ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРУ
Сан бұлшықеті
Құрсақтың алдыңғы қабырғасының шекарасы
Ақтөбе қаласынан
Төменгі жақ сүйек
Самай сүйегі
Ноцицепциялық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz