ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ


Slide 1

Орындаған: Шоханқызы А.

Тобы: В-ЖМҚА-10-19

Қабылдаған: Оразбаева Ж. Т

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Жұлынның өткізгіш жолдары.

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жұлын туралы жалпы мәлімет

Құрылымдық-қызметтік мінездемесі

Жұлынның функциялары

Жұлынның нейрондары

Жұлынның қозғалтқыш жүйесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жұлын- омыртқа бағанасының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі. Жұлын ортасында жұлын өзегі орналасады. Іші жұлын сұйықтығына толы болады. Жұлынның сұр затын ақ заты қоршап, сыртында орналасады. Жұлын құрылысында сайлар мен саңылаулар орналасады.

Slide 4

1 - СОПАҚША МИ; 2 -МОЙЫН АЙМАҒЫНДАҒЫ

ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 3 - ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 4 - МОЙЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 5 - ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ

ТЕСІГІ; 6 - АРТҚЫ БҮЙІР ЖҮЛГЕСІ; 7 - КЕУДЕ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 8 - БЕЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ

ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 9 - МИ КОНУСЫ; 10 - БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 11 - СЕГІЗКӨЗ ЖҮЙКЕЛЕРІ;

12 - ОТЫРЫҚШЫ ЖҮЙКЕЛЕР; 13 - ТЕРМИНАЛДЫ ЖІПШЕ

ЖҰЛЫН

Slide 5

Жұлын нервтері-жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады.

Жұлын жүйкелерінің дорсальды тармақтары омыртқа бағанынан жоғары орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырларын) жүйкелендіреді.

Ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды және медиальды тармақтарға тарамдалады.

Алдыңғы қол және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.

Slide 6

Жұлынның алдыңғы және артқы жағында бойлай созылатын екі жүлге болады.

Алдыңғы терең жүлгесі алдыңғы орталық сай,

ал артқы жіңішке, таяздау жүлгесі артқы орталық жүлге деп аталады.

Жұлынның осы сайы мен жүлгесі жұлынның денесін тең етіп оң және сол жақ бөлікке бөледі.

Жұлынның алдыңғы түбірі мен артқы түбірлерінің жұлынынан шыққан жерінде ұзына бойына созылған түбір атымен аталатын оң және сол жақ бөлігінде бүйір жүлгелері болады.

Осыған орай жұлынның әрбір бөлігіндегі ақ заттарды бойлай созылған үш (алдыңғы, бүйір, арткы) арқаншаға (будаға) бөлінеді.

Жұлынның денесі 31 жұп сегменттен түзіледі. Әрбір мөлтектен жұлынның жүйке түбірі (алдыңғы және артқы) шығып, ол омыртканың тесігіне бағыттала орналасады. Сөйтіп, жұлыннан 31 жұп жүйке таралады. Оның 8 жұбы - мойын, 12 жұбы - көкірек, 5 жұбы - бел, 5 жұбы - сегізкөз және 1 жұбы кұйымшақ жүйкесі деп аталады.

Slide 7

Ішкі құрылысы.

Жұлынның ортасында өте тар тесігі - болады, ол ортақ өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісі сұр және ақ заттан түзілгені анық байқалады. Сұр зат жұлынның орталық бөлігіндегі өзекті қаптайды. Сұр зат қанатын жазған көбелекке ұқсас болады. Сұр дененің алға қарай шығып тұрған бөлігі - алдыңғы аша, ал артқы бөлігі артқы аша деп аталады. Жұлынның әрбір бөлігіндегі алдыңғы және артқы ашаларының арасы, яғни жұлын өзегінің төңірегіндегі зат орталықтағы аралық зат деп аталады. Бұл жерде аралық нейрондар жатады. Олар әрбір алдыңғы жөне артқы ашадағы нейрондарды жалғастырып тұрады. Жұлынның көкірек бөлігінде алдыңғы жөне артқы ашалардан басқа бүйір ашасы орналасады. Сұр затта алдыңғы бағана және артқы бағана болады.

1 - АРТҚЫ БУДАСЫ; 2 - АРТҚЫ АШАСЫ; 3 - БҮЙІР БУДАСЫ; 4 - ОРТАЛЫҚ КАНАЛЫ; 5 - АЛДЫҢҒЫ АҚ ЖАЛҒАМА; 6 - АЛДЫҢҒЫ АШАСЫ; 7 - АЛДЫҢҒЫ БУДАСЫ

Slide 8

Сұр зат

Сұр зат дегеніміз - тек жүйке жасушаларынан құралған жүйке денесі. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орталасан. Жұлынды көлденең кескенде сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе «Н» әріпіне ұқсайды. Сұр заттың денесінен созылған алдыңғы, артқы, бүйір(жұп) ашалары болады. Сұр заттың алдыңғы ашасында қимыл күшейтетін ірі нейрондар бар. Оның жұлыннан шығатын нейриттерінен алдыңғы түбір пайда болады. Артқы ашада майда сезімтал рецепторлық нейрондары орналасады. Бұл нейрондардың жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан артқы түбір түзіледі. Бұл екі ашаның аралығындағы бүйір ашаларында қозғылы жүйке жүйесінің симпатикалық жүйкелерінің нейрондары орналасады. Нейрондардың талшықтары жұлынның алдыңғы ашасынан таралады. Сөйтіп, жұлыннан қиян және ерекше жүйке жүйелерінің жүйкелері басталады. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады.

Slide 9

Ақ зат

Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады. Жұлынның ақ зат жүйке талшықтарынан және невриттерден түзіледі. Жұлынның ак затын жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай созылған орасан көп жүйке талшықтарынан түзілген буда немесе арқанша деп қарастыруға болады. Жоғарыда айтқанымыздай, жұлынның ак заты үш жұп жүйке арқаншасына бөлінеді. Алдыңғы будасы - жұлынның алдыңғы сайы мен алдыңғы түбір аралығында ақ зат, артқы будасы - артқы түбір мен артқы жүлге аралығындағы ақ зат, ал бүйірлік будасы алдыңғы жөне артқы аша аралығында орналасқан ақ зат болып саналады. Ақ затты сұр зат алдыңғы және артқы ашасы арқылы 4 бағанға бөледі. Ақ заттың негізгі атқаратын қызметі қозуды өткізу

Slide 10

Жұлынды қоректендіретін тамырлар.

Қабыртқа аралық және бел артериялары, сондай-ақ бұғана асты тамырының омыртқа артериясы жұлынды қанмен жабдықтайтын тамырлар болып саналады. Омыртқа артериясы ми сауытының қуысын тесігімен шыға бере екі жұп алдыңғы және артқы жұлын артериясына бөледі. Оның алдыңғы артериясы жұлынның алдыңғы сайын бойлай жатады, ол артқы артерия жұлынның артқы түбіріне дейін жетеді. Бұл артериялар бір-бірімен өте көптеген қосылыстармен (анастомозбен) байланысады. Жұлынның ақ затына қарағанда сұр зат қанмен көп қамтамасыз етіледі. Артериямен аттас және вена тамырларына жиналған қан қатты қабықшаның үстіндегі жұлынның қуысындағы веналық өрімге құяды.

Slide 11

ЖҰЛЫНДЫ 3 ҚАБЫҚ ЖАУЫП ТҰРАДЫ: 1. СЫРТҚЫ ҚАТТЫ ҚАБЫҚ 2. ІШКІ ЖҰМСАҚ ҚАБЫҚ 3. ОРТАДАҒЫ ТОРЛЫ ҚАБЫҚ

Slide 12

Жұлынның қызметі

Жұлынның өткізгіштік қызметі жұлындық афферентті, эфферентті нейрондар мен интернейрондар көмегімен жүзеге асады.

Афферентті нейрондар арқылы жұлынға қозу мойын, дене, аяқ пен қолдың экстерорецепторлары мен проприорецепторлары, сонымен қоса висцерорецепторлар арқылы жеткізіледі.

Жұлынның эфферентті нейрондары, беттен басқа, барлық қаңқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Сонымен қатар, олар вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі талшықтарын құрайды.

Жұлынның қатысуымен зәр бөлу және жыныс мүшелері жүйесі, тік ішектің қан тамырларын қозғалтқыш рефлекстерін, ұлпалық алмасуды реттейтін рефлекстер жүзеге асады.

Slide 13

Жұлын түбірлері қызметтері

Белла-Мажанди заңы бойынша, жұлынның артқы түбірлері афферентті

ал алдыңғы түбірлері - эфферентті жүйке талшықтарынан құралған.

Сондықтан, алдыңғы түбірлер қозғалысқа, ал артқы түбірлер сезімге жауап береді. Жұлынның кеуде сегменттерінің біріншісінен бастап, алғашқы бел сегменттеріне дейін жұлынның бүйір түбірлерінде симпатикалық, ал сегізкөз сегменттерінде-парасимпатикалық жүйке жүйесі нейрондары орналасады.

Slide 14

Жұлын нейрондары

Адам жұлыны құрамына 13, 5 млн. жуық нейрондар болады. Олардың 3% қозғалтқыш нейрондар, 97% сезгіш және аралық нейрондар құрайды. Қозғалтқыш нейрондардың альфа(α) және гамма(γ) екі түрі сұр заттың алдыңғы ашамында орналасқан.

Slide 15

ЖҰЛЫН НЕЙРОНДАРЫ ТОПТАРЫ:

Мотонейрондар немесе қозғалтқыш - алдыңғы түбір;

Интернейрондар - жұлын ганглийлерінен ақпарат алатын артқы түбір;

Симпатикалық және парасимпатикалық бүйір түбір; олардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбірлер арқылы шығады.

Ассоциативті жасушалар - жұлынның меншікті нейрондары, сегменттер арасында байланыс қамтамасыз етеді.

Slide 16

α-мотонейрон

α-мотонейрон ең үлкен жасуша. Бұл нейронның аксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңқа еттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттің барлық миоциттерімен байланысатын нейрондар тобын нейрондық пул деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Осыған орай жиырылатын ет талшықтарының саны оған байланысты етті жиыру әртүрлі болады. γ-мотонейрон α-мотонейронның тонусын тежейді. Мотонейрон қозғанда ет ішіндегі қабылдағыш - ет ұршығы(интрафузалық ет) жиырылады. Одан γ-мотонейронға барған серпіністер экстрафузальдық етті жиырылатын немесе босататын әсерлерге сезімталдығын күшейтеді. Сөйтіп, α-мотонейронның әсерін үдетеді.

Slide 17

Аралық нейрондар

Аралық нейрондар басқа нейрондармен қоздыратын не тежейтін түйіспелер құрады. Демек, олар қозу мен тежелу үрдістерінің тууын реттейді және белгілі бір сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттың денесінде, артқы ашаның шылбыр бөлімінде орналасқан. Шылбыр жасушалардың аксондары жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын құрады. Аралық нейрондар қатарына мотонейронның айналасындағы оны тежеуші Реншоу жасушалары жатады. Аралық жасушалар арқылы ми бағанының торлы құрылымдары жұлында пайда болатын қозу, тежелу үрдістерін реттейді.

Slide 18

Сезгіш нейрондар

Сезгіш нейрондар жұлын ганглийлерінде топталған. Бұл жасушаның бір талшығы болады. Ол ганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. Оның бірі қабылдағышта туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екіншісі талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын мен ми қыртысы нейрондарына апарады. Вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі симпатикалық нейрондары жұлынның кеуде, бел сегменттерінің бүйір ашасында, ал парасимпатикалық нейрондары сегізкөз бөлімінде орналасқан. Олардың көбі эфференттік нейрондар көптеген ағзалық рефлекстердің орталығы.

Slide 19 Slide 20 Slide 21

Жұлынның рефлекторлық орталықтары

Жұлынның рефлекторлық орталықтары

Slide 22

Рефлекстері

Миотатикалық - бұлшық еттер созылуынан пайда болатын сіңірлік рефлекстер;

Тері рецепторларының қозуынан туындайтын рефлекстер;

Висцеромоторлы - ішкі дене мүшелерін тітіркендіргенде пайда болатын рефлекстер;

Автономды жүйке жүйесі рефлекстері.

Slide 23

Рефлекстік доға

Ендірме нейрон

Бұлшықет

Ағзалардың тіршілігіндегі барлық

әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады.

Оны рефлекстік реттелу дейді.

Slide 24

РЕФЛЕКСТІК ДОҒА

терідегі жүйке

ұштары;

сезгіш жүйке

талшығы

жұлынның

көлденең кесіндісі

қозғалтқыш жүйке талшығы

бұлшықеттер

Ә) білекті бүгу рефлексінің үш

нейрондық күрделі рефлекстік

доғасы

рецептор

сезгіш нейрон

жұлын

байланыстырғыш

нейрон

қозғалтқыш нейрон

бұлшықет

А) рефлекстік доғаның бөлімдері

Slide 25

Тізе рефлексі

Тізе рефлексінің әсерінен аяқты қимылға келтіру

Аяқтың қалыпты жағдайы

Slide 26

Тізені жазу рефлексінің екі нейрондық қарапайым рефлекстік доғасы

тізе буыны

бұлшықет

сезгіш нейрон

қозғалтқыш нейрон

жұлын

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары
ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
Жүйке жүйесі жұлын
Жоғарғы жүйке жүйесінің онтогенензі
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Жұлын құрылысы
Орталық жүйке жүйесі туралы
ЖҮЙКЕ ҰЛПАСЫ
АЛДЫҢҒЫ АШАСЫ
Тыныс алу жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz