Бекмахановтың ролі
Презентация қосу
Қазақстан Оңтүстік Қазақстан
Республикасының Медицина академиясы
Денсаулық Сақтау
Министрлігі
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Такырыбы: Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық
бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы бастаған
көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы
Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған:Ибраимова А.
Жоспар
■ Кіріспе
■ Негізгі бөлім
■ «Бекмаханов ісі»
■ Хрущев «жылымығы»
■ Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлттық-азаттық көтерілісінің тарихын зерделеуде
Бекмахановтың ролі.
■ Қорытынды
■ Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
■ Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік
жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан
көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік
басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және
мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына
алынды.
■ Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік
орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен
заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті
теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын
адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б)
Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы
“Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы
бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан
партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының
аясында жүргізді.
«Бекмаханов ісі»
■ Москва мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда
Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды.
Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М.
Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын
даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек
жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы
ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың
1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген
көлемді еңбегі де сынға ұшырады.
■ 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік
тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10
сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала
бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын
айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы
Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми
атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.
■ Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов,
Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай
жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді
ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп
айыпталды.
■ 1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл
бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан
төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай,
Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес
әдебиетшілері – Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов
ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев
“Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “ұлтшыл” атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық
көрген “Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде
Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында
суреттегені үшін” қудаланады.
■ Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар
тағылғаннан кейін, Москваға қоныс аударуға
мәжбүр болды. “Космополиттер” қатарына
белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та
енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін
жоғары көтерген” деген мағынадағы кінә
тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы
А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты әдеби
еңбегіне де космополиттік деген кәні тағылып,
басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан
С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мұқанов
алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен
Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”,
Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың
“Мәншүк” еңбектері қайтып алынды.
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет
деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин
қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде
жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография
институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан”
тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы
қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну
мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні
басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын
заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес”
жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді
тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл
- әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.
Хрущев «жылымығы»
■ Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама
басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі
босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті.
Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой
еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден
босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950
жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары
партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып
алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды.
Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды.
■ К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де,
Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік
болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі
де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау
саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен
насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи
шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты
көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов
және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық
республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы
бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер
орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін
жеткізілмеді.
■ Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан
депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың
автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет
түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
■ Әкімшіл-әміршіл жүйені
мойындаған қазақ зиялыларына
біраз кешірімдер жасалғанымен
тоталитарлық тәртіп зиялыларды
бақылауын тоқтатпады. Мысалы,
1953-1954 жылдары М.Әуезовтің
“Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың
“Намыс” және т.б. еңбектері
басылымнан алынып, жариялауға
тиым салынды.
■ Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын
жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл
комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.
■ Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге
аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек
бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен,
құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң
шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-
жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен,
іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да
демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық
кеңеске 5 – 8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау негізінде
жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз
жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар
“тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті
мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.
■ Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында
аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.
Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин
тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1- хатшысы болып Д.А.
Қонаев сайланды.
■ Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында да үлкен қиыншылық
тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің
соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының
азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келдірді. Аталған кезеңде дүниеге
келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл
еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді.
Кенесары хан бастаған қазақ халқының
ұлттық-азаттық көтерілісінің тарихын
зерделеуде Бекмахановтың рөлі.
■ КСРО ҒА тарих Институты Ғылыми кеңесі отырысындағы талқыланған Е.Б.
Бекмаханов кандидаттық және докторлық диссертациясы стенограммасы
сталинизм идеологиясы басталғаннан кейінгі және дейінгі Қасымұлы қозғалысы
мен тұлғасы үлкен қызығушылық туғызады.
■ Е.Б. Бекмахановтың кандидаттық диссертацияны қорғау кезіндегі бір сөзінде, былай
деген болатын: «Кенесары Қасмұлы көтерілісі айқын антиотарлық сипатта болды. Бұл
қазақ халқы тарихында үлкен прогрессивті рөл ойнады... Бұл мектептен Амангелді
Иманов, атасы, әкесі және Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан барлық туыстары
шықты. Осы көтерілістің дәстүрлері Кеңестік билікке қарсы күрескен қазақ халқының
кейінгі ұрпақтары азаматтық соғыс жылдарында қолданды».
■ К.Қасымұлы әрекетінің алға басушылығын Е.Б. Бекмаханов үш фактормен көрсетті:
1. Ресей боданындағы Қазақстанның егемендігін талап ету.
2. Кенесарының қазақ халқын біріктіріп, ұлттық мемлекет құруға ұмтылуы.
3. Қазақ халқы ұлт-азаттық тарихында ең ұзаққа созылғаны болып, бұл қазақ жерінде орыс
патшалығының қанау мерзімін созды және әрі қарайғы күреске қазақ бұқарасына әскери
дайындық болды
■ Сол уақыттың өзінде Е. Бекмаханов К.Қасмұлы қозғалысына арналған революциядан кейінгі
авторлар зерттеулерінде орын алған екі тенденцияны анықтап берді. «Олардың біреуі
тұрпайы-социолистік көріністен қорытынды жасай К.Қасмұлы көтерілісін ол феодал және
хан болғысы келгендіктен ғана кертартпа деп есептеді. Келесі тенденция, буржуазиялық-
ұлтшыл авторлар зерттеулерінде орын алған, Кенесарыны революционер және демократ деп
есептеді»
■ Е.Б. Бекмаханов К.Қасымұлы қозғалысының феодалдық негізін жоққа шығарған
жоқ: «Кенесары құрған мемлекет — феодалды мемлекет болды. Мұның себебі,
қазақ қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі Кенесары қайта
жасауымен өзгерген жоқ. Өндірістік қатынастың феодалдық сипаты Кенесары
арқылы күшее түсті. Ол Қазақстан территориясын өзінің хандық тұқымының
меншігі деп қарады, ол жайында өз сөзінде бірнеше рет атап көрсетті». Сонымен
қатар ресми иедологияның жақтаушылары Кенесары хандық билікті және өз ата-
бабаларының орта ғасырлардағы тәртіптерін қалпына келтіргісі келіп, Қазақстан
Ресей боданынан қайткен күнде де алып шыққысы келді деп есептеді. Сонымен
бірге олар Ш.Уәлихановтың сөзіне шағым түсірді: «Оның балаларға қоятын
міндеті, оның әмір темірлің саясатының жалпы сипатын көрсетеді: ол (Аблай)
қырғыз тайпаларының руаралық істерін толық шешпеуге кеңес береді, өйткені
келіспеушілік және алауыздық қана хандық биліктің берік тірегі болады».
Қорытынды
■ Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем
идеологияға айналды. Ұлттық мәселелердің барлығы тек интернационалдық
тәрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде ұлыдержавалық
шовинизм жатты. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие
болып, көбірек дәріптелді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Мажитов С. Ф. Народно-освободительное движение в Казахстане XVIII — начала XX
вв.: проблемы истории, теории и историографии: Диссертация на соискание ученой
степени доктора исторических наук Республика Казахстан.: — Алматы, 2007.- 224 б.
2. Якунин А. К вопросу об оценке характера национальных движений 30-40-х XIX века в
Казахстане // Вопросы истории. — 1951.
3. Обсуждение монографии Е. Бекмаханова «Казахстан в 20-40-е годы XIX века» //
Вестник КазССР. — 1948.
4. Середа Н. Бунт киргизского султана Кенесары Касымова (1843-1847 гг.) // Вестник
Европы. — 1870.
5. Сүтеева Қ. А. Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының қазан төңкерісіне дейінгі орыс
тарихнамасындағы негізгі концепциялары // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы- 2009.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz